Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» басшылығы Рожков газ конденсат кен орнын пайдалануға беру алдындағы дайындықпен танысты

27.07.2023

27 шілдеде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Рожков газ конденсат кен орнына барды. Кен орны Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында орналасқан (игерумен «Орал Ойл энд Газ» ЖШС айналысады).

«Орал Ойл энд Газ» ЖШС бас директорының орынбасары Данияр Оразбаев жобаны іске асыру барысы туралы баяндады.

Баяндама қорытындысы бойынша М.Мырзағалиев кен орнын уақтылы пайдалануға берудің маңызын атап өтті. «Мемлекет басшысы былтыр қазан айында өткен энергетика саласын дамыту жөніндегі кеңесте тауарлық газ өндірісін арттыруды тапсырды. Ұлттық компания бұл бағытта кешенді жұмыс жүргізіп жатыр, газ жобаларын дамыту жоспары әзірленді. Биыл Қызылорда облысында 100 млн текше метр газ беретін Оңтүстік Ақсай кен орнын іске қостық. Жыл соңына дейін Рожков кен орны пайдалануға беріледі, мұнда жылына 1 млрд текше метр газ өндіру мүмкіндігі бар», — деп қосты ол.

Өз сөзінде М.Мырзағалиев сондай-ақ тауарлық газды жеткізу мәселесі әлеуметтік маңызға ие екенін, сондықтан барлық жұмыс уақытында орындалуы қажет екенін атап өтті. ҚМГ Басқарма төрағасының айтуынша, «Орал Ойл энд Газ» компаниясының басшылығы қаншалықты тиімді жұмыс атқарғаны осыған қарап бағаланады.

Сонымен қатар, ҚМГ басшысы кен орнында жүргізілетін басқа да жұмыс кезінде еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен қоршаған орта талаптарына ерекше назар аударуды тапсырды.

Кен орнынан шығатын шикі газ «Жайықмұнай» ЖШС газ өңдеу кәсіпорнына жіберіліп, одан әрі тауарлық газ ішкі нарыққа жеткізіледі. 

Анықтама: 

«Рожков» газ конденсат кен орны 2008 жылы ашылды. Кен орнында газ және конденсат өндіру келісімшарты (№4130-УВС-МЭ) 2015 жылы алынды. 

«Орал Ойл энд Газ» ЖШС үлескерлерінің қатарында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (50%), MOL (27,5%), FIOC (22,5%) бар.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>