Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы М.Мырзағалиевтің Мұнай-газ кешені қызметкерлері күнімен құттықтауы

04.09.2022

Мұнай-газ кешені қызметкерлерін кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ел экономикасындағы жетекші сала үшін биыл елеулі жыл. Қазақ мұнайының бастауында тұрған тарихы терең кәсіпорын «Ембімұнайгаз» 100 жылдық мерейтойын атап өтті. Отандық мұнай тарихы бір ғасырдан астам уақыт бұрын Қарашүңгіл, Ескене, Доссор, Мақат кен орындарынан бастау алды. Ғасырлық биігін бағындырған Ембі мұнайшылары 100 жыл ішінде 188 млн тоннадан астам қара алтын өндірді. 1922 жылы Атырау жерінде «Ембімұнай» тресі ретінде құрылған кәсіпорын мыңдаған маманды ұясынан ұшырып, саланы дамытуға өлшеусіз үлес қосты. Бүгінде «Ембімұнайгаз» АҚ – даңқты тарихтың лайықты жалғасы, Қазақстандағы жетекші мұнай компанияларының бірі.

Сонымен қатар, биыл мұнай нарығында көмірсутегі шикізатын барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау секілді сан саланы біріктірген «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының құрылғанына 20 жыл толды.

Қазақ мұнай-газ өнеркәсібінің жылнамасына алтын әріптермен жазылатын қос мереке – мұнайшылардың табанды еңбегі мен күш-жүгерінің нәтижесі.

Өткен 20 жыл ішінде «ҚазМұнайГаз» тобындағы кәсіпорындар мұнай және газ конденсатын өндіру көлемін үш есеге жуық, яғни 347 миллион тоннадан асырды. Ал мұнай өңдеу көлемі 7,4 есе өсіп, 227 миллион тоннаға жетті. 20 жыл ішінде компания активтері 7,5 есе, компанияның жылдық айналымы 4 есе, капиталдандыру 7,7 есе, жыл сайынғы таза пайда 5 есе өсті. Әлемдегі жағдай мен саладағы қиындықтарға қарамастан, еліміздегі мұнай-газ өндірісі тұрақты.

Мұнайшылардың қазіргі буыны тәуелсіз еліміздің экономикасын, халқымыздың әл-ауқатын арттыруға сүбелі үлес қосып келеді. Жерасты байлығын барлау, игеру, дамыту – қажыр-қайрат пен білімді, табанды еңбекті талап етеді. Бүгінде «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобында 60 мыңға жуық адам еңбек етеді. Компанияның ең басты капиталы – қызметкерлері. Осындай сан қырлы өндіріс сынына төтеп беріп, жаздың аптап ыстығы мен қыстың қаһарлы суығына қарамай, ел игілігіне қызмет ететін мұнайшыларды кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, еңбектеріне табыс, шаңырақтарына құт-береке тілеймін. Әрдайым абырой биігінен көріне беріңіздер!

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>