Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» басшысы үш мұнай өңдеу зауытының жұмысы және мұнай өнімдерінің өндірісі туралы баяндады

05.09.2022

Бүгін ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов пен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев жанар-жағармай нарығындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев үш мұнай өңдеу зауытының жұмысы, мұнай өнімдерін өндіру мен тұтыну жайында ақпарат берді.

«Жүргізілген жаңғыртудан кейін «ҚазМұнайГаз» тобындағы үш мұнай өңдеу зауытының жиынтықты қуаты 3 миллион тоннаға артып, жылына 17,2 миллион тоннаға жетті. Нақтырақ айтатын болсақ, бензин өндіру қуаты 70% – 2,9 млн тоннадан 5,1 млн тоннаға дейін, дизель отыны 30% – 4 млн тоннадан 5,2 млн тоннаға дейін артты. Ал авиаотын өндіру қуаты 2 еседен астам 0,3 млн тоннадан 0,67 млн тоннаға дейін өсті», - деді ҚМГ басшысы.

Айта кететіні, соңғы 3 жылда жанар-жағармай өндіру мен тұтыну көлемі өсті. Компания бензин бойынша Қазақстан Республикасының қажеттілігін толығымен жауып отырғанымен, көршілес елдерге тасымал есебінен («көлеңкелі тасымал») дизель отының тапшылығы байқалады. Мәселен, былтыр 4,8 млн тонна дизель өндірілсе, тұтыну көлемі 5,3 млн тоннаға жеткен. Ал биылғы дизель өндірісі 5,2 млн тонна деңгейінде, тұтыну 6 млн тоннадан асады деп күтілуде.

«Жағдайды тұрақтандыру үшін «ҚазМұнайГаз» бірқатар шұғыл шаралар қабылдады. Атап айтқанда, Шымкент және Атырау мұнай өңдеу зауыттарының жоспарлы жөндеу жұмыстарын кейінге шегеру туралы шешім қабылданды. Бұл нарықты қосымша 150 мың тоннаға дейін дизель отынымен қамтамасыз етеді. Ал «Қазақстан темір жолы» АҚ қажеттілігін өтеу үшін қосымша 100 000 тонна дизель отыны импортталады», - деп атап өтті М.Мырзағалиев.

Сонымен қатар, жол бойынан алыс орналасқан жанармай бекеттеріндегі сатылым көрсеткіші өңірлердегі жағдайдың тұрақты екенін және өнімнің сыртқа кетіп жатпағанын көрсетеді, бекеттердегі өнім көлемі өзгеріссіз. Ал шекара маңындағы жанармай бекеттерінде жазғы-күзгі кезеңде сұраныс күрт өсіп, бекеттердегі жанармай көлемі азайғаны байқалады. Бұл отандық өнімді шетелдік автокөліктердің әкетіп жатқанын көрсетеді. Шекара маңындағы аймақтардағы бекеттерде өнімнің аздығынан трассадағы жанармай бекеттерінде де тапшылық бар.

Ұлттық компанияның дерегі бойынша, 2022 жылы наурыз айында Ресей Федерациясында дизель отынына бөлшек сауда бағасы Қазақстандағы бағаның деңгейіне дейін төмендеген. Сәйкесінше, Қазақстанда шекара маңындағы және трассадағы бекеттерде жанармай көлемі ұлғайған (сатылым төмендеді).

Айта кетейік, Қазақстанда дизель отынының қоры 14 күнге, АИ-92 бензині 16 күнге, АИ-95 14 күнге жетеді.

М.Мырзағалиевтің айтуынша, жанар-жағармай мәселесін шешу үшін өңірлерде тұтынуға кемінде 14 күндік резерв қалыптастыруды қамтамасыз ету қажет.

Брифинг барысында бірқатар факторға байланысты авиаотын мен битум тұтынудың артуы туралы да айтылды. 2021 жылы авиакеросин өндірісі 587 мың тонна, ал тұтыну көлемі 662 мың тоннаны құрады. Биыл бұл көрсеткіш тиісінше 674 мың тонна және 789 мың тонна деңгейінде болады деп күтілуде. Авиаотын бойынша Қазақстан мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту барысында ішкі авиатасымалдардың қажеттілігін қанағаттандыру міндеті қойылғанын атап өткен жөн. Қазіргі кездегі әлемдегі геосаяси ахуалды қоса алғанда, транзиттік шетелдік авиатасымалдаушылардың жанармай құю көлемінің артуы елдегі авиаотын тұтыну көлемінің өсуіне әсер етті. Осыған байланысты еселенген авиаотынға сұраныс импорт есебінен өтеліп жатыр.

Битум өндірісіне келетін болсақ, 2021 жылы бұл көрсеткіш 933 мың тоннаны құрады, ал тұтыну 931 мың тоннадан сәл төмен болды. Биыл битум өндірісі 952 мың тонна деңгейінде күтілуде, ал тұтыну Энергетика министрлігі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кестесіне сәйкес 1,1 млн тонна мөлшерінде жоспарланған. ҚМГ дерегі бойынша, өндірістегі тапшылыққа ҚМГ тобына кірмейтін басқа зауыттардың өндіріс қуаты толық жүктелмеуі және тұтынудың маусымдық өсімі себеп болып отыр.

Мәселені шешу үшін «ҚазМұнайГаз» жыл бойы битум өндіруге дайын. Ол үшін тиісті мемлекеттік органдар жол-құрылыс компанияларының маусымынан тыс уақытта битум сатып алуы үшін қаржыландыру мәселесін шешуге тиіс. Оның үстіне, компания CASPI BITUM Ақтау зауытының қуатын 1,5 есе арттыру мәселесін зерттеуді бастап кетті. Бұл жоғары сапалы битум өндірісін жылына 750 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Қазір алдын ала техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу бойынша жұмыс жүріп жатыр.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>