Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» басшысы Сеулде бірқатар компания басшылығымен кездесулер өткізді

21.10.2022

18-20 қазан аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Сеул қаласында DAELIM және Samsung Engineering компанияларының басшылығымен кездесулер өткізді.

Кездесу барысында мұнай-газ химиясы саласындағы ынтымақтастық мәселелері, оның ішінде ҚМГ-нің полипропилен және полиэтилен өндіру жобалары талқыланды.

«Біз DAELIM компаниясының мұнай-газ химиясы саласындағы жетістіктерін, оның ішінде полиэтилен, полиизобутилен және биаксиалды-бағдарланған полипропилен пленкасының елеулі өндіріс қуатын, сондай-ақ Оңтүстік Корея, Азия мен Таяу Шығыстағы жетекші EPC компания ретінде жоғары бағалаймыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мұнай-газ химиясы саласын дамытуға ерекше назар аударатынын атап өткім келеді, қазір елімізде осы саладағы жобаларға мемлекеттен жүйелі қолдау көрсетіледі», - деп атап өтті М.Мырзағалиев DAELIM компаниясының басшылығымен кездесу барысында.

Samsung Engineering басшылығымен кездесуде ҚМГ басшысы  компанияның құрылыс және жобаларды басқару, техникалық-экономикалық негіздемеден бастап, жобалау, сатып алу, мұнай-газ, мұнай-газ химиясы және басқа да салалардағы индустрия объектілерін бастан аяқ салу, инжиниринг қызметтерінің толық спектрін көрсететін халықаралық жетекші EPC компания ретіндегі жетістіктерін атап өтті.

Сапар барысында М.Мырзағалиев Кореядағы DAELIM компаниясының өндірістік нысандары мен мұнай-химия кешендерін де аралады.

Анықтама үшін:

Daelim (Daelim Industrial Co.) Оңтүстік Корея, Азия мен Таяу Шығыстағы жетекші EPC компания. Оның қызметіне газ, мұнай өңдеу, химия және мұнай-химия өнеркәсібі, электр станциялары, индустрия және тұрғын үй құрылысы, өнеркәсіптік объектілерде құрылыс жұмыстары кіреді.

Samsung Engineering компаниясы құрылыс және жобаларды басқарумен айналысады (EPC&PM), техникалық-экономикалық негіздеме, жобалау, сатып алу, құрылыс және пайдалануға беруді қоса алғанда, инженерлік қызметтердің толық спектрін ұсынады. Ірі мемлекеттік мұнай компанияларымен жұмыс істейді: Saudi Aramco (Сауд Арабиясы), ADNOC (БАӘ) және Sonatrach (Алжир). Таиландта әлемдегі ең ірі газ бөлу зауытын салды, Сауд Арабиясында газ кешендерінің құрылысымен айналысады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>