Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаздың қолдауымен Арал теңізінің құрғаған табанына 4,4 млн-нан астам сексеуіл көшеттері егіледі

05.04.2024

Бүгін, 5 сәуірде ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, сондай-ақ Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев Арал теңізінің құрғаған табанына сексеуіл көшеттерін отырғызу шарасына қатысты.

Бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді көгалдандыру жөніндегі экологиялық бастамасын қолдау мақсатында іске асырылып отыр.

«Қазақ халқы сексеуіл ағашын ежелден қасиет тұтқан. Табиғаттың қорғаны, тіршіліктің жаңаруын білдіретін бұл өсімдіктің бағасы бөлек болған. Біз кәсіпорындарымыз орналасқан өңірлерді көгалдандыру жұмысына белсенді атсалысып келеміз. ҚМГ құрғаған Арал түбінде 15 мың гектар алқапқа 4 миллионнан астам сексеуіл көшетін отырғызу бойынша міндеттеме алды. Осылайша, компанияның жасыл экономиканың дамуына және табиғатты болашақ ұрпақ үшін қорғап қалуға қосқан үлесін арттырамыз. Сондай-ақ бұл — тұрақты даму қағидаттарын берік ұстанатынымыздың іс жүзіндегі көрінісі», — деді Мағзұм Мырзағалиев.

Егілген сексеуіл көшеттері Арал теңізінің құрғау салдарынан жыл сайын пайда болатын шаң мен тұздан қорғауға көмектеседі. Сонымен бірге бұл өңірдегі жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтап қалып, шөлейттену процесін баяулатуға мүмкіндік береді.

Осылайша, ҚазМұнайГаз еліміздің экономикалық дамуына үлес қосып қана қоймай, әлеуметтік салаға және экологиялық жобаларға көрсеткен қолдауын арттырып отыр.

Сексеуілдің басқа өсімдіктерден ерекшелігін айтсақ, бір түп сексеуіл төрт мың тонна құм көшінен сақтай алады. Жеті жылдан кейін 15 мың гектар жерге егілген сексеуіл ағаштары 15 мың тонна тұз, шаң мен құмның ауаға тарауын тоқтатып, ұстап қалатын болады.

Сексеуіл ағаштарының аймақтағы мал шаруашылығына да пайдасы бар. Себебі сексеуіл өскіндері мал-жануарға азық бола алады.

Жобаны ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» іске асыратын болады.

Жалпы, «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы елімізді көгалдандыру ісіне өз үлесін қосып, өңірлерде ағаш егуді дәстүрге айналдырған. Мысалы, 2023 жылы ҚазМұнайГаз өз күшімен шамамен 40 мың жасыл желек отырғызды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>