2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы операциялық және қаржылық нәтижелер бойынша конференцияға шақыру
11.08.2025
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (компания) 2025 жылы 21 тамызда Астана уақыты бойынша сағат 17:00/ GMT уақыты бойынша 12:00/ EDT уақыты бойынша 08:00-де өтетін 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы операциялық және қаржылық қорытындыларға арналған онлайн жиынға қатысуға шақырады.
Компания басшылығы есепті кезеңнің нәтижелерін ұсынатын болады.
Іс-шараға қатысу үшін сілтеме арқылы өтіп, тіркеу формасын толтырыңыз:
https://us06web.zoom.us/webinar/register/WN_T7SsX5eqT6uzkFR9RQH8Tg#/registration
Іс-шараға қосылу туралы мәлімет тіркелгеннен кейін электронды поштаңызға жолданады.
Тіркелген қатысушы тек бір құрылғыдан қосыла алады. Қоңырау кезінде құрылғыны өзгерту қажет болса, жүйеден шығып, қалаған құрылғыдан қайта кіруге болады.
«Сұрақ-жауап» сессиясы компания басшылығының презентациясынан кейін өткізіледі.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығының шоғырландырылған қаржылық есебі, қаржылық көрсеткіштер туралы баспасөз хабарламасы мен презентация жиын өтетін күні компания веб-сайтында жарияланады:
https://www.kmg.kz/investors/reporting/
Қосымша сұрақтар бойынша Инвесторлармен байланыс басқармасына тел. +7 (7172) 78 64 34, e-mail: ir@kmg.kz арқылы хабарласуға болады.
Компания туралы:
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы – Қазақстанның мұнай секторында мемлекет атынан өкілдік ететін, көмірсутектерді барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау бойынша Қазақстанның ұлттық операторы.