Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз басшылығы мұнай-газ саласының ардагері, ҚМГ-ның алғашқы Президенті Ләззат Қиыновты мерейтойымен құттықтады

09.12.2024

Бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да мемлекеттік қоғам қайраткері және мұнай өндірісінің майталманы Ләззат Кетебайұлы Қиыновтың 75 жылдығына орай салтанатты іс-шара өтті.

Ләззат Кетебайұлы саналы ғұмырын еліміздің мұнай-газ өнеркәсібіне арнап, саланың дамуына ерекше үлес қосты. Еңбек жолын мұнай және газ операторынан бастап, әр жылдары Маңғыстау облысының мұнай-газ кәсіпорындарын басқарды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның алғашқы президенті болды. Ұлттық компанияға екі рет жетекшілік етті. Сондай-ақ Маңғыстау облысының әкімі болды. Ұзақ жылдар бойы ҚР Энергетика және минералдық ресурстар вице-министі болып еңбек етті. Парламент Сенатаның депутаты болып сайланды.

Салтанатты жиынға қатысушылар Ләззат Кетебайұлына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және амандық тіледі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>