Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

М.Мырзағалиев Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы жөндеуді уақтылы аяқтауды тапсырды

18.03.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев жұмыс сапарымен Шымкент мұнай өңдеу зауытына («ПҚОП» ЖШС) барып, кәсіпорындағы жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарының (ЖАЖ, жүріп жатқан жөндеу) барысымен танысты.

Қазіргі жөндеу жұмыстары бойынша зауыт жабдықтары 2023 жылдың 15 наурызынан 8 сәуіріне дейін уақытша тоқтатылады. Қысыммен жұмыс істейтін технологиялық жабдықтар мен құбырларды жөндеу және техникалық куәландыру, тексеру және өнеркәсіптік қауіпсіздігіне сараптама жүргізу жөніндегі іс-шаралар кешені жоспарланған.

Мұндай жөндеу мұнай өңдеу зауыттарындағы күрделі технологиялық жабдықтардың қалыпты жұмыс істеп тұруы үшін жыл сайын жүргізілуге тиіс екенін айта кету керек. Алайда, 2022 жылы ішкі нарықта жанар-жағармай тапшылығын болдырмас үшін Шымкент мұнай өңдеу зауытында жөндеу жүргізілген жоқ. Нәтижесінде, 2022 жылдың қорытындысы бойынша «ПҚОП» ЖШС рекордтық көлемде 6,2 млн тонна мұнай өңдеді.

Жұмыс кеңесінде М.Мырзағалиев Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары кезінде елімізде мұнай өнімдерінің жеткілікті қоры жиналғанын атап өтті. «ҚазМұнайГаздың» Атырау мен Павлодардағы мұнай өңдеу зауыттарының жүктемесі артты. Бұл ішкі сұранысты, оның ішінде көктемгі егіс жұмыстары кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жөнелту үшін жеткілікті жанар-жағармай қорын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Былтыр кәсіпорын үлкен жұмыс атқарды, жоспардағы барлық көрсеткішті орындады. Соның арқасында 2022 жылы ҚМГ зауыттары мұнайдың рекордтық көлемін өңдеді. Бұған кәсіпорын басшылығы мен қатардағы жұмысшылардың қосқан үлесі зор. Бүгінгі таңда Мемлекет басшысы зауыттың өндірістік қуатын арттыру және мұнай өңдеу көлемін жылына қазіргі 6 млн тоннадан кем дегенде 9 млн тоннаға дейін ұлғайту міндетін қойып отыр. Бұл тапсырманы орындау үшін барлық жағдай жасалғанына сенімдімін», — деп атап өтті ҚМГ басшысы.

Сонымен қатар, кеңес барысында М.Мырзағалиев қауіпсіздік шараларын барынша сақта й отырып, жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқтауды тапсырды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>