Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» Диспетчерлік талдау орталығын ашты

22.10.2022

22 қазанда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ғимаратында жаңа Диспетчерлік талдау орталығының (ДТО) ашылуы өтті.

Жаңа орталықта «мұнай және өңделген мұнай өнімдерін өндіру, тасымалдау, өңдеу, маркетинг» бойынша ақпаратты қамтитын біріңғай цифрлы платформа жасақталған. Ол ҚМГ қызметінің барлық бағыттары бойынша деректерге мониторинг жасауға, бақылауға, талдауға, сақтауға, жинауға және өңдеуге мүмкіндік береді.

«Бүгін ақпаратты жедел, бірыңғай орталықтан алуға мүмкіндік беретін жаңа Диспетчерлік талдау орталығын іске қостық. Бұл бізге жедел ақпарат сапасын және ашықтықты арттыру арқылы ҚМГ активтерін басқару тиімділігін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді», - деп атап өтті ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.

Сондай-ақ орталықтың талдау жүйесі Павлодар және Атырау мұнай өңдеу зауыттарында өндірісті басқаруға арналған ақпараттық жүйемен интеграцияланған. Бұл кәсіпорындардағы жабдықтардың жағдайына онлайн технологиялық мониторинг жасауға, жедел диспетчерлік басқаруға және өнімнің материалдық балансын жүргізуге мүмкіндік береді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>