Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ басшысы Мағзұм Мырзағалиев ресейлік серіктестермен бірқатар кездесу өткізді

25.11.2022

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев 24-25 қарашада Мәскеуге жұмыс сапарымен барып, ресейлік серіктестермен бірқатар кездесу өткізді.

М.Мырзағалиев «Транснефть» ЖАҚ президенті Николай Токаревпен кездесуде, ең алдымен, «Каспий құбыр консорциумы» (КҚК) теңіз терминалындағы жылжымалы айлақ құрылғысын жөндеуді аяқтау бойынша қабылданған шаралар үшін Ресей тарапына алғыс білдірді.

Келіссөз барысында М.Мырзағалиев КҚК қазақстандық тарап пен шетелдік акционерлердің күшімен халықаралық санкцияларға ілінбегенін, алайда КҚК-ға жабдықтарды жеткізу бойынша қиындықтар бар екенін атап өтті. «ҚазМұнайГаз» бұл мәселені шешу үшін өз тарапынан Қазақстан үкіметінің қолдауымен ЕО, АҚШ және Ұлыбританияның уәкілетті органдарымен консультациялар өткізіп жатыр.

«КҚК көпжылдық табысты әрі өзара тиімді халықаралық әріптестіктің үлгісін көрсетеді және ол акционерлер үшін жоғары табысты қамтамасыз етіп отырған ең тиімді экспорт бағыты», - деп атап өтті ҚМГ басшысы.

М.Мырзағалиев сондай-ақ Мәскеуде КҚК бас директоры Николай Горбаньмен кездесті. Тараптар ұзындығы 1 160 м болатын КҚК (203 км) – Қасымов мұнай айдау станциясы (КТО) құбырын (көпірі) қайта жаңарту және КҚК теңіз терминалына техникалық қызмет көрсету үшін жаңа кемелерді жеткізу бойынша жұмыс мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, Мәскеуде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылығы мен «Лукойл» ЖАҚ өкілдерінің Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы теңіз геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастығы бойынша іскерлік кездесулер өтті. Атап айтқанда, тараптар «Жеңіс» және «Қаламқас теңіз/Хазар» бірлескен жобаларын іске асыруды талқылады.

«Жеңіс» жобасы бойынша 1 желтоқсанда «Дада Гургуд» жартылай суасты бұрғылау қондырғысын орнатуды бастап, биыл 15 желтоқсанда бұрғылауды бастау жоспарланған. М.Мырзағалиев компаниялардың жұмыс барысында бетпе-бет келген сын-қатерлерге қарамастан, жобаны табысты жүзеге асыратынына үміт білдірді.

«Қаламқас теңіз/Хазар» жобасы бойынша 2022 жылы маусымда ҚМГ мен ЛУКОЙЛ бірлесіп іске асырудың коммерциялық шарттары бойынша қосымша келісімге қол қойды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасына көмірсутек шикізаты саласында жер қойнауын пайдалану үшін жақсартылған модельдік келісімшартты (ЖМК) қабылдау туралы өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. ЖМК қабылданғаннан кейін тараптар жер қойнауын пайдалануға келісімшарт алу және жасасу үшін Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне құжаттарды тапсыра алады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>