Асхат Хасенов Рожков кен орнын жайластыру мен игеру жұмыстарының барысын тексерді
05.12.2025
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде Рожков газ конденсатты кен орнын жайластыру жобасын іске асыру барысымен танысты.
ҚМГ басшысы «Урал Ойл энд Газ» ЖШС (УОГ) өндірістік нысандарын, атап айтқанда, ұңғыма алаңдарын, газ жинау және тарату станцияларын аралап көрді. Қазіргі уақытта қолданыстағы барлық ұңғымада, сондай-ақ кран тораптары, газ жинау және тарату станциялары бар негізгі құбырдың 17,8 шақырымында жалпы құрылыс және монтаждау жұмыстары аяқталды. Жобалық жабдықты іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар А.Хасенов кен орынның операторы — УОГ компаниясымен атқарған жұмыстың қазіргі нәтижелері, 2026 жылға арналған жоспарлар және 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму мәселелеріне қатысты жиналыс өткізді. «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Рожков кен орнын дамытудың 2-кезеңінің жұмыс жобасын дайындауға кірісті. Бұл қолданыстағы ұңғымалар қорын және шикі газ өндіру көлемін тәулігіне 2 млн м³ дейін арттыруға жол ашады.
2025 жылғы 11 айда УОГ 312 мың тонна конденсат және 425,1 млн м³ шикі газ өндірді. Биылғы жоспар конденсат бойынша 351 мың тоннаны және газ бойынша 526,5 млн м³ құрап отыр. Қазіргі кезеңде УОГ ай сайын 6 мың тонна сұйытылған көмірсутек газын өндіру үшін шикізатпен қамтамасыз етеді.
Жиын қорытындысы бойынша ҚМГ басшысы «Урал Ойл энд Газ» ЖШС-нің алдына белгіленген өндірістік көрсеткіштерге жету, Рожков кен орнын жайластыру мен игеруге қатысты алдағы жоспарларын уақтылы әрі сапалы орындау бойынша нақты міндеттер қойды.