Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» француз серіктестерімен ынтымақтастықты арттыруда

30.11.2022

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) мұнай және газ өңдеу саласындағы жобаларға 100 млн еуроға жуық инвестиция тартуға ниетті. Бұл туралы ҚМГ және Air Liquide басшылығы кездесу барысында келісті.

29 қарашада ҚМГ мен Air Liquide Eastern Europe S.A. арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға ресми сапары кезінде француз іскер топтарының өкілдерімен кездесу барысында өтті.

Қол қойылған құжатқа сәйкес, «Эр Ликид Мұнай Тех Газы» ЖШС (ЭЛМТГ) бірлескен кәсіпорнының базасында жылына 160 мың тонна көлемінде қысқы дизель отынын өндіру үшін Павлодар мұнай-химия зауытында сутегі өндірісінің жаңа қондырғысын салу жобасы пысықталатын болады. Бұл өңдеу тереңдігін 84,2%-дан 88,3%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жобаның болжам бойынша құны – 60 миллион еуро.

Одан бөлек, ҚМГ-нің Атырау облысында полиэтилен өндіретін газ-химия жобасын іске асыру шеңберінде техникалық газдар өндірісі бойынша қондырғы салу жоспарлануда. Жобаға салынатын инвестиция сомасы болжам бойынша шамамен 40 млн еуроға жетеді.

Сондай-ақ тараптар декарбондау мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа сәйкес, 2020 жылмен салыстырғанда 2035 жылға қарай ЭЛМТГ кәсіпорны CO2 шығарындыларын 33%-ға қысқартуды және 2050 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді жоспарлап отыр. ЭЛМТГ Қазақстанда электр энергиясын барынша жаңартылатын көздерден сатып алуға ұмтылатыны атап өтілді.

«Air Liquide – біздің байырғы серіктесіміз, ынтымақтастығымыз «ҚазМұнайГаздың» үш зауытындағы (ПМХЗ, АМӨЗ, KPI) табысты тәжірибеге негізделген. Бірге 5 жобаны жүзеге асырдық, сутегі мен азотты жеткізуге 20 жылға дейінгі ұзақ мерзімді келісімшарттарға қол қойдық. Бүгін қол қойған құжаттар бірлескен жобаларымызды одан әрі жемісті іске асыруға серпін береді. Air Liquide қондырғыларының энергия тиімділігін жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар пайдалану шығындарын және тиісінше техникалық газдардың бағасын төмендетуге мүмкіндік береді деп санаймыз», - деп атап өтті ҚМГ басшысы М.Мырзағалиев.

Сонымен қатар, Францияға жұмыс сапары барысында «Самұрық-Қазына» АҚ, ҚМГ мен Total Eren S.A. арасында 300 МВТ/600 Мвтс электр энергиясын жинақтау жүйесі бар жел электр станциясын (1 ГВт) салу мәселесі бойынша негізгі шарттар туралы келісімге қол қойылды.

Келісім тараптар арасында бірлескен кәсіпорын құру бойынша қатысу үлестері, мәмілені жүзеге асыру мерзімдері мен нысаны, қаржыландыру көздері және осы секілді өзге де негізгі шарттарды  айқындайды. Болжам бойынша, станцияны пайдалануға беру мерзімі – 2025 жылдың 4-тоқсаны.

Анықтама үшін

Air Liquide – газдар, технология, өнеркәсіпке қызмет көрсету және денсаулық сақтау саласындағы әлемдік көшбасшы. 75 елде таныстырылған. «Эр Ликид Мұнай Тех Газы» ЖШС Air Liquide және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың 2016 жылы құрылған бірлескен кәсіпорны, үлестері тиісінше 75% және 25%. 2018 жылдан бастап Павлодар мұнай-химия зауытында,  2021 жылдан бастап Атырау мұнай өңдеу зауытында сутегі мен азот өндіру қондырғыларын пайдалануды табысты жүзеге асырып келеді. Сонымен қатар, ЭЛМТГ 2021 жылдан бастап Атырау қаласының маңындағы Қарабатанда жаңадан салынған азот өндіру қондырғысында өнеркәсіптік өндірісті бастады.

2021 жылы қазан айында ҚР Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Total Eren S.A. өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, ол бойынша қуаты 1 ГВт жел станциясын салу және пайдалануға беру көзделеді. 2022 жылы 9 маусымда тараптар қуаты 1 ГВт жел электр станциясын (ЖЭС) салу жобасы бойынша қағидаттар туралы келісім жасасты.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>