Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ Басқарма төрағасы KIOGE конференциясына қатысты

28.09.2022

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев «Мұнай және газ» — KIOGE-2022 қазақстандық халықаралық конференциясының «Мұнай-газ өнеркәсібін дамыту: Қазақстан Республикасы: жаңа сценарийлер» тақырыбындағы пленарлық отырысына қатысты.

Конференция 28-29 қыркүйек күндері Алматыда өтіп жатыр.

Сұрақ-жауап сессиясында М.Мырзағалиев «ҚазМұнайГаздың» Төмен көміртекті даму бағдарламасы туралы толығырақ айтып берді. Бағдарлама 2031 жылға қарай көміртегі ізін 2019 жылғы деңгейден 1,6 млн тонна СО2 газына төмендетуді көздейді.

«Көптеген мұнай-газ компаниялары секілді біздің де жоспар операциялық және энергетикалық тиімділігімізді арттырып, жаңартылатын энергия көздерін енгізуден және офсет саясатын іске асыру шараларынан тұрады», - деп атап өтті Басқарма төрағасы.

Компания басшысы ҚМГ өзінің дәстүрлі бизнесінен бас тартпайтынын мәлімдеді.

«Халықаралық энергетикалық агенттік атап өткендей, мұнай тұтынудың төмендеуіне қарамастан, ол кем дегенде 2040 жылға дейін әлемдегі негізгі энергия көзі болып қала береді. Сонымен қатар, сарапшылар мұнай химиясына сұраныс алдағы 20-30 жылда 2 есе өсетінін болжап отыр. Соңғы 10 жылда бұл сұраныс 50%-ға артты. Бұдан бөлек, құрылыс және ауыл шаруашылығы секторында да сұраныс артады: халық саны осы қарқынмен өсе берсе, бұл салаларда мұнай тұтыну көлемі 2050 жылға қарай 46%-ға ұлғаяды», - деді М.Мырзағалиев.

Сөзін қорытындылай келе, ҚМГ басшысы компания мұнай-газ химиясы есебінен активтер портфелін кеңейтуді, өндіру деңгейін бір қалыпта ұстап тұруды және тасымал бағыттарын әртараптандыруды жоспарлап отырғанын хабарлады. Одан бөлек, қоршаған ортаға бөлінетін көміртегі ізін азайту, өндірістегі жабдықтардың беріктігі мен энергия тиімділігін арттыру бойынша шаралар іске асырылатын болады.

Басқарма Төрағасы сондай-ақ «Атакент» Қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығының аумағында өтіп жатқан KIOGE көрмесіне барды.

«ҚазМұнайГаз» KIOGE көрмесінде қатысушыларға компанияның жүзеге асырылып жатқан инвестициялық және төмен көміртекті даму саласындағы жобаларын таныстырады. Сондай-ақ «Ембімұнайгаз» АҚ-ның 100 жылдығы жеке таныстырылды. 

Еске салсақ, қыркүйек айының басында «Ембімұнайгаз» АҚ ғасырлық мерейтойын атап өтті. Кәсіпорынның тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру үшін құрылған «Ембімұнай» тресінен бастау алады. 100 жыл ішінде Ембі мұнайшылары 188 млн тоннадан астам қара алтын өндірді.

Бүгінде «Ембімұнайгаз» – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобына кіретін ірі өндіруші кәсіпорындардың бірі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>