Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«Самұрық-Қазына» қорының Қоғамдық кеңесі «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның IPO-ға дайындығын талқылады

10.10.2022

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның IPO бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары шеңберінде, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Қоғамдық кеңесі сыртқы сарапшылардың, биржалар (KASE, АХҚО) басшыларының, қоғам өкілдерінің, қаржыгерлер мен миноритарийлер қауымдастығының, инвестициялық банкирлердің, экономистердің, сондай-ақ БАҚ-тың қатысуымен ашық отырыс өткізді.

Күн тәртібіндегі басты мәселе – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның IPO-сы: дайындық жағдайы және алғышарттары. Қордың Даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Е. Жанәділ спикер ретінде сөз сөйледі. «Самұрық-Қазына» қоры Қор тобының активтерін бәсекелестік ортаға беру, атап айтқанда, ірі ұлттық компаниялардың IPO-сы жөніндегі жоспарлар мен тәсілдер туралы ақпаратты түсіндіру үшін бүкіл елде азаматтармен ақпараттық-түсіндіру кездесулерінің науқанын өткізуде. Ағымдағы жылдың 4-ші тоқсанында «ҚазМұнайГаз» компаниясының IPO-сын AIX және KASE – жергілікті қор биржаларында өткізу жоспарланып отыр, оның шеңберінде бірінші кезекте, Қазақстан азаматтарына басымдық берілетін болады. Қор әрдайым Қордың ірі компанияларының жекешелендіру және IPO мәселелері бойынша қоғаммен ашық диалогқа дайын.», -  екенін айтты.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылығы компанияның қазіргі қызметі, негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштері мен өсу перспективалары туралы ақпарат ұсынды.

«IPO қарсаңында «ҚазМұнайГаз» компаниясы өзінің 2031 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мен даму стратегиясын жаңартты. Компанияның өсу нүктелерінің арасында геологиялық барлау саласындағы белсенді жұмысты атап өткім келеді. Біз геологиялық барлау жобаларын құрлықта да, теңізде де дамытудың перспективаларын көріп отырмыз. Сонымен қатар, Қашаған мен Теңіз ірі жобаларымызда мұнай өндіруді ұлғайту жоспарланып отыр. Мұнай-газ химиясының дамуын ерекше атап өткен жөн: полипропилен өндіретін зауыт іске қосу сатысында, полиэтилен және бутадиен жобалары бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде», - деді «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаев. 

Отырыс ашық диалог форматында өтті. Қатысушылардың әрқайсысы «ҚазМұнайГаз» компаниясының IPO-сы туралы, сондай-ақ жалпы жекешелендірудің тәуекелдері мен мүмкіндіктері жайында өз пікірлерін білдіре алды. Қоғам өкілдерін ҚМГ-ның алдағы жылдардағы даму стратегиясы мен болашақ жоспарлары ерекше қызықтырды. 

ҚМГ-ның Қазақстанда мұнай-газ химиясын дамыту жоспарлары - пікірталас тақырыбының бірі болды Бірқатар сарапшылар, компания шикізатты өңдеуге емес, өндіруге назар аударуы керек деп санайды. Дәурен Қарабаев мұнай-газды қайта өңдеу әлемдік нарықта қазақстандық көмірсутектердің қосымша құнын тудыратынын атап өтіп, бұған келіспеді. Бұл пікірді Болат Жәмішев те қолдады. Оның айтуынша, Қазақстанда мұнай-газ химиясын дамыту – ел басшылығы мен Мемлекет басшысы белгілеген басымдықтардың бірі.

Отырыс қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» қорының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Болат Жәмішев ағарту науқанының тиімділігін түсіндіру кездесулеріне келгендер санымен емес, ашылған брокерлік шоттар санымен бағалау қажет екенін атап өтті.  

Ол азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін жүйелердің техникалық жағынан дайын болуын, оның ішінде ең жоғары мөлшерде өтінім беру кезінде техникалық жағынан қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>