Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» IPO-сының қорытындысы және компания акцияларының қайталама саудаға шығуы туралы

08.12.2022

2022 жылғы 8 желтоқсанда «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (Astana International Exchange, AIX) биржасы мен Қазақстан қор биржасында (KASE) «ҚазМұнайГаз» акцияларының қайталама сауда-саттығын ашу рәсімі өтті. Акциялар сауда-саттығының ашылу салтанатына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қатысты.

Шарадан кейін Қордың Басқарма төрағасы А.Сәтқалиевтің, ҚМГ Басқарма төрағасы М.Мырзағалиевтің, Astana International Exchange (AIX) Басқарма төрағасы Р.Бектуровтың, «Қазақстан халық банкі» АҚ Басқарма төрағасы Ү.Шаяхметованың, Freedom Holding Corp бас атқарушы директоры Т.Турловтың қатысуымен баспасөз брифингі өтті.

Айта кетейік, 2022 жылғы 2 желтоқсанда IPO барысында ҚМГ акцияларына жазылу аяқталды. Жазылу науқаны барысында инвесторлардан 181 млрд теңгеден астам сомаға 129 мыңнан аса өтінім келді. Осы өтінімдерді талдау нәтижесінде 153 млрд теңгеден астам сомаға өтінімдерді қарастыру туралы шешім қабылданды. Осылайша, аталмыш IPO барысында Қор «ҚазМұнайГаздың» 18 303 584 жай акциясын сатты, бұл ҚМГ-нің ұсынылған жай акциялар жалпы санының 3%-ын құрады.

Бұл ретте Қазақстан азаматтарының өтінімдері 74,6 млрд теңге сомасына 48,5%, қазақстандық заңды тұлғалар өтінімдері 72,7 млрд теңге сомасына 47,2%, шетелдік жеке және заңды тұлғалар өтінімдері 6,6 млрд теңге сомасына 4,3% болды.

«Қазақстан қор нарығының тарихында ҚМГ акцияларының алғашқы жария ұсынысы қазақстандық қор биржаларында ғана листингі бар ең ірі жергілікті IPO болды. Бұл IPO Қор мен ҚМГ өткізген ауқымдық дайындық жұмысының, қаржы секторындағы цифрлық технологиялардың қарқынды дамуының арқасында сәтті өтті. Дамыған цифрлық технологиялар жеке тұлғалардың өтінім беруін, сондай-ақ Қор мен ұлттық компанияның инвестициялық қауымдастық алдындағы ашықтығын айтарлықтай жеңілдетті. Ең алдымен Қазақстан азаматтарының өтінімдеріне басымдық беріліп, олар толық көлемде мақұлданғаның атап өткім келеді. Қор мен ҚМГ компанияны дамыту және корпоративтік басқаруды одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмысын жалғастырады», - деп атап өтті Қордың Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.

Қазақстанда алғаш рет тікелей жазылу құралы пайдаланды – Tabys мобильді қосымшасы және «Қазпоштаның» бөлімшелері арқылы. Тікелей жазылу үшін акцияларға өтінімді тікелей акционерге – Қорға беру мүмкіндігі болды. Осының арқасында, сондай-ақ жекелеген екінші деңгейлі банктердің және брокер-дилерлік ұйымдардың мобильді қосымшалары арқылы брокерлік компаниялардың өкілдері жоқ өңірлер мен шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары IPO-ға қатыса алды. Тікелей жазылу әдісімен 1 миллиард 500 миллион теңгеге шамамен 6 мың өтінім берілді.

«Біз үшін бұл компания дамуындағы жаңа кезеңмен қатар үлкен жауапкершілік. Ондаған мың қазақстандық, отандық және шетел инвесторлары бізге сенім артып, «ҚазМұнайГазбен» бірге болуды шешті. Бұл ретте компания бүгінгі жергілікті биржаларға тұрақты өндірістік және қаржы көрсеткіштерімен, теңгерімді және түрлі активтер портфелімен, жақсы халықаралық кредиттік рейтингтерімен шығып отыр. Сонымен бірге біз алдағы қызметімізде ашықтығымызды артып, корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарына ұмтыламыз. Компанияның ұзақмерзімді перспективада акционерлердің игілігі үшін өсіп-өркендеуі жолында бар күш-жігерімізді саламыз», - деді ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.

ҚМГ IPO-сын өткізу барысында банктердің мобильді қосымшаларының жұмысы мен оларды табыстылығы туралы «Қазақстан халық банкі» АҚ Басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова айтып берді.

«Ең алдымен «ҚазМұнайГаз» IPO-сы отандық қор нарығы үшін айтулы оқиға болғанын атап айтқым келеді. Бұл қаражат жағынан да, берілген өтінімдер саны бойынша да – ірі жергілікті орналастыру. Бұл ретте ұсынылған көлемнің жартысынан көп бөлігі жеке сегментке тиесілі болды, олардың сұранысы толық көлемде өтелді. Шамамен 90 мың өтінім, яғни жалпы берілген өтінім санының 70%-ы Halyk Homebank қосымшасындағы Halyk Invest сервисі арқылы жолданғаны бізді қуантады. «ҚазМұнайГаз» IPO-сына қатысу үшін цифрлы каналдарды пайдаланған жалпы адамдар саны бөлінісінде банкіміздің клиенттері үлесіне қарайтын болсақ, барлық жаңа жеке инвесторлардың 53% біздің қосымша арқылы компанияның акционері атанды. Жалпы, еліміз үшін бұл алғашқы цифрлы IPO болса, біздің банк үшін – жеке брокеридж сегментіндегі алғашқы ауқымды жұмыс тәжірибеміз. Меніңше, «Самұрық-Қазына» қоры да, біз де қойылған міндеттерді ойдағылай орындап шықтық. Енді Halyk банк жеке инвестициялар сегментінің толық құқылы және маңызды қатысушысына айналды деп сеніммен айтуға болады», - деп мәлімдеді Ү. Шаяхметова.

Қазақстан Республикасының азаматтарынан келген өтінімдер толық қабылданғанын атап өткен жөн. Бұл ретте мәміле үйлестірушісі мен букранерлердің бірі – Freedom Broker – жазылу кезеңінде 90 млрд теңгеге өтінім жинады, оның ішінде өтінімдер 67 млрд теңге cомасына қарастырылды.

«Бұл «ҚазМұнайГаз» IPO-сы ұзақ үзілістен кейін Қазақстанның ішкі нарығы тарихындағы ең ірісі болды. Ол біздің қор нарығымызды біраз сілкіндіріп, жаңа жеке инвесторлар легінің келуіне әсер етті. Клиенттеріміздің акцияға үлкен қызығушылығын байқадық. Бұған цифрлар дәлел: жазылу науқаны кезінде Freedom Broker 90 млрд теңгеге өтінім жинады, бұл жалпы соманың жартысы. Оның ішінде өтінімдер 67 млрд теңгеге қарастырылды, бұл мақұлданған өтінімдердің жалпы сомасының 44%-ын құрады. Шикізат секторы инвесторлар үшін қашанда тартымды болады. Біз қайталама нарықта да «ҚазМұнайГаз» қағаздарына қазақстандық және шетелдік инвесторлар тарапынан қызығушылық болатынын болжап отырмыз», - деді Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>