Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» және «EPAM Systems» басшылары екіжақты келіссөздер өткізді

20.09.2022

2022 жылғы 19 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев «EPAM Systems» компаниясының президенті және Директорлар кеңесінің төрағасы Аркадий Добкинмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы үшін озық digital технологияларды әзірлеу саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

ҚМГ басшысы компанияда қолданылатын цифрлық технологиялар және жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтып берді. Сонымен қатар цифрлық даму саласындағы екіжақты өзара іс-қимылды нығайту маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде А.Добкин ҚМГ-мен жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға қызығушылық танытып, «ҚазМұнайГаздың» өндірісті цифрландыру, соның ішінде бизнес-процестерді автоматтандыру және оңтайландыру саласында үлкен әлеуеті бар екенін атап айтты.

EPAM Systems – бағдарламалық қамтамасыз етуді және күрделі цифрлық платформаларды әзірлеу қызметтерін көрсететін әлемнің жетекші компаниясы. 2021 жылдың қорытындысы бойынша компанияның табысы 3,7 млрд АҚШ долларын құрады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>