Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ Басқарма төрағасы Атырау МӨЗ-де жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылғанын сынға алды

09.12.2022

9 желтоқсанда жұмыс сапары кезінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) жиналыс өткізіп, кәсіпорындағы жөндеу жұмыстары жоспарлы мерзімінен кешігіп орындалғанын атап өтті.

5 желтоқсанда Атырау МӨЗ-і жоспарлы-алдын ала жөндеуін аяқтады. Зауыттың бірнеше негізгі қондырғысы ішкі және сыртқы факторлардың (соның ішінде осы жыл мезгілі үшін Атыраудағы төмен ауа температурасы) салдарынан кешігіп іске қосылды.

Атырау МӨЗ-нің 2022 жылы орындалған жөндеу жұмыстарының көлемі бойынша ҚР мұнай өңдеу зауыттарының тарихындағы ең ірі жөндеуі болды. 2022 жылғы 1 қазанда АМӨЗ зауыттың 1-ші «тізбегін» тоқтатып, оны қазан айының соңында технологиялық режимге шығарды, одан кейін барып 2-ші «тізбек» тоқтатылды. АМӨЗ-дегі жөндеудің бұл тәсілі мұнай өнімдерінің тәуліктік өндірісі мен жөнелтілуін үздіксіз жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

ҚМГ басшысы 2022 жылы қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары мұнайды өңдеудің рекордтық көрсеткішіне жетіп, бензин, дизель отыны және битумның рекордтық көлемін өндіріп шығарады деп атап айтты. Сонымен бірге АМӨЗ жоспарлы көрсеткіштердің орындалуына елеулі үлес қосатынына байланысты ҚМГ басшысы қысқа мерзім ішінде АМӨЗ-ден жанар-жағармайдың жоспарлы жөнелтілуін қамтамасыз етуді тапсырды: бензин – тәулігіне 5 мың тоннаға дейін, дизель – тәулігіне 4 мың тоннаға дейін.

Қосымша ҚМГ басшысы Мемлекет басшысының және Үкіметтің тапсырмасы аясында 2023 жылы ҚР мұнай өңдеу зауыттарын аралас өңдеу схемасына көшіру бойынша жұмыс жүріп жатқанын атап айтты. Бұл схема мұнай өнімдерін өткізуде делдалдардың болмауын көздейді.

Анықтама:

Атырау МӨЗ-і екі жыл бойы жоспарды жөндеуге тоқтамай жұмыс істеді. Бастапқыда АМӨЗ жөндеуі 2021 жылдың күз мезгіліне жоспарланған. Мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмау мақсатында АМӨЗ жөндеу жұмыстары 5 рет кейінге шегерілді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>