Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» және «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы сарапшылармен түсіндіру кездесулерін өткізді

13.09.2022

2022 жылы 6 және 8 қыркүйекте Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында «Самұрық-Қазына» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бастамасымен қаржы және мұнай-газ саласының сарапшыларымен кездесулер өтті. Жиында ҚМГ қызметінің операциялық және қаржылық нәтижелері, IPO бойынша жоспар, сондай-ақ өзге де өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу барысында сарапшыларға ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша компанияның негізгі нәтижелері ұсынылып, тиісті түсініктемелер берілді. Осылайша, еркін ақша ағыны 188 млрд теңгеге (417 млн АҚШ доллары) жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 35% төмен. Бұл ретте, егер 2021 жылғы қарашада бөлінген «ҚазТрансГаз» АҚ еншілес ұйымының («QazaqGaz» ҰК АҚ) ақша ағынын ескермесек, онда 2021 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда бос ақша ағынының 81% (долларлық мәнде 71% - ға өсу) өскенін байқаймыз. Бұл ретте кассалық әдіспен есептелген «ҚазТрансГаз» АҚ-ны есепке алмағандағы күрделі шығындар 35% ұлғайып, шамамен 166 млрд теңгеге (370 млн АҚШ доллары) жетті.

Сондай-ақ, қатысушылар дивиденд саясатының тәсілдерін талқылады. Әлемдік тәжірибеге сәйкес, дивидендтерді төлеу үшін, әдетте, еркін ақша ағыны негіз болады. Өйткені бұл көрсеткіш ақшалай емес баптарды қамтитын бухгалтерлік есептің ерекшелігіне байланысты таза пайдаға қарағанда нақты ақшалай түсімді ашық көрсетеді. ҚМГ жағдайында дивидендтер төлеу қабілетіне борыш мөлшері мен инвестициялық бағдарлама әсер етеді, бұл көрсеткіш басқа компаниялармен салыстырғанда жоғары, сондай-ақ әлеуметтік міндеттемелер, қаржылық орнықтылық және басқалары да бар.

«ҚазТрансОйл» АҚ бөлетін дивидендтердің мөлшерін талқылау барысында сарапшыларға дивидендтерді төлеу үшін негіз болатын ақша ағындарының азаюы Атырау-Самара мұнай құбыры бойынша тасымал көлемінің төмендеуімен байланысты екені түсіндірілді. Бұған негізінен баламалы көлік маршруттары бәсекесінің артуы (компания қызметінен тыс), операциялық және күрделі шығындардың, оның ішінде еңбекақы төлеу қорының және өзге де көрсеткіштердің өсуі себеп болып отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ «ҚазМұнайГаз» үшін стратегиялық актив болып қала береді, оны кері сатып алу мен акцияларының делистингі қарастырылмайды.

Компания өкілдері сондай-ақ IPO-ға дайындықтың негізгі кезеңдері туралы айтып берді. Қажетті келісімдерді алудан және еурооблигациялар бойынша ковенанттар пакетін өзгертуден бастап субхолдингтерді жоюға және қор биржаларында орналастыруға тікелей дайындыққа дейінгі іс-әрекеттер баяндалды. Талқылау барысында компания құнының өсуінің негізгі мүмкін факторлары атап өтілді: Теңіз және Қашаған ірі жобаларында өндірістің артуы, сондай-ақ осыған байланысты Каспий құбыр консорциумы жүйесі бойынша тасымалдың ұлғаюы, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу бойынша қорларды ұлғайту мүмкіндігі, қосылған құны жоғары мұнай-газ-химия жобаларын дамыту және басқалары.

Тәуекелдер бойынша да бірқатар негізгі факторлар атап өтілді. Оған мұнай бағасы, дивидендтердің еркін ақша ағынына тәуелділігі, өндірістік тәуекелдер және басқалар жатқызылды. Сарапшылар сондай-ақ Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жүйесі бойынша мұнай тасымалының қазіргі ахуалына тоқталды. ҚМГ деректеріне сәйкес, бүгінгі күні үшінші шығарылатын айлақ (ВПУ-3) штаттық режимде жұмыс істеп тұр және жүк жөнелтушілердің мұнай тасымалы бойынша қазіргі барлық қажеттіліктеріне жауап береді. Сонымен қатар, тасымалдау маршруттарын, оның ішінде балама маршруттарды әзірлеу және басқару мәселесі ҚМГ қызметінің басым бағыттарының бірі және тұрақты бақылауда.

Тәуекел факторларының өзекті тізбесі бағалы қағаздар проспектінде көрсетілетін болады. Еурооблигациялардың проспект құжатында да тиісті ақпарат қамтылады.

Пікірталасты қорытындылай келе, қатысушылар миноритарлық акционерлердің құқығын қорғау тетіктерін және бөлшек инвесторлар ұстануы тиіс инвестициялаудың негізгі қағидаттарын қозғады.

Қорғау әдістері ретінде ҚР заңнамасында, компанияның жарғысында көрсетілген акционерлердің құқықтары, корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарына ұмтылу (ҚМГ PWC-тен BBB корпоративтік басқару рейтингісіне ие), сондай-ақ тәуелсіз директорлардың рөлі атап өтілді.

Қатысушылар инвестициялау қағидаттары бойынша жеке тұлғалар шешім қабылдау кезінде барлық ықтимал тәуекелдер мен пайданы ескеруге, акцияларды қарызға сатып алмауға, әр түрлі портфель қалыптастыруға, өзінің қаржылық жағдайы мен тәуекелге дайындығын, сондай-ақ көптеген басқа факторларды да ескеруге тиіс деген тоқтамға келді.

Қорытындылай келе, «ҚазМұнайГаз» қызметінің нәтижелері туралы ақпарат www.kmg.kz веб-сайтында «Инвесторларға» бөлімінде толық жарияланғаны айтылды. Онда тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есеп, операциялық көрсеткіштер, жылдық есептер мен басқа да қажет ақпарат орналастырылған.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>