Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГазда мұнай өңдеу мен мұнай химиясының озық технологиялары талқыланды

22.01.2025

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) мұнай өңдеу және мұнай-химия блогының мамандары, сондай-ақ еншілес ұйымдардың Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ), Павлодар мұнай-химия зауытының (ПМХЗ) және Шымкент мұнай өңдеу зауытының (ПКОП) өкілдері бейінді технологиялық семинарға қатысты. Іс-шараны ҚМГ мұнай өңдеу және мұнай химиясы департаментінің техникалық даму басқармасы ұлттық компанияның американдық Lummus Technology компаниясымен жасалған ұзақ мерзімді ынтымақтастығы шеңберінде ұйымдастырды.

Семинарда таза отын өндіру, дистилляттарды гидроөңдеу, қалдықтарды қайта өңдеу технологиялары, каталитикалық крекинг технологиялары және бензиннің жоғары октанды компоненттерін өндіру, сутегі мен күкірт өндіру технологиялары қарастырылды.

Мұнай-химия өнімдерін өндіру технологияларын МӨЗ схемаларына интеграциялау жеке тақырып ретінде талқыланды.

Мұнай өңдеу және мұнай химиясының озық технологиялары бойынша тәжірибе мен білім алмасуға мүмкіндік беретін мұндай кездесулер ҚазМұнайГазда тұрақты түрде ұйымдастырылады. 2024 жылы Axens и Shell Catalysts & Technologies (SC&T) компанияларымен бірге осындай техникалық семинарлар өтті.

Анықтамалық ақпарат:

Lummus Technology – мұнай өңдеу және мұнай химиясы бойынша технологиялық шешімдерді әзірлейтін әлемдік көшбасшы. Компания таза отын, гидроөңдеу, жаңартылатын өнімдер мен мұнай-химия, полимер өндіру және газ өңдеу технологияларын лицензиялайды. Lummus Technology сонымен қатар бүкіл әлем бойынша тапсырыс берушілерге катализаторларды, меншікті жабдықтарды және цифрлық шешімдерді жеткізеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>