«ҚазМұнайГаз» CDP халықаралық климаттық есептілігінде рейтингісін көтерді
10.02.2025
ҚМГ Carbon Disclosure Project (CDP) халықаралық рейтингісінде «В» рейтингін алды. Бұрын бағалау деңгейі «С» болды.
Рейтингтің жоғарылауы климат мәселесіне қатысты компания тәсілдерінің едәуір жақсарғанын көрсетеді. Бұл қоршаған ортаны қорғау бағытында ҚМГ-ның тиімділігі артқанын растайды.
CDP – компаниялар мен үкіметтердің экологияға теріс әсерді азайту саласындағы жұмысын бағалайтын халықаралық рейтинг агенттігі.
CDP көміртегі туралы есеп берудің электронды дерекқоры - бұл корпоративті парник газдары шығарындылары (GHG) және климаттың өзгеруі стратегиялары бойынша әлемдегі ең үлкен тізім, оны компаниялар инвестициялық шешімдер қабылдау кезінде қолданады.
2000 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан көміртегі есептілігі жобасы аясында жыл сайын 28 мыңнан астам компания парник газдар шығарындылары, су ресурстарын басқару және биоәртүрлілікті сақтау туралы деректерді ұсынады.
ҚМГ-ның 2023 жылғы CDP сауалнамасы: