Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қызметкерлер – «ҚазМұнайГаздың» ең басты құндылығы

08.09.2022

8 қыркүйекте елордада «Өндірістік қауіпсіздік саласындағы көшбасшылық. Сын-қатерлер мен тәсілдер» тақырыбымен жыл сайынғы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бас директорларының VII форумы өтті. «ҚазМұнайГаздың» Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау қызметі ұйымдастырған форум саладағы өзекті мәселелерге арналды. Жиынға «Самұрық-Қазына» АҚ және ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшелері мен басшылығы, 30-дан астам еншілес және тәуелді ұйымдардың бас директорлары және мемлекеттік органдар мен ҚМГ-ның бірқатар шетелдік серіктестерінің өкілдері шақырылды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев алғы сөзінде қызметкерлер – компанияның ең жоғары құндылығы екенін атап өтті.

«Екі жыл бойы уақытымыз бен ресурсымыздың едәуір бөлігі пандемиямен күреске бағытталғаны белгілі, алайда бүгін біз қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мәселесіне барынша назар аударуымыз керек. Қызметкерлер – «ҚазМұнайГаз» үшін ең басты құндылық. Олардың өмірі мен денсаулығын сақтау – біздің басты міндетіміз. «ҚазМұнайГаздың» барлық қызметкері үшін еңбек және өндірістік тәртіптің талаптарын бұлжытпай орындау, қауіпсіз өндіріс мәдениетін сақтау басымдыққа айналуға тиіс», - деді компания басшысы.

Сонымен қатар, ҚМГ басшысы жылдан жылға өндірістік жарақат саны азаймай тұрған еншілес ұйымдардың барын айтып, оларды сынға алды. Осыған орай, ол басшылардың бірінші міндеті қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жарақат деңгейін төмендету екенін еске салды.

«Көшбасшы ретінде сіз әрдайым үлгі болып, қауіпсіздік мәселесіне жіті қарайтыныңызды көрсетіңіз. Қызметкерлеріңізден де соны талап етіңіз», - деп атап өтті М.Мырзағалиев.

ҚМГ басшысы еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мақсат «ҚазМұнайГаздың» жаңартылған 2031 жылға дейінгі даму стратегиясымен тығыз байланысты екенін алға тартты. Қоршаған ортаны қорғау бөлігіндегі басым бағыттар атмосфералық ауаға бөлінетін шығарындыларды басқару, шикі газдың алау түрінде босқа жағылуын қысқарту, су ресурстарын, өндіріс қалдықтарын басқару және жерді рекультивациялау мен биоәртүрлілікті сақтауды қамтиды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Джон Уолтон өз сөзінде жарақат пен өндірістік апаттарды болдырмай, нөлдік көрсеткішке қол жеткізу және экологиялық мәселелерді шешу ісінде басшылықтың жеке үлгісі ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

ҚМГ Еңбек және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Қайрат Сақтағанов 2021 жылдың және биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша баяндама жасады. Ол өз бағыты бойынша табысты және артта қалған кәсіпорындарды атап, ҚМГ-ның «HSE тиімділік дөңгелегі» корпоративті моделін таныстырды.  Онда еншілес компаниялар оқыс оқиғалардың нөлдік көрсеткішіне жету үшін орындауға тиіс 12 бағыт көрсетілген.

Сондай-ақ қатысушыларға өндірісте 5Z мәдениетін енгізу арқылы «Vision Zero» нөл жарақат қағидасын ұстанатын халықаралық концепция ұсынылды. Ол бойынша «бес нөл», яғни жазатайым оқиғасыз,  індетсіз, ластанусыз, қысымсыз және хабарсыздық болмауы керек ережесі негізге алынады.

Форумда сөз алған «North Caspian Operating Company» (NCOC) басқарушы директоры Оливье Лазар NCOC компаниясында технологиялық үдерістердің қауіпсіздігін басқару жүйесі қалай жұмыс істейтініне тоқталды. Ал «Теңізшевройл» ЖШС өндіріс жөніндегі бас менеджері Стивен Коннер HOP (Human & Organisational Performance, адам мен ұйымның өзара іс-қимылының тиімділігі) жүйесін енгізу тәжірибесімен бөлісті. Ал PricewaterhouseCoopers (PwC) сарапшысы Жазира Жанәділова тұрақты дамудың жаһандық трендтері мен NetZero халықаралық стратегиясын таныстырды. Қосымша панельдік сессияда еншілес ұйымдардың бас директорлары бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жетістіктері үшін бірқатар компаниялар марапатталды. Олардың қатарында «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша корпоративтік бастамаларды тиімді жүзеге асырғаны үшін), «Ембімұнайгаз» АҚ (көлік қауіпсіздігі саласындағы жобасын сәтті жүзеге асырғаны үшін), «Қаражанбасмұнай» АҚ (қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін), «ҚазТрансОйл» АҚ (озық тәжірибелерді тиімді енгізгені үшін), «Caspi Bitum» БК» ЖШС (өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы көшбасшылық пен бейілділігі үшін) және «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС (өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдарын тиімді енгізгені үшін) марапатқа ие болды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>