Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ басшысы «Рожков» кен орнын игеру барысын тексерді

19.06.2025

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында «Рожков» газ конденсатты кен орнында болып, өндірістік нысандарды аралады және «Урал Ойл энд Газ» ЖШС-нің (УОГ — «Рожков» газ конденсатты кен орнының операторы) ағымдағы қызметіне қатысты жиналыс өткізді.

Кәсіпорынның бас директоры Аман Имандосов биылғы бес айдағы компания жұмысының негізгі көрсеткіштері туралы баяндады.

Жыл басынан бері кен орнында 191 млн текше метр газ және 143 мың тонна конденсат өндірілді.  Биылғы жоспар — 527 млн текше метр газ және 351 мың тонна конденсат. УОГ өндірген газдан айына 6 мың тоннадан аса сұйытылған көмірсутек газы шығарылады. Бұл Батыс Қазақстан облысының қажетін қамтамасыз етіп қана қоймай, артылған мөлшерін еліміздің басқада өңірлеріне жеткізуге мүмкіндік береді. 

Жиында 2026 жылдың соңына дейін тағы 3 ұңғыманы іске қоса отырып, кен орнын  игеру жобасының екінші кезеңін жүзеге асыру бағытына ерекше назар аударылды. Бұл тәулігіне 2 млн текше метр (жылына 700 млн текше метр) газ өндіру деңгейіне жетуге мүмкіндік береді. 

«Урал Ойл энд Газ» ЖШС өңірдің дамуына өз үлесін қосып келеді. 2025 жылдың төрт айында компания 4,5 млрд теңге салық төледі.  

 А.Хасенов кеңес қорытындысы бойынша «Урал Ойл энд Газ» ЖШС басшылығына 2025 жылға арналған газ өндіру жоспарын орындау және кен орнын игеру жобасының екінші кезеңін жеделдетіп іске асыру бойынша нақты тапсырмалар берді. 

«Рожков» газ конденсатты кен орнының операторы — «Урал Ойл энд Газ» ЖШС. Оның үлескерлері — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (50%), Мажарстанның MOL Caspian Oil and Gas Plc. (27,5%) және Қытайдың Sinopec компаниясының еншілес ұйымы — First International Oil корпорациясы (22,5%).

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>