Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ Басқарма төрағасы М.Мырзағалиев Румынияның энергетика министрі В.Попескумен кездесті

07.10.2022

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Румынияның энергетика министрі Вирджил-Даниэль Попескумен кездесті.

Келіссөздер Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кеңсесінде өтті. Тараптар мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін шығару, ҚМГ-нің румын мұнай өңдеу зауыттарын мұнай ресурстарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ KMG International активтерінің, соның ішінде карбонсыздандыру аясындағы даму перспективалары саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

ҚМГ басшысы румын тарапына Petromidia МӨЗ-нің қажеттілігі үшін мұнайды қалыпты режимде жеткізуді жалғастыратынын айтты.

«Биыл «ҚазМұнайГаз» Ромпетрол компаниялар тобын (қазіргі KMG International) сатып алғанына 15 жыл толды. Осы уақытқа дейін бұл мәміле және одан кейін де Ромпетролдың дамуына салынған инвестициялар біз үшін ірі шетелдік инвестиция болды. Біз Ромпетрол бизнесінің дамуын жіті қадағалаймыз және оны стратегиялық маңызды актив ретінде қарастырамыз», - деді кездесу барысында М.Мырзағалиев.

Румынияның энергетика министрлігінің басшысы В.Попеску Қазақстанның елордасына 6-7 қазанда өтіп жатқан Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақ-румын үкіметаралық комиссиясының он алтыншы отырысына қатысуға келді.

Анықтама:

KMG International N.V. (ҚМГ-нің 100% еншілес компаниясы) Румыниядағы ең ірі мұнай өңдеуші және Қара теңіз аймағындағы ең заманауи кәсіпорын – «Petromidia» мұнай өңдеу зауытының (иелік ету үлесі – 54,63%), сондай-ақ Орталық және Шығыс Еуропадағы экстракциялық нафтаның жалғыз өндірушісі – «Vega» зауытының (иелік ету үлесі – 54,63%) меншік иесі. «Petromidia» МӨЗ-нің жобалық қуаты жылына 6,0 млн тонна. «Vega» МӨЗ-нің жобалық қуаты жылына 0,5 млн тонна.

KMG International компаниялар тобы Қара теңіз және Жерорта теңізі аймақтарында мұнай және мұнай өнімдерімен сауда операцияларын жүзеге асырады, сондай-ақ Еуропа елдерінде (Румыния, Молдова, Болгария, Грузия) «Rompetrol» маркасымен жанармай құю станцияларын және мұнай өнімдерін сату пункттерін басқарады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>