Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Мәулен Әшімбаев «KPI» ЖШС өндірісімен танысты

05.01.2024

Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев сенаторлардың өңірлерге сапары аясында еліміздегі газ-химия кешені «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» компаниясына келді. Кездесуде өңдеу өнеркәсібін, экономиканың жаңа салаларын дамыту және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев бүгінде зауыттың бірнеше марканы игеріп, оны елімізге және экспортқа жөнелтіп жатқаны туралы баяндады.

— Ресми іске қосылғалы кешен 210 мың тоннадан астам полипропилен өндірді. Алынған шикізатты Қазақстаннан бөлек, Еуропа, Қытай, Ресей мен Түркияға экспорттаудамыз. 2023 жылы отандық полимер бизнесінде сұранысқа ие полипропиленнің 5 сорты бойынша тапшылық мәселесін толығымен шештік. Жалпы ішкі нарықта өндірістік қажеттілікті қамтамасыз ету үшін полипропиленнің 7 сорты қажет. Ақпан айында қосымша 2 жаңа марка енгізіледі. Осылайша ішкі нарықтың брендке сұранысы қанағаттандырылады. 2024 жылы ассортимент санын көбейтумен қатар, ішкі нарықта полипропиленге сұраныс көлемі 30 мың тоннаға дейін өседі деп күтудеміз, — деді ол.

«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» кешенінде 628 адам жұмыс істесе, компанияға қарасты мердігер мекемелерде  1000-ға жуық адам қызмет етеді.

— Біз үшін ең бастысы — адам капиталының дамуы. Осы жолда қызметкерлер сапалы жұмыс істеуі үшін үнемі олардың біліктілігін арттырып, әлеуметтік жағдайын жақсартып отырмыз. 2022 жылы 123 қызметкерге жарнасыз, пайызсыз баспана бердік. Алдағы уақытта да әлеуметтік жобаларды көбейте береміз, — деді басқарма төрағасының міндетін атқарушы Болат Абдуалиев.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>