Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды

22.10.2022

22 қазанда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың елордадағы кеңсесінде өткен Республика күніне арналған салтанатты жиында компанияның бірқатар қызметкерлері мемлекеттік және ведомстволық наградаларға ие болды.

ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев ұжымды мерекемен құттықтап, 1990 жылы 25 қазанда қабылданған «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы» декларация Қазақстанның тәуелсіздікке жасаған қадамының құқықтық негізі болғанын еске салды.

«Қазақстанның Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктеріне еліміздің әр азаматының үлесі бар. Ел экономикасы өндірістегі мамандарымыздың арқасында қарыштап дамыды. Еңбек адамының тынымсыз тірлігі мен күш-жігері еліміздің өркендеп өсуіне, іргесі берік мемлекет болып қалыптасуына себеп болды. Отаншылдық – туған еліңнің игілігі үшін қызмет етуді білдірсе, жыл мезгілін таңдамай, аптап ыстық пен аязды қыстың суығына қарамастан, өндірісте міндетін мүлтіксіз орындайтын мұнайшылар қауымы – еліміздің нағыз жанашыр азаматтары», - деп атап өтті М.Мырзағалиев.

Ол биылғы жыл отандық мұнай саласы үшін елеулі оқиғаларға толы болғанын, тарихы терең өнеркәсіп «Ембімұнайгаз» ғасырлық тойын атап өткенін және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының құрылғанына 20 жыл толғанын айтты.

ҚМГ басшысы «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісін Сейтқасым Оспановқа («ҚазТрансОйл» слесарі), Рахымжан Жанғабыловқа (Атырау МӨЗ бас инженері), Нағима Мадибековаға (ҚМГ бас маманы), Болат Бегжановқа («Өзенмұнайгаз» көлік департаментінің директоры) табыстады.

Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының жұмысшы мамандықтары арасында 3-6 қазанда Қызылордада ақтық кезеңі өткен дәстүрлі байқаудың жеңімпаздары «Үздік маман» төсбелгісімен, еңбегімен көзге түскен өзге де мамандар алғыс хаттармен марапатталды.

Республика күніне арналған салтанатты жиында 3-6 қазанда «Үздік маман» байқауының қорытындысы туралы бейнеролик көрсетіліп, басқосу концертке ұласты.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>