Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ IPO-сы барысында акцияларды сатып алуға инвесторлардан 129 мыңнан аса өтінім келіп түсті

06.12.2022

«Самұрық-Қазына» АҚ (Қор) және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) «Астана» Халықаралық қаржы орталығының биржасы (Astana International Exchange, AIX) мен Қазақстан қор биржасында (KASE) IPO аясында 2022 жылғы 2 желтоқсанда аяқталған ҚМГ акцияларына жазылудың қорытындысын жариялайды.

Жазылу кезеңінде инвесторлардан 181 млрд теңгеден астам жалпы сомаға 129 мың өтінім келіп түсті. Осы өтінімдерді талдау нәтижесінде 153 млрд теңгеден астам сомаға өтінімдерді қарастыру туралы шешім қабылданды. Айырмашылық келіп түскен өтінімдерді талдаудың бұған дейін жарияланған мақсатқа сәйкес, жекелеген ірі инвесторлардың қолында акциялардың қомақты пакетінің шоғырлануын болдырмау үшін бірқатар өтінімдердің толық көлемде қарастырылмағанымен түсіндіріледі. Қазақстан Республикасы азаматтарының акцияларды сатып алуға берген өтінімдері толық көлемде мақұлданды.

Осылайша, аталмыш IPO барысында Қор «ҚазМұнайГаздың» 18 303 584 (он сегіз миллион үш жүз үш мың бес жүз сексен төрт) жай акциясын сатады, бұл ҚМГ-нің ұсынылған жай акцияларының жалпы санының 3%-ын құрайды.

Инвесторлар өтінімдері төмендегідей бөлінді:

  • Қазақстан азаматтарының өтінімдері – шамамен 74,6 млрд теңге (48,5%) сомасында;
  • қазақстандық заңды тұлғалардың өтінімдері – шамамен 72,7 млрд теңге (47,2%) сомасында;
  • шетелдік жеке және заңды тұлғалардың өтінімдері – шамамен 6,6 млрд теңге (4,3%) сомасында.

Қабылданатын өтінімдерді анықтау барысында Қазақстан Республикасының азаматтарынан келіп түскен өтінімдерге басымдық берілді, олардың өтінімдері қарастырылғаннан кейін (толық көлемде) қалған тұлғалардың өтінімдерін қарастыру туралы шешім қабылданды.

Алмасадам Сәтқалиев, Қордың Басқарма төрағасы:

Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласының көшбасшысы ҚМГ IPO-сы барысында ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ҚМГ IPO-сын өткізу бойынша барлық тапсырмалары толық орындалды. Біріншіден, ҚМГ акцияларын сату кезінде Қазақстан азаматтарының өтінімдеріне басымдық берілді: қаржылық тұрғыдан келгенде, Қазақстан азаматтарының инвестициялар көлемі тартылған инвестициялардың жалпы көлемінің шамамен 50%-ын құрады, ал келіп түскен өтінімдер саны бойынша өзге тұлғалардың өтінімдерін қоса алғанда олардың жалпы санынан едәуір асып түсті. Екіншіден, ұлттық компанияның сатылған акцияларының көлемі ҚМГ акцияларының жалпы санынан 5%-дан аспады. Нәтижесінде, келіп түскен өтінімдер саны және қорытынды сату көлемі ҚМГ IPO-сын Қазақстанның қор нарығы тарихындағы ең ірі IPO етеді. Бұдан басқа, бұл IPO қазақстандық бағалы қағаздар нарығының жоғары перспективасын, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының инвестициялық сауаты мен белсенділігі айтарлықтай артқанын көрсетті. Бұл жекешелендірудің кешенді жоспарын одан әрі іске асыруға және қор қоржынындағы бірқатар компанияны IPO арқылы бәсекелестік ортаға шығаруға жақсы алғышарт болады».

Мағзұм Мырзағалиев, ҚМГ Басқарма төрағасы:

KASE және AIX қор биржаларының тізіміне ену ҚМГ даму тарихындағы жаңа кезеңді білдіреді. Қазақстанның қор нарығындағы ең ірі деп танылған ҚМГ IPO-сын Қазақстандағы алғашқы «цифрлы» IPO деп те атауға болады. Өйткені акцияларды сатып алуға өтінімдердің 99%-ы онлайн берілген. Инвесторлардың біздің компанияға деген қызығушылығына қуаныштымыз. Бұл «ҚазМұнайГаздың» Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы ретіндегі орнын және инвесторлар қауымдастығының біздің компаниямыздың одан әрі өсуі мен даму мүмкіндігіне деген сенімін растайды. Біз жаңа акционерлерді қуана қарсы аламыз және олармен өз жетістігімізді бөлісуге асықпыз.

2022 жылғы 7 желтоқсанда барлық сатылатын акциялар қабылданған өтінімдерге (қабылданған көлемде) сәйкес бөлінеді және тиісті инвесторлардың шоттарына түседі және олардың шотынан ҚМГ акциялары үшін төлеуге тиіс қаражат бірден алынады. Жазылу кезеңінде өтінім беруге үлгермеген адамдар ҚМГ акцияларын «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасы (Astana International Exchange, AIX) мен Қазақстан қор биржасында (KASE) қайталама сауда-саттық басталғаннан кейін нарық талаптары бойынша 2022 жылғы 8 желтоқсаннан сатып ала алады.

Акцияларды сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының акцияларын бәсекелес ортаға берудің кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 5 қарашадағы № 877 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Акцияларды иеліктен шығару туралы түпкілікті шешімді Қордың Директорлар кеңесі қабылдады және ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №978 қаулысымен бекітілді.

Мәміленің бірлескен үйлестірушілері мен жергілікті букранерлер – «Halyk Finance» АҚ, «Фридом Финанс» АҚ, «SkyBridge Invest» АҚ және «BCC Invest» АҚ, халықаралық букранерлер – WOOD & Company Financial Services a.s. және Renaissance Securities (Cyprus) Limited.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>