Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз бен Samsung E&A ынтымақтастықты кеңейтуде

15.09.2026

Сеул қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов бастаған делегация Samsung E&A штаб-пәтеріне барды.

ҚМГ өкілдері кореялық компанияның атқарушы вице-президенті және сату мен бизнесті дамыту жөніндегі жетекшісі Роберт Юнмен кездесті.

Тараптар екіжақты серіктестікті одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Samsung E&A-ның Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік қуатын арттыру жобаларына қатысу мүмкіндігі қаралды.

ҚМГ делегациясына Samsung E&A-ның негізгі жобалары мен технологиялық шешімдері таныстырылды. Айта кетейік, кореялық компанияның негізгі қызмет бағыттарына инжиниринг және мұнай өңдеу және мұнай-химиясы зауыттарының құрылысын жүргізу кіреді. Сонымен қатар Samsung E&A баламалы энергетика, экология, сумен қамтамасыз ету және биотехнология салаларындағы бастамаларға басымдық береді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>