ҚазМұнайГазда мұнайды терең өңдеу саласындағы озық технологиялар талқыланды
19.02.2025
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның мұнай өңдеу және мұнай химиясы бағытының мамандары, сондай - ақ ұлттық компанияның еншілес ұйымдары – Атырау мен Шымкент мұнай өңдеу зауыттарының (АМӨЗ, ПҚОП) және Павлодар мұнай-химия зауытының (ПМХЗ) өкілдері кезекті салалық технологиялық семинарға қатысты. Бұл жолы іс-шара ҚМГ-ның француздық Axens компаниясымен ұзақ мерзімді ынтымақтастығы аясында ұйымдастырылды.
Axens компаниясының вице-президенті Ромейн Ру бастаған делегаттар семинар барысында өздерінің әдістемесі бойынша әзірленген жоспарын (мысалдар талданған маркетингтік зерттеу) және ПМХЗ, ПҚОП-ты жаңғырту жобасына шолу ұсынды. Кәсіпорындарды шикі мұнайдың қасиеттеріне және зауыттардың өндірістік мақсаттарына байланысты жаңа өнім түрлерін шығару мүмкіндіктері, нарықта бар осындай қайта бағдарланудың қолайлы технологияларын анықтау әдістері қаралды.
Семинар кезінде мұнай өңдеу зауыттарында авиакеросин өндірудің өзекті мәселелері, оның ішінде ТС1 маркасынан Jet A1 маркасына көшу, сондай-ақ этанолдан өндірілетін реактивті отын – SAF-ты қоса алғанда, жаңартылатын отын түрлерін өндіру тақырыбы талқыланып, қатысушылар пікірлерін ортаға салды.
Мұнай өңдеу және мұнай-химия саласында практикалық тәжірибе мен озық біліммен алмасуға мүмкіндік беретін осындай кездесулер ҚазМұнайГазда тұрақты ұйымдастырылып келеді. Бұған дейін Axens, Shell Catalysts & Technologies (SC&T) және Lummus Technology компанияларымен осындай семинарлар өткен болатын.
Анықтама:
Axens - штаб-пәтері Францияда орналасқан халықаралық компания. Ол мұнай мен биомассаны таза отынға айналдыру, негізгі мұнай-химия жартылай өнімдерін өндіру мен тазарту, пластмассаны химиялық өңдеу, табиғи газды өңдеу мен түрлендіру, сутекті тазарту және тасымалдау, суды тазарту және көміртекті тұту шешімдерінің толық қызметін ұсынады.