Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» еншілес компаниялар қызметкерлерінің ESG мәдениетін арттыруда

26.10.2022

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2022 жылдың күзінде өзінің еншілес және тәуелді ұйымдарының (бұдан әрі – ЕТҰ) қызметкерлеріне арнап бірқатар практикалық тренинг өткізді.

Қыркүйекте Ақтау қаласында PWC Kazakhstan сарапшылары ҚМГ корпоративтік орталығының мамандарымен бірлесіп, ЕТҰ-да еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, экономика және адам ресурстарын басқару мәселелеріне жетекшілік ететін қызметкерлер үшін тұрақты даму саласындағы ақпаратты ашу бойынша практикалық тренинг ұйымдастырды.

Оқыту барысында ЕТҰ-ның жүзден аса қызметкері тұрақты даму саласындағы жаһандық трендтермен, БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарымен және ESG рейтингтерінің ҚМГ қызметіне тигізетін әсерімен танысты. Тренингке қатысушылар теориядан бөлек GRI тұрақты даму (Есептілік бойынша жаһандық бастама) саласындағы халықаралық стандарттарды практикалық қолдануды да үйренді.

Ал қазан айында Астана қаласында 7 ірі еншілес мекеменің жоба жетекшілеріне Green Project Management Global әдістемесіне негізделген жобаларды тұрақты басқару бойынша бейінді оқу шарасы өтті.

Оқуға қатысушылар тұрақты даму тұжырымдамасын жобаларда, бағдарламалар мен портфельдерді қолданудың озық тәжірибелерімен танысты, жобаларды бағалау, тәуекелдерін төмендету және жобалардың табыстылығын арттырудың практикалық құралдарын үйренді. Тестілеу нәтижесі бойынша ЕТҰ-ның 5 жоба жетекшісі GPM-b жобаларын тұрақты басқару бойынша халықаралық сертификат алады.

ҚМГ өз қызметкерлерінің тұрақты даму саласындағы құзыреттерін дамытуға ұмтылады. Компанияның ESG принциптерін ұстанатындығы оның жоғары рейтингісімен расталады.

Осы жылдың қыркүйек айында Sustainalytics[1] рейтинг агенттігі «ҚазМұнайГаздың» ESG тәуекелдерін басқаруды 28,5 балл деңгейінде бағалады. Салыстырмалы рейтингте ҚМГ Sustainalytics агенттігі бағалаған әлемнің 250 мұнай-газ компаниялары арасында үздік 20 компания қатарына енді. Sustainalytics рейтингі туралы толық ақпарат мына сілтемеден оқи аласыз.

[1] Sustainalytics – экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару саласындағы зерттеулермен айналысатын жетекші тәуелсіз компания. Дүниежүзі бойынша инвесторларға инвестициялық стратегияларды әзірлеу мен енгізуге көмектесетін рейтингтік және рекрутингтік фирма.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>