Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының дауыс беру қорытындысы

03.06.2025

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «ҚазМұнайГаз», ҚМГ немесе Компания) 2025 жылғы 29 мамырда аралас форматта (ішкі және сырттай) өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысында (бұдан әрі – АЖЖЖ) дауыс беру қорытындысын жариялайды.

АЖЖЖ өткізу кезінде дауыс беруге құқығы бар акциялардың жалпы саны 609 530 441 құрады. Акционерлерді тіркеу журналына сәйкес 2025 жылғы 29 мамырда сағат 13:00-де (Астана уақыты бойынша) жылдық жалпы жиналысқа қатысу үшін «Самұрық-Қазына» АҚ, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкілетті өкілін қоса алғанда, компанияның дауыс беретін акцияларының жалпы санының 97,53 %-не ие акционерлер (және/немесе олардың өкілдері) тіркелді. Осылайша, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңының 45-бабы 1-тармағына сәйкес АЖЖЖ өткізу үшін кворум қамтамасыз етілді және акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелері бойынша АЖЖЖ шешімдер қабылдауға құқылы деп танылады.

АЖЖЖ өткізу туралы хабарлама 2025 жылғы 14 сәуірде жарияланды. АЖЖЖ күн тәртібіндегі мәселелеріне қатысты материалдар акционерлер танысу үшін жиналыс өтетін күніне дейін кемінде 10 (он) күнтізбелік күн бұрын ұсынылды. Белгіленген мерзімде материалдар бойынша акционерлерден сұрақтар келіп түскен жоқ.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша акционерлер дауыс беріп, шешімдер қабылданды.

Мәселе атауы Қолдаймын % Қарсымын % Қалыс қалдым %
1. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 2024 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы 594 476 177 100% 0 0,00% 0 0,00%
2. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 2024 жылдың таза табысын бөлу тәртібі және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бір жай акциясына шаққанда дивиденд мөлшері туралы 594 476 177 100% 0 0,00% 0 0,00%
3. 2024 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне  қатысты акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы 594 476 177 100% 0 0,00% 0 0,00%
4. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 594 476 177 100% 0 0,00% 0 0,00%

2024 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд төлеу туралы

Акционерлер Компанияның дивидендтік саясатын, Директорлар кеңесінің ұсынымын басшылыққа ала отырып, 2024 жылғы аудиттен өткен қаржылық көрсеткіштер негізінде компанияның 2024 жылғы пайдасынан төленетін, ҚазМұнайГаздың бір жай акциясына шаққанда дивиденд мөлшерін 491,71 теңге (төрт жүз тоқсан бір теңге жетпіс бір тиын) көлемінде бекітті. Осылайша, жалпы дивиденд сомасы 300 001 855 903,03 теңгені (үш жүз миллиард бір миллион сегіз жүз елу бес мың тоғыз жүз үш теңге үш тиынды) құрайды.

2024 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд акционерлер тізілімінде 2025 жылы 30 мамырда жергілікті уақыт бойынша 00 сағат 00 минутта (GMT +5) тіркелген тұлғаларға 2025 жылғы 24 маусымнан бастап төленеді. 

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>