Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қызылордада «Үздік маман-2022» байқауының финалы басталды

03.10.2022

3-6 қазан аралығында «Қазгермұнай» БК» ЖШС өндірістік нысандарында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының жұмысшылары арасында «Үздік маман» байқауының соңғы кезеңі өтіп жатыр.

Қызылордаға Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар облыстарының және Шымкент қаласының мұнай-газ саласындағы 17 жетекші кәсіпорнынан 120 қатысушы жиналды. «Үздік маман» байқауының соңғы кезеңіне өткен қатысушылар осыған дейін өз ұйымдарында іріктеу кезеңдерінде жеңіске жетіп, үздік атанды. Байқаудың мақсаты – өнеркәсіп жұмысшыларының арасында озық тәжірибелі мамандарды анықтау, жұмысшылардың кәсіби деңгейі мен теориялық даярлығын, өндіріс тиімділігін арттыру, олардың шығармашылық белсенділігін дамыту, сондай-ақ еңбектің озық әдістері мен тәсілдерін енгізу және мұнай-газ саласындағы жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру.

Байқауда мұнай және газ өндіру операторы,  ұңғымаларды зерттеу операторы, тауар операторы, қабат қысымын сақтау операторы, жөндеу және технологиялық жабдыққа қызмет көрсету слесарі, электргазбен дәнекерлеуші, электромонтер, химиялық талдау зертханашысы, технологиялық қондырғылар операторы, компрессорлық қондырғылар машинисі, ұңғымаларды күрделі жөндеу бригадалары, ұңғымаларды жерасты жөндеу бригадалары арасында үздік мамандар анықталады. 

Мамандар екі кезең бойынша сынға түседі. Біріншісінде  компьютердегі тест арқылы қатысушылардың теориялық білімі тексеріледі, ал екінші кезеңде байқауға қатысушылар «Ақшабұлақ» және «Нұралы» кен орындарында практикалық тапсырмаларды орындайды.

Қазылар алқасы қатысушылардың теориялық дайындық деңгейін, белгіленген уақытта практикалық тапсырманы орындау сапасын, еңбек қауіпсіздігі техникалары мен еңбекті қорғау қағидаларын сақтауын,  еңбек өнімділігін, жұмыста озық әдістерді қолдана білуін бағалайды.

Алдағы күндері жарыстың екі кезеңі бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының жұмысшылары арасынан үздіктері анықталады. 

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>