Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» Орал қаласында көпфункционалды спорт кешенінің құрылысын бастады

27.07.2023

27 шілдеде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев және Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласында көпфункционалды спорт кешенінің құрылысын салтанатты түрде бастап берді.

Іс-шарада сөз алған ҚМГ басшысы М.Мырзағалиев жоба Мемлекет басшысының биыл 9 наурызда Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында берген тікелей тапсырмасымен іске асырылып отырғанын атап өтті. «Президент халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау мен жастар арасында спортты дәріптеудің айрықша маңызын үнемі алға тартып келеді», — деп атап өтті М.Мырзағалиев.

«Компаниямыз үшін бұл тұрақты даму бойынша алған міндеттеріміздің бірін орындау ғана емес, бұл — «ҚазМұнайГаздың» басты құндылықтарының бірі жауапкершілік пен қоғамға деген қамқорлығының көрінісі. Былтырдың өзінде ұлттық компания қайырымдылыққа шамамен 13 млрд теңге, өңірлердің әлеуметтік дамуына 12 млрд теңге бөлгенін атап өту керек. Бұл қаражатқа тұрғын аудандар мен қаланың көрікті жерлерінде абаттандыру жұмыстары жүріп, мектептер мен ауруханалар, спорт алаңдары мен өзге де нысандар салынып жатыр», — деп қосты ұлттық компания басшысы.

Спорт кешені Орал қаласының 10-шағын ауданында салынады. Жоспар бойынша құрылысы 2024 жылдың соңында аяқталады.

Спорт кешенінде жарыстар өткізумен қатар, спортшылардың жаттығуына барлық мүмкіндік жасалады. Ғимарат ішінде жүгіруге арналған 150 метрлік жолағы бар, ядро итеруге, биіктікке, сырықпен, ұзындыққа секіруге, садақ атуға арнайы жабдықталған жеңіл атлетика аренасын салады.

Аренада 1200 орынға арналған трибуна болады. Сонымен қатар спорт кешенінде 25 метрлік бірнеше жолағы бар бассейн салу, пневматикалық тир, жартасқа өрмелеу алаңын, үстел теннисін, батут, күрес және бокс залдарын ашу жоспарда бар.

ҚМГ Басқарма төрағасы мердігерлерге қарата айтқан сөзінде құрылыс сапасы ұдайы бақылауда болатынын, себебі жергілікті спортшылардың алдағы дайындығы осы жұмыстың сапасына байланысты екенін атап өтті.

«Осы жерде бой көтеретін кешен нағыз спорт тарландарын, миллиондаған адамға үлгі болатын болашақ чемпиондарды тәрбиелеп шығаратынына кәміл сенеміз. Заманауи архитектуралық шешімдердің арқасында кешен қалаға ерекше көрік беріп, Оралдың көз тартар көркем жерлерінің біріне айналатыны сөзсіз», — деді ҚМГ Басқарма төрағасы М.Мырзағалиев.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>