Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының 2022 жылғы тоғыз айдағы қаржы нәтижелері

22.11.2022

Астана, 2022 жылғы 21 қараша – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания»), өз қызметінде вертикалды интеграцияны ұстанатын Қазақстанның мұнай-газ компаниясы, 2022 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған үш және тоғыз ай үшін 34 «Аралық қаржылық есептілігі» халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалған тәуелсіз аудитордың аралық қаржылық ақпаратын шолып тексеру нәтижелері бойынша есеппен бірге аралық қысқартылған шоғырландырылған қаржы есептілігін жариялайды. 

2021 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 2022 жылдың тоғыз айындағы[1] негізгі қаржы көрсеткіштері (толық шоғырландыру әдісімен ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясындағы 100% үлесті қамтиды):

  • Түсім 4 597 млрд теңгемен (10 825 млн. АҚШ) салыстырғанда 47,4%-ға артып, 6 776 млрд теңгеге (14 774 млн. АҚШ долл.) жетті;
  • EBITDA көрсеткіші 1 425 млрд теңгемен (3 354 млн. АҚШ) салыстырғанда 41,8%-ға ұлғайып, 2 020 млрд теңгені (4 405 млн. АҚШ долл.) құрады;
  • Компанияның таза пайдасы бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар кірісіндегі үлестерді ескергенде 15,9%-ға артып, 1 162 млрд теңгені (2 534 млн. АҚШ) құрады;
  • Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар кірісінің[2] үлесіне түзетілген таза пайда 637 млрд теңгемен (1 500 млн. АҚШ долл.) салыстырғанда 634 млрд теңгеге (1 382 млн. АҚШ долл.) жетті;
  • Жаңа дивиденд саясатына сәйкес қайта есептелген бос ақша ағымы өткен жылдың осындай кезеңдегі 425 млрд теңге мөлшеріндегі көрсеткішпен салыстырғанда -21 млрд теңгені құрады;
  • 2022 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша жалпы қарыз 2021 жылғы 31 желтоқсандағы 3 746 млрд теңге (8 676 млн. АҚШ долл.) көрсеткішпен салыстырғанда 4 302 млрд теңгені (9 024 млн. АҚШ долл.) болды;
  • 2022 жылғы 30 қыркүйектегі Компанияның таза қарызы 2021 жылғы 31 желтоқсандағы 1 987 млрд теңге (4 603 млн. АҚШ долл.).көрсеткішпен салыстырғанда 2 186 млрд теңгені (4 585 млн АҚШ долл.) құрады.

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірл.

9М 2022

 9М 2021

%

Мұнай, Dated Brent[3]

$/барр.

105,51

67,92

+55,4%

Мұнай, Dated Urals3

$/барр.

81,07

66,19

+22,5%

Орташа бағам

теңге/ АҚШ долл.

458,60

424,70

+6,1%

Түсім

млрд теңге

6 776

4 597

+47,4%

Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар кірісіндегі үлесі

млрд теңге

779

464

+67,7%

Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд

млрд теңге

250

157

+59,7%

Таза пайда

млрд теңге

1 162

1 003

+15,9%

Бірлескен бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы үлеске түзетілген таза пайда

млрд теңге

634

637

-0,5%

EBITDA[4]

млрд теңе

2 020

1 425

+41,8%

EBITDA түзетілген көрсеткіші[5]

млрд теңге

1 492

1 059

+40,9%

Күрделі шығындар (есептеу әдісі бойынша)

млрд теңге

323

295

+9,5%

Күрделі шығындар (кассалық әдіс бойынша)

млрд теңге

288

291

-0,9%

Бос ақша ағымы (дивиденд саясаты бойынша)[6]

млрд теңге

-21

425

-105,5%

Қашанған үлесін сатып алу үшін қаржыландыруды тартуға түзетілген бос ақша ағымы[7]

млрд теңге

730

425

+72,0%

Жалпы қарыз[8]

млрд теңге

4 302

3 746[9]

+14,8%

Таза қарыз[10]

млрд теңге

2 186

1 9878

+10,0%

Қашаған бойынша іске асырылған колл-опционның әсері

2022 жылғы 15 қыркүйекте компания ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясындағы өз үлесін 50%-дан 100%-ға дейін арттырды. ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясы Қашаған жобасында 16.88% иелік етеді.

Бұған дейін ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясындағы 50% үлесі ҚМГ шоғырландырылған қаржы есептілігінде үлестік әдіспен бірлесіп бақыланатын кәсіпорындарға салынған инвестиция ретінде көрсетілді, бұл ҚМГ таза активтеріндегі 50% үлесті ғана ҚМГ Қашаған Б.В. шоғырландырылған активтеріне және ҚМГ таза пайдасындағы 50% үлесті ҚМГ Қашаған Б.В. кірістер мен шығыстар туралы шоғырландырылған есепке қосуды білдіреді.

ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясындағы 100% үлесті иеленген сәттен бастап бұл компания ағымдағы кезеңдегі және ағымдағы күндегі ҚМГ қаржы есептілігінде толық шоғырландыру әдісімен шоғырландырылады. ХҚЕС стандарттарына сәйкес өткен кезеңдердегі және өткен күндердегі ҚМГ көрсеткіштері ҚМГ Қашаған Б.В. 100% үлесін қосуды ескере отырып қайта есептелді. Толық ақпарат есепті кезеңдегі шоғырландырылған қаржы есептілігінде қолжетімді.

2022 жылдың тоғыз айындағы өндірістік нәтижелер[11]:      

  • Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 0,9%-ға өсіп, 16 060 мың тоннаға жетті;
  • Мұнай тасымалдау көлемі өткен жылдың тиісті кезеңіндегі 55 727 мың тоннамен салыстырғанда 55 085 мың тонна болды;
  • Қазақстандық және румындық МӨЗ-де көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 5,8%-ға артып, 14 896 мың тоннаға жетті.

 2022 9А

(ҚМГ үлесіне)

 2021 9А

(ҚМГ үлесіне)

%

Мұнай өндіру, мың тонна

16 060

15 923

+0,9%

Газ өндіру, млн м³

5 942[12]

5 860

+1,4%

Мұнай тасымалдау, мың тонна

55 085

55 727

-1,2%

Мұнай өңдеу, мың тонна

14 896

14 083

+5,8%

2022 жылдың тоғыз айындағы және 2021 жылғы тоғыз айдағы қаржы нәтижелеріне шолу[13] (толық шоғырландыру әдісімен ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясындағы 100% қамтиды)

Түсім

Түсім 6 776 млрд теңгеге (14 774 млн. АҚШ доллары) жетті, бұл 2021 жылдың тоғыз айындағы көрсеткіштен 47,4%-ға жоғары.

Түсім динамикасына Brent маркалы мұнайдың орташа бағасының жылына 55,4%-ға өсуі және теңгенің АҚШ долларына қатысты орташа айырбас бағамының 8,0% әлсіреуі оң әсер етті. 

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың кірісіндегі үлесі

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар кірісіндегі үлесі негізінен «Теңізшевройл» ЖШС пайдасының 287 млрд теңгеге (574 млн. АҚШ долл.) және Каспий Құбыр Консорциумы пайдасының 25 млрд теңгеге (45 млн. АҚШ долл.) ұлғаюы нәтижесінде 67,7%-ға өсіп, 779 млрд теңгеге (1 698 млн. АҚШ долл.) жетті.

EBITDA

EBITDA көрсеткіші 2021 жылдың осындай кезеңдегі 1 425 млрд. теңгемен (3 354 млн АҚШ доллары) салыстырғанда мұнай мен газды барлау және өндіру сегментіндегі 50,4%-ға және шикі мұнайды өңдеу және сату сегментіндегі 38,6%-ға өсімге байланысты 41,8%-ға өсіп, 2 020 млрд теңгеге (4 405 млн.АҚШ долл.) жетті. Бұл өсімге мұнай мен мұнай өнімдеріне халықаралық бағаның жоғыралуы себеп болды.

EBITDA түзетілген көрсеткіші

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар кірісіндегі үлестің орнына бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтерді көрсететін EBITDA түзетілген көрсеткіші 40,9% өсім көрсетіп, 1 492 млрд теңгеге (3 254 млн. АҚШ) жетті.

Таза пайда 

Компанияның таза пайдасы 1 003 млрд теңгеден (2 361 млн АҚШ долл.) 1 162 млрд теңгеге дейін (2 534 млн. АҚШ долл.) 15,9%-ға өсті.

Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы үлеске түзетілген таза пайда

Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың үлесіне түзетілген таза пайда 637 млрд теңгеден (1 382 млн. АҚШ долл.) 634 млрд теңгеге дейін (1 500 млн. АҚШ) шамалы ғана 0,5% азайды.

Өзіндік құн

Есепті кезеңде сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және өзге де материалдардың өзіндік құны 3 951 млрд теңгеге (8 615 млн. АҚШ долл.) жетіп, 52,6%-ға артты. Өзіндік құнның өсуіне негізінен мұнай мен мұнай өнімдеріне бағаның қымбаттауы себеп болды.

Операциялық шығыстар

Өндірістік шығыстар негізінен жалпы ҚМГ қызметін жүзеге асыратын өңірлердегі қызметкерлердің жалақысын көтеруге жұмсалған шығынның артуына байланысты 61,9%-ға ұлғайып, 826 млрд теңге (1 802 млн. АҚШ долл.) болды.

Тасымалдау және сату бойынша шығыстар 145 млрд теңгені (315 млн. АҚШ долл.) құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңдегі көрсеткіштен 9,2%-ға жоғары.

Жалпы және әкімшілік шығыстар өңірлердегі қызметкерлердің жалақысы мөлшері көтерілуіне байланысты 17,7%-ға 104 млрд теңгеге (226 млн. АҚШ долл.) дейін ұлғайды. 

Табыс салығынан басқа салықтар негізінен мұнай бағасының өсуіне байланысты рента салығы мен ПҚӨС бойынша шығыстардың ұлғаюы нәтижесінде 60,0%-ға артып, 508 млрд теңгеге (1 108 млн. АҚШ долл.) жетті.

Қаржы шығындары негізінен теңгенің орташа айырбас бағамының әлсіреуіне байланысты қарыздар мен облигациялар бойынша пайыздық шығыстардың ұлғаюына, сондай-ақ кейбір пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне байланысты 228 млрд теңге (496 млн. АҚШ доллары) болды, бұл 22,9%-ға артық.

Күрделі шығындар

Компанияның күрделі шығындары (есептеу әдісі бойынша, сегменттік есептілікте ашып көрсетілген) 323 млрд теңгені (704 млн. АҚШ долл.) құрап, 9,5% өсті. Шығындар негізінен мұнай мен газды барлау және өндіру сегментіне тиесілі болды. 

Бос ақша ағымы

Жаңа дивиденд саясатына сәйкес қайта есептелген бос ақша ағымы -21 млрд теңгені құрап, өткен жылдың осындай кезеңдегі көрсеткіштен 105,0%-ға азайды. Көрсеткіштің теріс мәніне Қашағандағы үлесті сатып алуға жұмсалған шығын себеп болды. Бұл ретте Қашағанның осы үлесін сатып алу үшін қаржыландыруды тартуға түзетілген бос ақша ағымы 730 млрд теңгені құрап, 72,0%-ға өсті.

Қарызды басқару

Қарыз жүктемесінің көрсеткіштері

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірл.

2022 жылғы 30 қыркүйек 

2021 жылғы 31 желтоқсан 

%

Облигация

млрд тенге

3 401

2 706

+25,7%

Қарыз

млрд тенге

901

1 040

-13,4%

Жалпы қарыз

млрд тенге

4 302

3 746

+14,8%

Дөңгелектеу салдарынан сандар қосылмауы мүмкін.

2022 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша жалпы қарыз 2021 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда теңгемен 14,8%- а және доллармен 4,0%-ға ұлғайып, 4 302 млрд теңгені (9 024 млн. АҚШ долл.) құрады.

2022 жылғы қыркүйекте Компания жылдық 3,0% купон мөлшерлемесімен және 2035 жылы өтеу мерзімімен 752 млрд теңге сомасына облигациялар орналастырды. Бұл облигацияларды ҚМГ Қашаған Б.В. акцияларын сатып алу жөніндегі мәміле аясында «Самұрық-Қазына» АҚ толық сатып алды. Облигацияның әділ құны мен номиналды құны арасындағы 380 млрд теңге мөлшеріндегі айырмашылық капиталдағы өзгерістер туралы аралық шоғырландырылған есепте «Самұрық-Қазына» АҚ-пен операциялар ретінде көрсетілген.

2022 жылғы қаңтарда «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (АМӨЗ) сыйақыны қосқанда Eximbank-тен алынған 604 млн.АҚШ доллары (259 млрд теңге) қарызды толық өтеді. Өтеу үшін 2021 жылдың қарашасында резервке қойылған ақша пайдаланылды.

2022 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ алдындағы берешек негізінен 345 млрд теңге сомасына Опционды орындағаны үшін берешекпен ұсынылған. Бұл сома Компанияның есепті кезеңдегі шоғырландырылған қаржылық есептілігіндегі басқа қаржылық міндеттеме ретінде көрсетілген. Бұл ретте компанияның «Самұрық-Қазына» АҚ алдындағы Қашағанды кері сатып алу бойынша Опционды орындағаны үшін берілген берешекті ескере отырып, жалпы борышы 4 647 млрд теңгені (9 748 млн. АҚШ долл.) құрады.

Таза қарыз

2022 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша таза қарыз 2 186 млрд теңгеге (4 585 млн. АҚШ долл.) жетіп, 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша теңгедегі көрсеткіштен 10,0%-ға жоғары болды. Бұл ретте «Самұрық-Қазына» АҚ алдындағы Қашағанды кері сатып алу бойынша опционды орындағаны үшін берешекті ескере отырып, Компанияның таза борышы 2 531 млрд теңгені (5 310 млн. АҚШ долл.) құрады.

Ақша қаражаты

Шоғырландырылған ақша қаражаты, олардың баламалары және депозит түріндегі ақша қаражаты

Көрсеткішң атауы

Өлшем бірлігі

2022 жылғы 30 қыркүйек

2021 жылғы 31 желтоқсан  

%

Ақша қаражаты және олардың баламалары

млрд теңге

1 374

1 141

+20,4%

Қысқа мерзімді депозиттер

млрд теңге

681

562

+21,1%

Ұзақ мерзімді депозиттер

млрд теңге

61

56

+8,7%

Ақша қаражаты мен баламалары және депозит түріндегі ақша қаражаты

млрд теңге

2 116

1 759

+20,3%

Шоғырландырылған ақша қаражаты, олардың баламалары, оның ішінде депозит түріндегі ақша қаражаты 2022 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 2021 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 20,3%-ға артып, 2 116 млрд теңгеге (4 438 млн. АҚШ долл.) жетті. Доллар түрінде осы көрсеткіш те 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 4 074 млн. АҚШ деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 9,0%-ға өсіп, 4 438 млн. АҚШ долларына жетті.

2022 жылдың басынан бергі басты корпоративтік оқиғалар:

  • 2022 жылғы 21 қаңтарда АМӨЗ Eximbank-тен алынған 604 млн АҚШ доллары (259 млрд теңге) сомасындағы қарызды мерзімінен бұрын толық өтеді;
  • 2022 жылғы 15 сәуірде М.М. мырзағалиев ҚМГ Басқарма төрағасы болып тағайындалды;
  • 2022 жылдың басынан ҚМГ Директорлар кеңесі мен Басқармасының құрылымында жаңа тағайындаулар болды. 2022 жылғы 21 тамыздағы жағдай бойынша ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамы 8 адамнан тұрады (Уолтон К. Д. – Директорлар кеңесінің төрағасы, М.М. Мырзағалиев, Ұ.С. Қарабалин, Е. Б. Жанәділ, Ғ.К. Ауғанов, Ф.М.Холланд, Т.Г. Миллер, А. А. Хаирова), ҚМГ Басқармасының құрамы 8 адамнан тұрады (Мырзағалиев ММ. - Басқарма төрағасы, Есқазиев Қ.О., Қарабаев Д.С., Мунбаев М.К., Абдулғафаров Д.Е., Қайырденов А. К., Закиров Б.Қ., Лавренов В. С.).
  • 2022 жылғы 13 маусымда Компания полипропилен өндіретін зауыт құрылысының ауқымды жобасын жүзеге асырып жатқан «Қазақстан Петрокемикал Индастриз Инк» ЖШС қатысу үлесінің 49,5% сатып алу бойынша мәмілені аяқтады.
  • 2022 жылғы 20 маусымда Компания «Самұрық-Қазына» АҚ пен ҚР Ұлттық Банкінің шешіміне сәйкес 2021 жыл үшін ҚМГ акциялары бойынша әр акцияға 327,80 теңгеден түсетін жалпы сомасы 200 млрд теңге дивиденд төледі.
  • 2022 жылғы 23 маусымда ҚМГ қызметін жүзеге асырылатын өңірлерде жергілікті атқарушы органдармен, ҚМГ еншілес және мердігерлік ұйымдарының кәсіподақтарымен өзара іс-қимыл мәселелері жұмысты күшейту, халықты жұмыспен қамту жобаларын іске асыру, өндірістік бағдарламалардың орындалуын бақылау, сондай-ақ кен орындарын игеру мақсатында Ақтау қаласында өз өкілдігін ашты.
  • 2022 жылғы шілдеде Компания негізгі қызметі сұйытылған көмірсутекті газ бен мұнай өнімдерін сату болып табылатын «Petrosun» ЖШС-не қатысу үлесінің 49% сатып алды.
  • 2022 жылғы 12 қыркүйекте Компания «Самұрық-Қазына» АҚ-та ҚМГ Қашаған Б.В. үлесін кері сатып алу бойынша колл-опционның орындалуын қаржыландыру үшін жылдық 3,0% купон мөлшерлемесімен және 2035 жылы өтеу мерзімімен 752 млрд теңге сомасына облигация орналастырды.
  • 2022 жылғы 15 қыркүйекте Компания 2015 жылы жасалған колл-опцион келісімі аясындағы өз құқығын пайдаланып, Солтүстік Каспий жобасы (Қашаған жобасы) бойынша Өнімді бөлу туралы келісімде 16,88% тиесілі «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК компаниясындағы 50% үлесті 3,8 млрд. АҚШ долларына «Самұрық-Қазына» АҚ-тан сатып алды.
  • 2022 жылғы 27 қыркүйекте Standard&Poor's рейтингтік агенттігі «Самұрық-Қазына» АҚ-та ҚМГ Қашаған Б.В. үлесін кері сатып алу бойынша колл-опционды іске асыру қорытындысы бойынша Компанияның рейтингін «ВВ+», болжамы «теріс» деңгейіне көтерді.
  • 2022 жылғы 27 қазанда Компанияның акционерлеріне қатысты жаңа дивиденд саясаты бекітілді, онда дивиденд мөлшерін белгілеудің жаңа тәртібі мен оларды төлеудің тиісті тәртібі анықталды.
  • 2022 жылғы қарашада Қашағанда көмірсутектерді өндіру 2022 жылғы 3 тамызда «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысы тоқтағаннан кейін, өндірістік учаске аумағында газдың шығып кету белгілері анықталуына байланысты толығымен қайта іске қосылды.
  • 2022 жылғы 7 қарашада «Самұрық-Қазына» АҚ алғашқы жария ұсынысын (ІРО) жүзеге асыру ниетін мәлімдеді, «Самұрық-Қазына» АҚ-қа тиесілі Компанияның 551 698 745 акциясының 30 505 974 жай акциясын (5%) бір акцияны 8406 теңгемен сату жоспарланып отыр. Инвесторлардың өтінішін қабылдау 2022 жылдың 9 қарашасында басталып, институционалдық инвесторлар үшін 2022 жылдың 30 қарашасында, ал жеке инвесторлар үшін 2022 жылдың 2 желтоқсанында аяқталады.
  • 2022 жылғы 8 қарашада Президент Kazakhstan Petrochemical Industries Inc ЖШС-ның жылына 500 мың тоннаға дейін полипропилен өндіруге қауқарлы интеграцияланған газ-химия кешені жұмысын іске қосты.
  • 2022 жылғы 12 қарашада Каспий Құбыр Консорциумының ВПУ-1 шығарылатын айлақ құрылғысындағы қалқымалы танкті ауыстыру бойынша жұмыстар толық аяқталды. Осылайша, қазіргі уақытта бірінші және үшінші айлық құрылғылары жұмыс істеп тұр, бұл Теңіз терминалында мұнайды жөнелтудің тәуліктік көлемі қалпына келтірілгенін білдіреді.

[1] Сомалар ыңғайлы болу үшін тиісті кезеңдегі орташа айырбастау бағамы бойынша АҚШ долларымен көрсетілген (2022 және 2021 жылдардағы тоғыз айдағы орташа бағамдар 1 доллар үшін 458,60 және 424,70 теңге болды. 2022 жылғы 30 қыркүйек  және 2021 жылғы 31 желтоқсандағы кезеңнің соңындағы курстар 1 доллар үшін тиісінше 476,71 және 431,80 теңгені құрады.

[2] Бірлесіп бақыланатын ұйымдар мен қауымдасқан компаниялардағы үлеске түзетілген таза пайда  = Таза пайда плюс бірлесіп бақыланатын ұйымдар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер минус Бірлесіп бақыланатын ұйымдар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесі.   

[3] Дереккөзі: S&P Global Platts.

[4] EBITDA = кірістер плюс бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың кірістеріндегі үлес, таза, сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және басқа материалдардың өзіндік құны минус өндірістік шығыстар минус жалпы және әкімшілік шығыстар минус тасымалдау және сату бойынша шығыстар минус табыс салығынан басқа салықтар.

[5] EBITDA түзетілген көрсеткіші = кірістер плюс бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және басқа материалдардың өзіндік құнын минус өндірістік шығыстар минус жалпы және әкімшілік шығыстар минус тасымалдау және сату бойынша шығыстар минус табыс салығынан басқа салықтар. Скорректированный показатель EBITDA 2021ж. 9А үшін түзетілген көрсеткіші «ҚазТрансГаз» АҚ бірлескен компаниялары мен қауымдасқан компанияларынан алынған дивиденд.

[6] Бос ақша ағымы = операциялық қызметтен алынған ақша ағымы минус негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, инвестициялық жылжымайтын мүлікті және барлау және бағалау активтерін сатып алу. Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд операциялық қызметтен алынған ақша ағымына кіреді.

[7] Қашаған үлесін сатып алу үшін 751 631 млрд теңге мөлшеріндегі қаржыландыруды тартуға түзетілген бос ақша ағымы

[8] Есепті кезеңнің соңындағы жалпы қарыз = облигациялар плюс қарыздар (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді). Берілген кепілдіктер есепке енгізілмеген

[9] Жалпы қарыз және таза қарыз 2021 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша көрсетілген.

[10]. Есепті кезеңнің соңындағы таза қарыз: облигациялар плюс қарыздар минус ақша қаражаттары және олардың баламалары, минус банктік салымдар (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді). Берілген кепілдіктер есепке енгізілмеген

[11] Өндірістік көрсеткіштер бірлескен және қауымдастырылған компаниялардағы ҚМГ меншік үлесіне және шоғырландырылатын еншілес ұйымдар үшін көрсеткіштердің 100% сәйкес көрсетілген. Толығырақ ақпарат 2022 жылдың тоғыз айындағы өндірістік нәтижелер туралы баспасөз релизінде мына сілтеме бойынша қол жетімді: https://www.kmg.kz/rus/investoram/reporting-and-financial-result/.

[12] ҚМГ Қашаған Б.В. мұнай және газ өндіру көлемдері 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейін 50% және 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейін 100% қосылған.

[13]. 2021 жылғы 11 наурызда Компания мен Самұрық-Қазына «ҚазТрансГаз» АҚ (бұдан әрі – «ҚТГ») 100% жай акциясына қатысты сенімгерлік басқару шартына қол қойды. 2021 жылғы 9 қарашада Компания Самұрық-Қазынаға ҚТГ 100% акциясын - 1  теңгеге берді және сенімгерлік басқару шартының қолданылуы тоқтатылды. Мәміленің алдында бірқатар заңдық және қаржылық шарттардың орындалды, оның ішінде мемлекеттік органдар мен ҚМГ кредиторларының келісімдері алынды. Шарттардың соңғысы 2021 жылғы 8 қарашада орындалды. 2021 жылғы 8 қарашадан бастап ҚТГ тоқтатылған қызмет ретінде жіктелді. Толығырақ 2022 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталған үш және тоғыз айлық аралық қысқартылған шоғырландырылған қаржылық есептіліктің 4-ескертпесін қараңыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>