Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржы нәтижелері

25.08.2022

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания»), Қазақстанның вертикалды интеграцияланған мұнай-газ компаниясы тәуелсіз аудитордың аралық қаржылық ақпаратын шолып тексеру нәтижелері жөніндегі есеппен бірге 2022 жылғы 30 маусымда аяқталған үш және алты айдың 34 «Аралық қаржылық есептілік» халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалған аралық қысқартылған шоғырландырылған қаржылық есептілікті жариялайды.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы басты қаржы көрсеткіштері[1]:

  • Түсім 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 2 672 млрд теңгемен (6 299 млн АҚШ долл.) салыстырғанда 57,3%-ға артып, 4 203 млрд теңгені (9 339 млн АҚШ долл.) құрады;
  • EBITDA көрсеткіші 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 750 млрд теңгемен (1 767 млн АҚШ долл.) салыстырғанда 49,2%-ға артып, 1 119 млрд теңгені (2 486 млн АҚШ долл.) құрады;
  • Компанияның таза пайдасы 5,0%-ға артып, 677 млрд теңгені (1 504 млн АҚШ долл.) құрады.
  • Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың үлесіне түзетілген таза пайда[2] 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 384 млрд теңгемен (904 млн АҚШ долл.) салыстырғанда 156 млрд теңгені (348 млн АҚШ долл.) құрады;
  • Бос ақша ағыны 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 291 млрд теңгемен (685 млн АҚШ долл.) салыстырғанда 188 млрд теңгені (417 млн АҚШ долл.) құрады;
  • Жалпы қарыз 2021 жылғы 31 желтоқсандағы 3 746 млрд теңге (8 676 млн АҚШ) көрсеткішімен салыстырғанда 2022 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша жалпы қарыз 3 935 млрд теңгені (8 366 млн АҚШ долл.) құрады;
  • Компанияның таза қарызы 2021 жылғы 31 желтоқсандағы 2 204 млрд теңге (5 104 млн АҚШ доллары) деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 2022 жылғы 30 маусымда 2 292 млрд теңгені (4 872 млн АҚШ долл.) құрады.

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірл.

 2022 ж. 1Ж

 2021 ж. 1Ж

%

Мұнай, Dated Brent[3]

$/барр.

107,94

64,98

66,1%

Мұнай, Dated Urals3

$/барр.

84,86

63,59

33,5%

Орташа бағам

теңге/ АҚШ долл.

450,06

424,22

6,1%

Түсім

млрд теңге

4 203

2 672

57,3%

Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесі

млрд теңге

644

324

98,5%

Таза пайда

млрд теңге

677

644

5,0%

Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың үлесіне түзетілген таза пайда

млрд теңге

156

384

-59,2%

EBITDA[4]

млрд теңге

1 119

750

49,2%

EBITDA түзетілген көрсеткіші[5]

млрд теңге

598

489

22,4%

Күрделі шығындар (есептеу әдісі бойынша)

млрд теңге

164

167

-1,7%

Күрделі шығындар (кассалық әдіс бойынша)

млрд теңге

166

153

8,7%

Бос ақша ағыны[6]

млрд теңге

188

291

-35,4%

Жалпы қарыз[7]

млрд теңге

3 935

3 746[8]

5,0%

Таза қарыз[9]

млрд теңге

2 292

2 204

4,0%

2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік нәтижелер[10]:    

  • Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 0,3%-ға өсіп, 10 774 мың тоннаны құрады;
  • Мұнай тасымалдау көлемі 0,6%-ға артып, 37 157 мың тоннаны құрады;
  • Қазақстандық және румыниялық МӨЗ-де көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі жиынтықты 0,2%-ға ұлғайып, 9 721 мың тоннаны құрады.

Көрсеткіштің атауы

2022ж. 1Ж

(ҚМГ үлесіне)

 2021ж 1Ж

(ҚМГ үлесіне)

%

Мұнай өндіру, мың тонна

10 774

10 738

0,3%

Газ өндіру, млн м³

4 110

4 079

0,8%

Мұнай тасымалдау, мың тонна

37 157

36 949

0,6%

Мұнай өңдеу, мың тонна

9 721

9 704

0,2%

2022 жылдың бірінші жартыжылдықтағы қаржы нәтижелеріне шолу[11]

Түсім

2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы түсім 4 203 млрд теңгені (9 339 млн АҚШ долл.) құрады. Бұл 2021 жылдың бірінші жартыжылдығының көрсеткішінен 57,3%-ға жоғары. 

Түсімнің динамикасына Brent маркалы мұнайдың орташа бағасының жылдан жылға 66,1%-ға өсуі және теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа айырбас бағамының 6,1%-ға әлсіреуі оң әсер етті.

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесі

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлес негізінен «Теңізшевройл» ЖШС кірісінің 202 млрд теңгеге (422 млн АҚШ долл.), «ҚМГ Қашаған Б. В.» ЖШЖК 67 млрд. теңгеге (144 млн АҚШ доллары) ұлғаюы нәтижесінде екі есеге дерлік артып, 644 млрд теңгені (1 430 млн АҚШ долл.) құрады.

EBITDA

EBITDA көрсеткіші 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 750 млрд теңгемен (1 767 млн долл.) салыстырғанда 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында негізінен бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың, атап айтқанда «Теңізшевройл» ЖШС және «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК бойынша пайданың өсуіне байланысты 1 119 млрд теңгені (2 486 млн АҚШ долл.) құрап, 49,2%-ға өсті.

EBITDA түзетілген көрсеткіші

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың кірісіндегі үлесті қоспағанда, бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендті көрсететін EBITDA түзетілген көрсеткіші 598 млрд теңгені (1 329 млн АҚШ долл.) құрап, жылдан жылға 22,4%-ға өскенін көрсетті.

Таза пайда

Компанияның таза пайдасы 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 644 млрд теңгеден (1 519 млн АҚШ долл.) 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 677 млрд. теңгеге дейін (1 504 млн АҚШ долл.) 5,0%-ға өсті. 

Компанияның түзетілген таза пайдасы 384 млрд теңгеден (904 млн АҚШ долл.) 156 млрд теңгеге дейін (348 млн АҚШ) 59,2%-ға азайды.

Өзіндік құн

Есепті кезеңде сатып алынатын мұнайдың, газдың, мұнай өнімдері мен өзге де материалдардың өзіндік құны 2021 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 73,8%-ға артып, 2 818 млрд теңгені (6 261 млн АҚШ долл.) құрады. Өзіндік құн негізінен мұнайдың орташа бағасының өсуіне және теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа айырбас бағамының әлсіреуіне байланысты артып отыр.

Операциялық шығыстар

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында өндірістік шығындар 2021 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда негізінен KMG International N.V. мұнай өнімдері бойынша қаржы деривативтері шығындарының өсуіне және жалпы ҚМГ қызметін жүргізетін өңірлерде жұмыскерлердің жалақысына жұмсалатын шығының өсуіне байланысты 54,2%-ға артып, 482 млрд теңгені (1 071 млн АҚШ долл.) құрады.

Тасымалдау және сату бойынша шығыстар 70 млрд теңгені (155 млн АҚШ долл.) құрады, бұл 2021 жылғы бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіштен 6,5%-ға көп. 

Жалпы және әкімшілік шығындар қызметкерлердің жалақысының өсуіне байланысты 17,0%-ға 67 млрд теңгеге (148 млн АҚШ долл.) өсті. 

Табыс салығынан басқа, салық, негізінен ренталық салық және мұнай бағасының өсуі салдарынан ПҚӨС бойынша шығыстардың ұлғаюы нәтижесінде 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 53,3%-ға көбейіп, 291 млрд теңгені (647 млн АҚШ долл.) құрады.

Қаржы шығындары 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 153 млрд теңгені (341 млн АҚШ долл.) құрады, бұл көрсеткіш 2021 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда теңгенің орташа айырбас бағамының әлсіреуіне байланысты қарыз бен облигациялар бойынша пайыздық шығыстың ұлғаюына, сондай-ақ Eximbank-тен алған қарыздың мерзімінен бұрын өтелуіне байланысты бұрын танылған шығындардың есептен шығарылуына байланысты 32,4%-ға артық болып отыр.

Күрделі шығындар

Компанияның күрделі шығындары (есептеу әдісі бойынша, сегменттік есептілікте көрсетілген) 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 1,7%-ға азайып, 164 млрд теңгені (364 млн АҚШ долл.) құрады.

Қарызды басқару

Борыш жүктемесінің көрсеткіштері

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

2022 жылғы 30 маусым

2021 жылғы 31 желтоқсан

%

Облигация

млрд теңге

2 949

2 706

9,0%

Қарыз

млрд теңге

986

1 040

-5,2%

Жалпы қарыз

млрд теңге

3 935

3 746

5,0%

Шоғырландыруға жатпайтын қаржы кепілдігі

млрд теңге

0

1,6

-100,0%

Кепілдік берілген міндеттемелерді қосқандағы жалпы қарыз

млрд теңге

3 935

3 748

5,0%

Дөңгелектеу салдарынан сандар қосылмауы мүмкін.

Жалпы қарыз 2022 жылғы 30 маусымда 3 935 млрд теңгені (8 366 млн АҚШ долл.) құрады, 2021 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда теңгемен 5,0%-ға ұлғайған (доллармен есептегенде 3,6%-ға төмен).

2022 жылғы қаңтарда «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (АМӨЗ) Eximbank-тен алған 604 млн АҚШ долларын (259 млрд теңге) құрайтын қарызын, сыйақыны қоса алғанда, мерзімінен бұрын толық өтеді. Өтеу үшін 2021 жылдың қарашасында резервке қойылған ақша пайдаланылды.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында KPMG International N.V. айналым капиталын қаржыландыру үшін 126 млн АҚШ долл. (56,6 млрд теңге) көлемінде синдикатталған қарыз алды.

Теңгенің ресейлік рубльге қатысты айырбас бағамының ұлғаюына байланысты Ресей рублімен деноминацияланған ВТБ Банктен алынған қарыз теңге және доллармен есептегенде өсті.

Таза қарыз

Таза қарыз 2022 жылғы 30 маусымда 2 292 млрд теңгені (4 872 млн АҚШ долл.) құрады, бұл 2021 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткіштен 4,0%-ға көп.

Ақша қаражаты

Шоғырландырылған ақша қаражаты, олардың баламалары және депозит түріндегі ақша қаражаты

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

2022 жылғы 30 маусым

2021 жылғы 31 желтоқсан

%

Ақша қаражаты және олардың баламалары

млрд теңге

973

976

-0,3%

Қысқа мерзімді депозит

млрд теңге

609

511

19,4%

Ұзақ мерзімді депозит

млрд теңге

60

56

7,8%

Ақша қаражаты және оның баламалары және депозит түріндегі ақша қаражаты

млрд теңге

1 643

1 542

6,5%

Шоғырландырылған ақша қаражаты, олардың баламалары, оның ішінде депозит түріндегі ақша қаражаты 2021 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 2022 жылғы 30 маусымда 6,5%-ға ұлғайды және 1 643 млрд теңгені (3 494 млн АҚШ долл.) құрады. Ақша қаражаты мен оның баламалары негізінен теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамының әлсіреуіне байланысты өсті. Доллар түрінде шоғырландырылған ақша қаражаты, олардың баламалары 2021 жылғы 31 желтоқсандағы 3 494 млн. АҚШ долл. көрсеткішімен салыстырғанда 2,2%-ға 3 572 млн. АҚШ долларына азайды.

2022 жылдың басына бері болған корпоративтік негізгі оқиғалар:

  • 2022 жылғы 21 қаңтарда АМӨЗ Eximbank-тен алған 604 млн АҚШ доллары (259 млрд теңге) сомасындағы қарызды, сыйақыны қоса алғанда, мерзімінен бұрын толық өтеді.
  • 2022 жылғы 15 сәуірде М.М. Мырзағалиев ҚМГ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.
  • 2022 жылдың басынан бастап ҚМГ Директорлар кеңесі мен Басқармасының құрылымында жаңа тағайындаулар болды. 2022 жылғы 23 тамыздағы жағдай бойынша ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамында 8 адам бар (Уолтон К. Д. – Директорлар кеңесінің төрағасы, Мырзағалиев М.М., Қарабалин Ұ.С., Жанәділ Е.Б., Ауғанов Ғ.К., Холланд Ф.М., Миллер Т.Г., Хаирова Ә. А.), ҚМГ Басқармасының құрамы 8 адамнан тұрады (Мырзағалиев М.М. – Басқарма төрағасы, Есқазиев Қ.О., Қарабаев Д.С., Мунбаев М.К., Абдулғафаров Д.Е., Қайрденов А.Қ., Закиров Б.Қ., Лавренов В.С.).
  • 2022 жылғы 13 маусымда Компания полипропилен өндіретін зауыт құрылысының ауқымды жобасын жүзеге асырып жатқан «Қазақстан Петрокемикал Индастриз Инк» ЖШС-ға қатысу үлесінің 49,5%-ын сатып алу мәмілесін аяқтады.
  • 2022 жылғы 20 маусымда Компания «Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚР Ұлттық Банкінің шешіміне сәйкес ҚМГ акциялары бойынша 2021 жылы бір акцияға 327,80 теңге сомасында 200 млрд теңге дивиденд төледі.
  • 2022 жылғы 23 маусымда ҚМГ қызметін жүргізетін өңірлерде жергілікті атқарушы органдармен, ҚМГ еншілес және мердігерлік ұйымдарының кәсіподақтарымен байланыс орнату, халықты жұмыспен қамту жобаларын іске асыру, өндірістік бағдарламалардың орындалуын бақылау, сондай-ақ кен орындарын игеру мәселелері жөніндегі жұмыстарды күшейту мақсатында Ақтау қаласында өз өкілдігін ашты.
  • 2022 жылғы шілдеде Компания сұйытылған көмірсутек газы мен мұнай өнімдерін сатумен айналысатын «Petrosun» ЖШС-дегі қатысу үлесінің 49%-ын сатып алды.

[1] Сомалар қолайлы болу үшін тиісті кезеңдегі орташа айырбас бағамы бойынша АҚШ долларында көрсетілген (2022 және 2021 жылдардың бірінші жартыжылдығындағы орташа бағамдар 450,06 және 424,22 теңге/АҚШ долларын құрады. 2021 жылғы 30 маусымдағы және 2021 жылғы 31 желтоқсандағы бағамдар 470,34 және 431,80 теңге/АҚШ долларын құрады.

[2] Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың үлесіне түзетілген таза пайда = таза пайда плюс бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер минус бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесі.

3 Дереккөзі: S&P Global Platts.

4 EBITDA = кіріс плюс бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың кірістеріндегі үлес, нетто, минус сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және басқа материалдардың өзіндік құны минус өндірістік шығыстар минус жалпы және әкімшілік шығыстар минус тасымалдау мен сату шығыстары минус табыс салығынан басқа салықтар.

5 EBITDA түзетілген көрсеткіші = кіріс плюс бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд, минус сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және басқа материалдардың өзіндік құны минус өндірістік шығындар минус жалпы және әкімшілік шығындар минус тасымалдау және сату шығындары минус табыс салығынан басқа салықтар. 2021 жылдың 1-ші жартыжылдығына түзетілген EBITDA «ҚазТрансГаз» АҚ бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың дивидендтерін қамтымайды.

6 Бос ақша ағыны - негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, инвестициялық жылжымайтын мүлікті және барлау және бағалау активтерін сатып алуды қоспағанда, операциялық қызметтен алынған ақша ағыны. Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд операциялық қызметтен түскен ақша ағынына қосылады.

7 Есепті кезең соңындағы жалпы қарыз = облигациялар плюс қарыз (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді). Берілген кепілдіктер есепке алынбайды.

[8] Компанияның жалпы қарызы мен таза қарызы 2021 жылдың 31 желтоқсандағы жағдай бойынша көрсетілген.

9 Есепті кезеңнің соңындағы таза қарыз: облигациялар плюс қарыз минус ақша қаражаты пен оның баламалары минус банк салымдары (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді). Берілген кепілдіктер есепке алынбайды.

10 Өндірістік көрсеткіштер ҚМГ-ның бірлескен және қауымдасқан компаниялардағы иелік ету үлесіне сәйкес және шоғырландырылған еншілес ұйымдар үшін көрсеткіштердің 100% көрсетілген. Толық ақпаратты 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік нәтижелер туралы баспасөз хабарламасынан мына сілтеме бойынша оқи аласыз: https://www.kmg.kz/kaz/investoram/reporting-and-financial-result/.

[11] 2021 жылғы 11 наурызда компания мен Самұрық-Қазына «ҚазТрансГаз» АҚ (бұдан әрі – «ҚТГ») 100% жай акциясына қатысты сенімгерлік басқару шартына қол қойды. 2021 жылғы 9 қарашада Компания Самұрық-Қазынаға ҚТГ 100% акциясын 1 теңгеге берді және сенімгерлік басқару шартының күші тоқтатылды. Мәміле алдында бірқатар заңды және қаржылық шарттарды орындау, оның ішінде мемлекеттік органдар мен ҚМГ кредиторларының келісімдерін алу қажет болды. Шарттардың соңғысы 2021 жылғы 8 қарашада орындалды. 2021 жылғы 8 қарашадан бастап ҚТГ тоқтатылған қызмет ретінде жіктелді. Толығырақ 2022 жылғы 30 маусымда аяқталған үш және алты айдың аралық қысқартылған шоғырландырылған қаржылық есептілікке 4-ескертпеден оқыңыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>