Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚР Энергетика министрлігі мен Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігі жел электр станциясын салу мәселелері бойынша үкіметаралық келісімге қол қойды

01.12.2022

2022 жылы 30 қарашада Париж қаласында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Франция Республикасының Үкіметімен «Жаһандық жылынуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты іске асыру туралы» арнайы келісімге қол қойды (Келісім).

Келісім республикалар арасындағы, атап айтқанда, декарбонизация және жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы ұзақ мерзімді екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.

ЖЭК-пен жасыл технологияларды өндіру жөніндегі арнайы Келісімнің мақсаттарына жауап беретін ірі жобаларды дамыта отырып, Қазақстан Республикасы 2030 жылға қарай электр энергиясын өндіруде жаңартылатын энергия үлесін 15%-ға дейін ұлғайту жөніндегі мақсатына жақындап келеді.

2026 жылы іске асыру жоспарланып отырған осындай ірі жобалардың бірі – ұзақ мерзімді электр энергиясын тәуелсіз өндіруші Total Eren және «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы Жамбыл облысында (Мирный кенті) салатын қуаты 1 ГВт, 300МВт-600МВтс энергия жинақтау жүйесі бар жел электр станциясы.

Осыған дейін Парижде аталған жобаны іске асыру мақсатында «Самұрық-Қазына» (20%), «ҚазМұнайГаз» (20%) және Total Open (60%) жобаны іске асырудың негізгі шарттары туралы келісімге қол қойды. Құжат бірлескен кәсіпорынды құрудың негізгі шарттарын, қатысу үлесін, мәмілені жүзеге асыру мерзімдері мен нысанын, қаржыландыру көздерін және т.б. белгілейді.

Қуаты 1 ГВт ЖЭС салу және оны пайдалануға беру Тараптардың көміртегі ізін азайту жөніндегі мақсаттарына сай келеді, сондай-ақ ҚР-ның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу туралы мақсатының орындалуына ықпал етеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>