ҚМГ басшылығы мұнай-газ саласының ардагерлерімен кездесті
14.03.2025
«Мұнай-газ кешенінің ардагерлері» РҚБ өкілдерімен кездесу барысында ҚМГ-ның 2024 жылы атқарған қызметінің негізгі қорытындылары мен 2025 жылға арналған жоспарлары талқыланды.
Сонымен бірге компанияның ел экономикасына қосатын үлесі, өндірістік көрсеткіштері, әлеуметтік бастамалары мен алдағы даму бағыттарына қатысты мәселелер қозғалды. Тұрақты дамуға, операциялық тиімділікті арттыруға және жаңа технологияларды енгізуге ерекше мән берілді.
ҚМГ басшысы ардагерлерді Амал күнімен құттықтап, олардың саланың өркендеуіне қосқан үлесін атап өтіп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және амандық тіледі.
— Сіздердің көп жылғы қажырлы еңбектеріңіз бен үлгі-өнегелеріңіз — Қазақстанның мұнай-газ саласының бүгіні мен болашағының алтын көпірі, — деді А.Хасенов.