Акционерлер «Рожков» кен орнын толық көлемде игеру мәселелерін талқылады
12.09.2024
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «Урал Ойл энд Газ» ЖШС (УОГ – бұл ҚМГ, MOL Group және First International Oil Corporation бірлескен кәсіпорны) акционерлерінің өкілдері — MOL Group барлау және өндіру жөніндегі атқарушы вице-президенті Жомбор Мартонмен және Sinopec компаниясының шетелдік жобалар жөніндегі вице-президенті Чжао Гуанминмен кездесті.
Акционерлер ішкі нарықтағы тауарлық газ пайдалану бойынша өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру мақсатында газ өндіру көлемін ұлғайтудың маңыздылығын атап өтті.
Қазіргі уақытта өндіріліп отырған сұйытылған көмірсутек газдың көлемі Батыс Қазақстан облысының қажеттіліктерін толығымен жабады, сонымен бірге артылған мөлшерін еліміздің басқа өңірлеріне жеткізуге мүмкіндік бар.
Бизнес-серіктестер операторы УОГ болып табылатын «Рожков» кен орнын игеру жобасының екінші кезеңін іске асыру мәселелерін талқылады. УОГ басшылығына ұңғымаларды консервациядан шығару жұмыстарын жеделдету тапсырылды.
Анықтамалық ақпарат:
«Рожков» газ конденсатты кен орны (Батыс Қазақстан облысы) 2023 жылдың 21 желтоқсанда өнеркәсіптік пайдалануға берілген. Кен орнының операторы «Урал Ойл энд Газ» ЖШС.
«Орал Ойл энд Газ» ЖШС үлескерлері – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (50%), Мажарстанның MOL Caspian Oil and Gas Plc. (27,5%) компаниясы және Қытайдың First International Oil корпорациясы (22,5%) — Sinopec еншілес компаниясы. Кен орнының газ қоры — 26,9 млрд текше метр, конденсат-12,5 мың тонна. Жылдық газ өндірудің жоспарланған максималды көлемі — 1 млрд текше метр, ал конденсат — жылына 500 мың тоннадан астам.