Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Атырау мұнай өңдеу зауытында бутендерді олигомеризациялау қондырғысының жылу алмастырғыш аппаратындағы газ жіберу фактісі жойылды

05.09.2024

Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) 4 қыркүйекте сағат 21.30-да қондырғының Е — 1604-жылу алмастырғыш аппаратынан газ кетуі себебінен бутендерді олигомеризациялау қондырғысы тоқтатылды. Туындаған мәселені жою жоспарына сәйкес, реактор блогы жүйесін газ қалдықтарынан алау құбырына тастау арқылы босату қажет болды. Алаудағы көмірсутек газы жанған кезде зиянды қоспалар түзілмейді. Құрамы бойынша бұл газ күнделікті өмірде қолданылатын тұрмыстық сұйытылған газға ұқсас.

Кәсіпорындағы жағдай бақылауда, ауадағы күкіртсутек, азот диоксиді және күкірт диоксиді рұқсат етілген шекті нормалардан аспайды.

Қазіргі уақытта газ жіберу фактісі жойылды. Қондырғыны іске қосу жүргізілуде. Технологиялық қондырғы штаттық өндірістік режимге шығады деп күтілуде.

АМӨЗ қайта жаңғыртылғаннан кейін күкірт диоксиді шығарындылары 12 есе азайғанын атап өтеміз. Өз кезегінде, Tazalyq жобасын іске асыру нәтижесінде зауыттың өнімділігі едәуір өсті (мұнай шламын өңдеу көлемі айына орта есеппен 12 мың текше метрді құрайды), ал зиянды заттардың шығарындылары ең төменгі мәндерге дейін қысқарды. Жетілдірілген тазарту жүйелері арқылы өтетін су булану өрістерінің тіршілігін қалпына келтіруге  мүмкіндік беретін ең қатаң экологиялық стандарттарға сәйкес келеді. Tazalyq жобасы судың сапасын жақсартып қана қоймай, аймақтағы табиғи тепе-теңдікті қалпына келтіруге жағдай жасады. 

Анықтамалық ақпарат:

Бутенді олигомеризациялаудың технологиялық қондырғысы сұйытылған мұнай газының қанықпаған қосылыстарын полимер бензин мен полимеркеросинге айналдыруға арналған. E-1604 жылу алмастырғыш аппараты — химиялық реакциялардың тиімді жүруі үшін қажетті температураны ұстап тұруға көмектеседі. Содан кейін алынған олигомерлер әртүрлі мұнай өнімдерін, соның ішінде жанармай мен жоғары октанды отын компоненттерін өндіру үшін қолданылады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>