Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қазақстандағы SAF жобасы келесі кезеңге өтуде

23.07.2026

Астана қаласында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС (ҚМГ-Аэро — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы), «KazFoodProducts» ЖШС және америкалық KBR компаниясы маңызды келісімдерге қол қойды. Олар Қазақстанда тұрақты авиациялық отын (Sustainable Aviation Fuel, SAF) өндіретін алғашқы зауыт салу жөніндегі жобаны іске асырудың жаңа кезеңіне жол ашады.

Тараптар «Process Design Package» (болашақ өндірістің жобалық құжаттамасының базалық пакеті) әзірлеуді көздейтін екі үшжақты келісім, сондай-ақ «Alcohol-to-Jet» процесін (спирттік шикізаттан авиациялық керосин алу) қамтитын PURESAF℠ технологиясын пайдалануға арналған лицензиялық шарт жасасты.

Құжаттар жобаны іске асырудың келесі кезеңіне өту үшін қажетті ұйымдастырушылық, құқықтық және технологиялық негіздемені қамтамасыз етеді.

Мемлекет басшысының Қазақстанды дамыған транзиттік әлеуеті бар халықаралық авиациялық хабқа айналдыру жөніндегі тапсырмасы аясында бұл жобаны іске асыру ерекше маңызға ие. Сонымен қатар ол отандық ауыл шаруашылығы шикізатын төмен көміртегі ізі бар отын шығаратын жоғары технологиялық өндіріс тізбегімен біріктіруге мүмкіндік береді.

Жалпы, бұл бастама авиация саласын декарбонизациялауға және Қазақстан Республикасының парник газдары шығарындысын қысқарту жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындауға бағытталған. 

Анықтама: 

Kellogg Brown & Root LLC (KBR) — штаб-пәтері Хьюстонда (АҚШ) орналасқан, 80-нен астам елде энергетика және тұрақты технологиялар шешімдерін ұсынатын халықаралық инженерлік-технологиялық компания. 

«KazFoodProducts» ЖШС — қазақстандық ірі агроөнеркәсіптік холдинг. Оның құрамына астықты терең өңдеуге және биоэтанол өндіруге маманданған BioOperations зауыты кіреді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>