Президент атынан Республика күні қарсаңында мұнай-газ саласының қызметкерлері мен ардагерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026
Республика күні қарсаңында ҚазМұнайГаз компаниялар тобының қызметкерлері мен ардагерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградалар салтанатты түрде табысталды.
ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов әріптестерін ұлттық мерекемен құттықтап, еліміздің экономикалық дамуындағы мұнай-газ секторының стратегиялық рөлін атап өтті.
— Республика күні Қазақстанның егемендігін, еліміздің одан әрі өркендеуге деген ұмтылысын және халқымыздың бірлігін білдіреді. ҚазМұнайГаз компаниялар тобының қызметкерлері өздерінің адал әрі қажырлы еңбегімен еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосып келеді. Бүгін сіздерге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік наградалар табысталды. Бұл — сіздердің мұнай-газ саласын дамыту жолында атқарған көп жылғы адал еңбектеріңізге берілген жоғары баға, — деді А. Хасенов.
«Құрмет» орденімен:
- Күзембаев Береке Жұмағұлұлы — «Өзенмұнайгаз» АҚ көтергіш қондырғы машинисі;
- Медеуов Дүйсен Әбілбайұлы — «Су өндіру және тасымалдау басқармасы» ЖШС бас директоры;
- Оразбеков Марлен Армияұлы — «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК бизнесті қолдау жөніндегі басқарушы директоры;
- Есбергенова Айгүл Сағынайқызы — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бас бухгалтері марапатталды.
ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен:
- Омаров Әбдіжамал Рызабекұлы — «Oil Construction Company» ЖШС Қаламқас құрылыс-монтаждау қызметінің жоба жетекшісі марапатталды.
«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері:
- Ұзақбаева Айкүміс Самарханқызы — «KMG EP-Catering» ЖШС қоғамдық тамақтандыру асханасының аспазы;
- Етмышбаева Қарлығаш Халмырзақызы — «KMG EP-Catering» ЖШС қоғамдық тамақтандыру асханасының аспазы;
- Өтесінова Ақбибі Жалқышқызы — «KMG EP-Catering» ЖШС қоғамдық тамақтандыру асханасының аспазы;
- Қазиева Раушан Ұзақбайқызы — «Өзенмұнайгаз» АҚ персоналды басқару және дамыту департаментінің директоры;
- Абдуалиева Сандуғаш Қабдоллақызы — мұнай-газ саласының ардагері;
- Дарибаев Юлдашбай Абуұлы — мұнай-газ саласының ардагері;
- Ходжахметова Райса Қожамбердіқызы — «Өзенмұнайгаз» АҚ қабат қысымын сақтау цехының машинисі;
- Қуаншекенов Нұржан Ғайноллинұлы — «Oil Services Company» ЖШС «Қаламқас-Сервис» өндірістік басқармасының ұңғымаларды жерасты жөндеу цехының бастығы;
- Оразов Ғалымжан Жүсіпқалиұлы — «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС Жетібай электр станциясының учаске бастығы;
- Құлназаров Ерназар Жалғасбайұлы — «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС жоба директоры;
- Ақжанов Бекзат Серікбайұлы — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өндіруші және мұнай сервистік активтерді басқару басқармасының бастығы;
- Қайдагұлов Олжас Теміртасұлы — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өңдеу басқармасының бастығы;
- Уалиева Алтынай Төлегенқызы — «KMG Systems & Services» ЖШС бизнес серіктесі;
- Ешкеев Мұрат Жеңісұлы — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жетекші маманы;
- Чен Юлия Анатольевна — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қазынашылық басқармасының бастығы;
- Сембаев Равиль Алдабергенұлы — «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС Маңғыстау технологиялық көлік басқармасының көлік жүргізушісі;
- Азаматов Әлімхан Эльдаргаджиұлы — «Өзенмұнайсервис» ЖШС көтергіш қондырғы машинисі;
- Сранов Мұхтар Сүлейменұлы — «Мұнайтелеком» ЖШС технологиялық процестерді басқару жүйелерін автоматтандыру тобының жетекші инженері;
- Құтмамбетов Мажет Сәкенұлы — «„Қазгермұнай“ БК» ЖШС мұнай және газ өндіру департаменті директорының орынбасары;
- Жолбасаров Жаңалық Таңғалиұлы — «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС Маңғыстау технологиялық көлік басқармасының бастығы;
- Төретаев Асхат Жалғасұлы — «Oil Services Company» ЖШС «Жетібай-Сервис» өндірістік басқармасы бастығының орынбасары;
- Агатаев Айжарық Орысбайұлы — «Oil Construction Company» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің бастығының орынбасары.
Жалпы, ҚМГ компаниялар тобының 590 қызметкері мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.