Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«Самұрық-Қазына» қорының жекешелендіру бағдарламасы бойынша ел аймақтарында 100-ден аса кездесу өтті

04.10.2022

2022 жылдың 3 қазанында «Самұрық-Қазына» АҚ, AIX пен KASE қазақстандық қор биржаларының және брокерлік-дилерлік ұйымдардың өкілдері жекешелендіру бағдарламасының мәселелері бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

Шара «Самұрық-Қазына» қорының IPO тақырыбы бойынша Қазақстанның барлық өңірлерінде халықпен ақпараттық-түсіндіру кездесулері аясында ұйымдастырылғанын атап өткен жөн. Түсіндіру науқаны қыркүйектің 16-ы басталып, еліміздің 60-тан астам қаласында өтті. Соңғы кездесулер Астана және Алматы қалаларында өтеді деп жоспарлануда.

Сарапшылар ұлттық компания қызметкерлерін «Самұрық-Қазына» қорының жекешелендіру бағдарламасының және портфельдік компаниялардың IPO-ның іске асырылу барысымен таныстырды. IPO бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері, қанша акция сатып алуға болатыны, инвестор пайдасы мен тәуекелдері жайында ақпарат берді.

«Инвестор әрбір компанияның өндірістік және қаржы көрсеткіштеріне ерекше назар аударып, оларды мұқият талдауы керек. Компанияның маңызды көрсеткіштерінің бірі еркін ақша ағыны екенін атап айтамын. Осы көрсеткіштің негізінде компания міндетті емес төлемдерді жүргізеді. Мысалы, жаңа жобаларға инвестиция құя алады, қарызын мерзімінен жауып немесе акционерлерге дивиденд төлей алады. Акцияларға дивиденд компанияның қаржылық жағдайына байланысты төленетінін тағы бір ескертемін», - деді «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік қаржыландыру басқармасының бастығы Айнур Әліпбаева.

IPO және Қордың жекешелендіру бағдарламасы туралы толық ақпаратты ipo.sk.kz интернет-ресурсынан оқуға болады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>