Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз ESG рейтинг тәуекелінің орташа тұрақты деңгейін сақтап қалды

06.10.2022

Sustainalytics агенттігі «ҚазМұнайГаз» ҰКАҚ-ның (бұдан әрі – ҚМГ, Компания) экология, әлеуметтік саясат және корпоративтік басқару (ESG) саласындағы қызметінің тиімділігіне кешенді зерттеу жүргізді.

Рейтинг агенттігі ҚМГ-нің ESG тәуекелдерін басқаруды 28,5 балл деңгейінде бағалады. Компания ESG факторларының айтарлықтай әсер етуінің орташа тәуекеліне ұшырайды. Салыстырмалы рейтингте ҚМГ Sustainalyticsагенттігі бағалаған 250 әлемдік мұнай-газ компаниялары арасында 18-ші орында тұр. Sustainalytics рейтингі туралы толық ақпараттымына сілтеме бойынша оқи аласыз.

Біз еңбекті қорғау саласындағы орын алған тәуекелдерге қарамастан рейтинг деңгейін сақтап қалдық. ҚМГ өз қызметін жүргізетін өңірлердегі жергілікті қауымдастықтарментығыз жұмыс істегені, салық төлемдерінің ашықтығы, сондай-ақ қоршаған орта қорғап, биоалуандылықты сақтағаны үшін жоғары сараптамалық баға алды. Сонымен қатар, есепте «Sustainalytics» сарапшылары ҚМГ компаниялар тобындағы корпоративтік басқаруды жоғары бағалап, оның бизнес-этиканың жоғары стандарттарын ұстанатынынатап өтті.

ҚР мұнай-газ саласында мемлекет мүддесін қорғайтын ұлттық оператор ретіндеҚМГ тұрақты даму саласындағы ең жоғары стандарттарға сай болу үшін өз қызметін жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастырады. Компания өндірістегі жазатайым оқиғалардыболдырмау және алдын алу, парниктік газдар шығарындыларын жоспарлы түрде азайту, әлеуметтік және экологиялық көрсеткіштер бойынша өңірлеріндегі жұмысты жақсартуға бар күш-жігерін салады.

ESG бойынша ақпаратты берудің ашықтығын арттыру мақсатында 2012 жылдан бастап ҚМГ жыл сайын GRI стандарттарына (GRI Standards) сәйкес тұрақты даму саласындағы есептілікті жариялап келеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>