Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ және Samsung E&A ынтымақтастық перспективаларын қарастырды

08.09.2026

Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Samsung E&A» компаниясының басшысы Хонг Намкунгпен кездесті.

Тараптар мұнай өңдеу секторындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын қарастырды. Атап айтқанда, кореялық компанияның Қазақстандағы мұнай өңдеу кәсіпорындарын жаңғыртуға қатысу мүмкіндіктері талқыланды.

Кездесуде «Samsung E&A» компаниясының мұнай өңдеу, мұнай химиясы және энергетика саласындағы ірі жобаларды іске асыру бойынша мол тәжірибесі атап өтілді. Бұл ретте ҚМГ озық технологияларды енгізу үшін бірлесіп жұмыс істеуге қызығушылық танытты.

Келіссөз соңында тараптар негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін білдірді.

Анықтама:

«Samsung E&A Co., Ltd.» - 1970 жылы құрылған, Samsung Group құрамына кіретін Оңтүстік Кореяның жетекші инженерлік және EPC компаниясы. Негізгі қызмет бағыттары – мұнай өңдеу мен мұнай химиясы. «Samsung E&A» 48 елде жұмыс істейді және Таяу Шығыс, Азия, Еуропа мен АҚШ-та 1000-нан астам жобаны жүзеге асырды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>