ҚазМұнайГаз және QazaqGaz өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады
23.07.2024
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «QazaqGaz» ҰК» АҚ басшысы Санжар Жаркешовпен кездесті.
Тараптар тауарлық газ көлемін ұлғайтуға бағытталған жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарында газ өңдеу зауыттарын салу мәселелері талқыланды.
Сонымен бірге ҚМГ және QazaqGaz даму стратегияларын үндестіру және еліміздегі өндірісті кеңейту бойынша Жол картасын өзектендіру тақырыбы қозғалды.
А.Хасенов «ҚазМұнайГаз» еліміздің дербес газ саласының флагманы болып табылатын «QazaqGaz» компаниясымен серіктестікті жоғары бағалайтынын атап өтті.
Анықтама:
«ҚазМұнайГаз» – қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызметтер көрсетуге дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады.
«QazaqGaz» геологиялық барлау мен өндіруден бастап түпкілікті өнімді өткізуге дейінгі барлық тізбек бойынша қызметті жүзеге асыратын вертикалды интеграцияланған ұлттық газ компаниясы.