ҚМГ мен Rystad Energy мұнай-газ саласындағы жаһандық трендтерді қарастырды
13.05.2026
Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Rystad Energy» дамушы нарықтар мен ұлттық мұнай компаниялары дивизионының басшысы Шрайнер Паркер бастаған делегациямен кездесті.
Кездесу барысында алдағы ынтымақтастық перспективалары талқыланып, мұнай-газ саласындағы жаһандық трендтер бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар Таяу Шығыстағы дағдарысты қоса алғанда, әлемдік энергетика нарығындағы ағымдағы жағдайға ерекше назар аударылды.
Тараптар кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растады.
Анықтама:
Rystad Energy — зерттеу және энергетикалық талдау саласындағы жетекші тәуелсіз халықаралық компания, штаб-пәтері Осло қаласында (Норвегия) орналасқан. Компанияның өнімдері мен шешімдері мұнай-газ саласын, жаңартылатын энергия көздерін, таза технологияларды, жеткізу тізбегін және электр энергиясы нарықтарын қоса алғанда, жаһандық энергетикалық негізгі көрсеткіштердің түрлі аспектілерін қамтиды.