Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-ның 2023 жылғы өндірістік көрсеткіштері

27.02.2024

Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі — «ҚМГ», «Компания») 2023 жылдың өндірістік нәтижелерін жариялап отыр.

ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев:

«Компания өзінің стратегиялық бағытын табысты жалғастырып, алға қойған мақсаттарына қол жеткізіп отыр.  Олардың іске асырылуы ҚМГ барлық стейкхолдерінің, соның ішінде акционерлер мен инвесторлардың, қызметкерлері мен серіктестерінің, өңірлердегі халықтың және жалпы еліміздің мүддеcіне сай келеді.

Операциялық және барлау активтерінде газ өндіру көлемін ұлғайту бастамасы аясында есепті жылы  үш жаңа кен орнын іске қостық. Мамыр айында  Оңтүстік Ақсай кен орнын, желтоқсан айының басында Шығыс Өріктау кен орнын іске қосып, 2023 жылды Рожков кен орнын пайдалануға беріп аяқтадық.

2023 жылы қарашаның соңында Маңғыстау облысында орналасқан «Доңға» мұнай-газ кен орнында француздық TotalEnergies-тен 60% мөлшерінде үлесті сатып алу мәмілесі аяқталды. Есепті жылы кен орнында мұнай өндіру 547 мың тонна болды, соның ішінде жобаға кірген сәттен бастап ҚМГ үлесі 40 мың тоннаға жетті

Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясында біз мұнайды Баку бағытында және әрі қарай «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбырымен  тасымалдай бастадық. Бұл құбыр арқылы 2023 жылы шамамен 1 млн тонна жөнелтілді. Сонымен қатар маршруттарды әртараптандыру аясында «Атырау-Самара» мұнай құбыры арқылы және әрі қарай «Транснефть» құбырлары арқылы мұнайды Германияға  тасымалдай бастадық. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Германияға шамамен 1 млн тонна мұнай жеткізілді.

Есепті жылдың айтулы оқиғалардың бірі — қаңтар айында Біріккен Араб Әмірліктерінің серіктестерімен Abu Dhabi Ports компаниясымен бірлескен кәсіпорын ашып, әрқайсының дедвейті (тасымалданатын жүктің жалпы максималды салмағы)8 мың тонна Taraz және Liwa екі танкер сатып алдық. Су кемелері Қазақстан мұнайын Каспий теңізінде  тасымалдауға жұмылдырылған.

Сонымен бірге стратегиялық мақсаттардың ішінде Компания тұрақты даму саласында белгіленген міндеттерін, соның ішінде төмен көміртекті дамыту бағдарламасын жоспарлы түрде іске асырып жатыр. Мәселен, Total Eren-мен қуаты 1 ГВт болатын «Мирный» жел электр станциясының жобасы бойынша техникалық-экономикалық негіздемені аяқтап қалдық. Биыл Eni-мен гибридті электр станциясы бойынша нысандарды салу бойынша мердігерді анықтау үшін тендер рәсімдерін өткізу жоспарланып отыр»

2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылғы басты өндірістік көрсеткіштер:

  • ҚМГ көмірсутектерінің дәлелденген және ықтимал қоры (2P) 3,7%-ға артып, 733 млн тонна м.э. құрады;
  • Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 6,9%-ға өсіп, 23 532 мың тоннаға жетті;
  • Мұнай тасымалдау көлемі 7,6%-ға артып, 80 359 мың тоннаға жетті;
  • Қазақстандық және румындық мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын (КСШ) өңдеу көлемі 19 900 мың тоннамен салыстырғанда 19 593 мың тонна болды.
  2023 (ҚМГ үлесіне) 2022 (ҚМГ үлесіне) %
PRMS бойынша 2Р қоры, млн тонна м.э. 733 707 +3,7%
Мұнай өндіру, мың тонна 23 532 22 012 +6,9%
Газ өндіру, млн м³ 9 459 8 241 +14,8%
Мұнай тасымалдау, мың тонна 80 359 74 658 +7,6%
Мұнай өңдеу, мың тонна 19 593 19 900 -1,5%

Өндірістік көрсеткіштер егер өзгеше көрсетілмесе, бірлескен және қауымдақан компаниялардағы ҚМГ-нің иелену  үлесіне сәйкес шоғырландырылған еншілес ұйымдар үшін көрсеткіштердің 100%-ы  көрсетілген.

Көмірсутек шикізатының қорлары

DeGolyer&MacNaughton халықаралық тәуелсіз компаниясы жүргізген, PRMS халықаралық стандарттары бойынша  дайындаған аудитіне сай 2023 жылдың 31 желтоқсанында  ҚМГ көмірсутектерінің дәлелденген және ықтимал қоры (2P) 733 млн тонна м.э. (5 680 млн барр. м.э.) құрады. 2022 жылмен салыстырғанда 2Р қорының деңгейі 3,6%-ға өсті. Көрсеткіштердің өсуі геологиялық-техникалық іс-шаралар көлемін ұлғайту, ұңғымаларды бұрғылау және операциялық активтердегі өндірісті толықтыруға бағытталған игеру жоспарларын өзгерту бойынша іс жүзінде атқарылып жатқан іс-шаралармен, сондай-ақ Қашаған мен Қарашығанақ кен орындарын игеру жоспарларын іске асыруды нақтылаумен байланысты болды.

PRMS бойынша таза қорлар (2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша)

Қор санаты, млн тонна м.э. 2023 (ҚМГ үлесіне) 2022 (ҚМГ үлесіне) %
Дәлелденген (1P) 507 486 +4,4%
Дәлелденген және ықтимал (2P) 733 707 +3,7%
Дәлелденген,және ықтимал және болжамды (3P) 842 816 +3,3%
 
Қор санаты, млн барр м.э. 2023 (ҚМГ үлесіне) 2022 (ҚМГ үлесіне) %
Дәлелденген (1P) 3 943 3 775 +6,7%
Дәлелденген және ықтимал (2P) 5 680 5 478 +3,7%
Дәлелденген,  ықтимал және болжамды (3P) 6 502 6 294 +3,3%

Көмірсутек шикізатын өндіру

ҚМГ-нің мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 2023 жылы 6,9%-ға ұлғайып, 23 532 мың тоннаға (тәулігіне 486 мың барр.) жетті. Ілеспе және табиғи газды өндіру көлемі (кері айдау көлеміне дейін) 14,8%-ға, яғни 9 460 млн м3 дейін ұлғайды.

Мұнай және конденсат өндіру, мың тонна 2023  (ҚМГ үлесіне) 2022  (ҚМГ үлесіне) %
Өзенмұнайгаз 4 877 5 096 -4,3%
Маңғыстаумұнайгаз 3 075 3 049 +0,9%
Ембімұнайгаз 2 722 2 581 +5,5%
Теңіз 5 779 5 836 -1,0%
Қашаған1 3 108 1 402 +121,8%
Қарашығанақ 1 086 1 013 +7,1%
Өзгелері 2 885 3 036 -5,0%
Жиыны 23 532 22 012 +6,9%

1 2022 жылғы 15 қыркүйектен кейін ҚМГ-нің жобадағы үлесі — 16,88%

Теңіз кен орнында мұнай өндіру өндіру көлемі 1,0%-ға төмендеп, 5 779 мың тоннаны (тәулігіне 126 мың барр.) құрады. Өндірістің төмендеуіне мұнай құбырына жоспарлы техникалық қызмет көрсету кезінде Каспий құбыр консорциумы жүйесінің мұнайды қабылдауын тоқтатуы және 2023 жылдың төртінші тоқсанында қолайсыз метеожағдайларға байланысты  теңіз терминалы жұмысының тоқтауы себеп болды.  Ілеспе газ өндіру 0,9%-ға қысқарып, 3 202 млн м3 құрады.

Қашағанда ҚМГ үлесіне тиесілі мұнай өндіру көлемі 121,8%-ға өсім көрсетіп, 3 108 мың тоннаға (тәулігіне 68 мың барр.) жетті. Газ өндіру көрсеткіші 1 963 млн м3 болып,  123,8%-ға ұлғайды. Негізінен өндірістің өсуіне 2022 жылғы қыркүйекте «Самұрық-Қазына» АҚ-тан «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК 50% үлесін кері сатып алу жөніндегі мәміленің аяқталуы нәтижесінде ҚМГ үлесінің 8,44%-дан 16,88%-ға дейін ұлғаюы, сондай-ақ 2022 жылы жазда өндіруді тоқтату және теңіз бен жерүсті кешендеріне күрделі жөндеу және қалпына келтіру   жұмыстарын жүргізу себеп болды.

Қарашығанақта мұнай мен конденсат өндіру 7,1%-ға артып, 1 086 мың тоннаға (тәулігіне 23 мың барр.) жетті. Газ өндіру 15,1%-ға артып, 2 239 млн м3 құрады. Орынбор газ өңдеу зауытының шикі газды қабылдау мүмкіндігінің артуы мұнай және конденсат өндіру көлемінің ұлғаюына  әкелді.

Операциялық активтерде мұнай мен конденсат өндіру көлемі 1,5%-ға, яғни 13 559 мың тоннаға (тәулігіне 269 мың барр.) дейін қысқарды. Есепті жылдың шілдесінен бастап қыркүйегіне дейін Маңғыстау атом энергия комбинаты (МАЭК) тарапынан электр энергиясын апаттық ажырату  және электр қуатын шектеу Өзенмұнайгаз кен орындарында және басқа да бірқатар кен орында өндіру деңгейінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Сонымен қатар өндірістің табиғи төмендеуі салдарынан ескі кен орындарында өндіру деңгейінің  төмендеуі байқалады. Бұл ретте, төмендеу Ембімұнайгазда мұнай өндірудің өсуі есебінен ішінара өтелді, онда ескі кен орындарында  геологиялық-техникалық іс-шаралар сәтті өтіп,  С. Нұржанов пен Солтүстік Уаз  кен орнының Шығыс қапталы игеріле басталды.

2023 жылы қарашада ҚМГ-нің TotalEnergies EP Danmark A/S (TotalEnergies S.E. еншілес компаниясы) компаниясынан «Доңға» жобасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие Total E&P Dunga GmbH компаниясының жарғылық капиталындағы 100% акциясын сатып алу жөніндегі мәміле аяқталды. Осылайша, ҚМГ-нің «Доңға» жер қойнауын пайдалану жобасындағы  үлесі 60%-ға жетті. Доңға мұнай-газ кен орны Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында орналасқан. Кен орны 1966 жылы ашылған. Геологиялық қоры 93 млн тонна мұнай мен 7 млрд текше метрден астам газды құрайды.

Есепті жылы үш газ жобасы іске қосылды. 2023 жылы 10 мамырда «Қазгермұнай» компаниясы Оңтүстік Ақсай кен орнынан газ жеткізе бастады. Кен орнын «Қазгермұнай»  игереді, бұл компания үлесінің 50%-ы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға тиесілі.

Есепті жылдың 29 қарашасында ҚМГ 100% қатысатын «Өріктау Оперейтинг» компаниясы Шығыс Өріктау кен орнын өнеркәсіптік пайдалануға берді.  Бұл жобада Қазақстан Республикасында бірінші болып Жақсартылған модельдік келісімшарт қолданылады.

2023 жылы 21 желтоқсанда ҚМГ-ға 50%-ы тиесілі «Урал Ойл энд Газ» компаниясы Батыс Қазақстан облысындағы Рожков газ конденсатты кен орнын өнеркәсіптік пайдалануға берді.

Мұнай тасымалдау

Магистральды құбырлар мен  теңіз арқылы мұнайды тасымалдаудың жалпы көлемі 7,6%-ға, яғни 80 359 мың тоннаға дейін ұлғайды.  

Мұнай тасымалдау1, мың тонна  2023 (100%) 2023 (ҚМГ үлесіне) 2022 (ҚМГ үлесіне) %
ҚазТрансОйл 44 188 44 188 40 656 +8,7%
Қазақстан-Қытай Құбыры  18 806 9 403 9 618 -2,2%
МұнайТас2 5 527 2 819 2 859 -1,4%
Каспий Құбыр Консорциумы 63 474 13 171 12 183 +8,1%
Қазақтеңізкөлікфлоты 10 778 10 778 9 343 +15,4%
Жиыны - 80 359 74 658 +7,6%
1 Мұнай көлемдерінің бөлігі  екі немесе үш құбыр компаниясы арқылы тасымалдануы мүмкін және тиісінше бұл көлем мұнайды тасымалдаудың шоғырландырылған көлемінде бір реттен артық ескеріледі.
2 МұнайТас — үлес әдісімен шоғырландырылатын бірлескен кәсіпорын, осыған байланысты тасымалдау көлемі иелік ететін 51%  үлеске сәйкес көрсетілген.

Мұнайды магистральды құбырлар арқылы тасымалдау көлемі 6,5%-ға ұлғайып, 69 581 мың тоннаға жетті. Өсім ҚазТрансОйл жүйесі рқылы мұнайды Германия бағытында экспортқа тасымал көлемінің ұлғаюымен, Ақтау порты арқылы Баку-Тбилиси-Джейхан бағытында мұнайды тиеп жөнелтуімен, сондай-ақ Қашаған кен орнынан Каспий құбыр консорциумы жүйесіне мұнайды тапсыру көлемінің ұлғаюмен байланысты болды.

Мұнайды теңіз арқылы тасымалдаудың жалпы көлемі есепті жылы 15,4%-ға, яғни 10 778 мың тоннаға дейін ұлғайды. Тасымалдау көлемінің өсуіне негізінен Қазақстан мұнайын Ақтау порты - Баку порты бағыты және одан әрі Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры арқылы экспортқа шығару көлемінің  ұлғаюы себеп болды.  

Көмірсутек шикізатын сату

ҚМГ өндірген  мұнай мен газ конденсатын өткізу көлемі 7,1%-ға ұлғайып, 23 695 мың тоннаға жетті, оның 64,9%-ы экспортқа жөнелтілді.

Ішкі нарықтың қажеттіліктерін өтеу үшін Компания өндірген 8 311 мың тонна мұнай мен газ конденсаты ішкі нарыққа жеткізілді , оның ішінде операциялық активтердің (Өзенмұнайгаз, Ембімұнайгаз, Қазақтүрікмұнай және Өріктау Оперейтинг) 4 980 мың тонна шикі мұнайы  өңдеу және өңделген мұнай өнімдерін әрі қарай сату үшін Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ), Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) және Шымкент мұнай өңдеу зауытына (ПҚОП) жіберілді.

Көмірсутек шикізатын өңдеу

Көмірсутек шикізатын өңдеу, мың тонна1 2023 (ҚМГ үлесіне) 2022 (ҚМГ үлесіне) %
АМӨЗ   5 475 5 224 +4,8%
ПМХЗ 5 434 5 480 -0,9%
ПҚОП 2 870 3 103 -7,5%
Caspi Bitum 427 461 -7,4%
Петромидия 5 012 5 258 -4,7%
Вега 374 373 +0,4%
Жиыны 19 593 19 900 -1,5%
   1ПҚОП және Caspi Bitum зауыттарындағы өңдеу көлемі 50% үлесіне сай көрсетілген, басқа зауыттарда — 100%.  

2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда КСШ өңдеудің жалпы көлемі 1,5%-ға азайып,  19 593 мың тоннаны құрады:

  • Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында КСШ өңдеу көлемі 0,4%-ға азайып, 14 206 мың тонна болды. Өңдеу көлемінің төмендеуіне  негізінен ПҚОП зауытында есепті жылдың ортасында каталитикалық риформинг қондырғысында жылу алмастырғышты жоспардан тыс жөндеу және катализаторды қалпына келтіру кезіндегі жүктеменің кемуіне себеп болды. Есепті жылы АМӨЗ-де өңдеу көлемінің өсуі ПКОП-тағы өңдеудің азаюын ішінара өтеді.
  • Румыниядағы KMG International (Петромидия, Вега) зауыттарында өңдеу көлемі 4,3%-ға азайып, 5 387 мың тоннаны құрады. Өңдеу көлемі 2023 жылы жаздың ортасында жеңіл гидрокрекинг қондырғысында болған оқиғадан кейін азайды. Қондырғыда қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда, жабдықтың тұтастығын қамтамасыз етуге және қондырғыны одан әрі қауіпсіз пайдалануға байланысты реакторларды қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстарының үлкен көлеміне байланысты олардың аяқталуы 2024 жылдың бірінші тоқсанының соңына ауыстырылды.

Қазақстандық және румындық зауыттарда мұнай өнімдерін өндіру көлемі 2,7%-ға азайып, 18 138 мың тонна болды:

  • Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары 12 951 мың тонна мұнай өнімдерін өндірді, бұл ПҚОП зауытында жүктеменің азаюның салдарынан 2022 жылғы көрсеткіштерден 1,3%-ға аз;
  • KMG International (Петромидия, Вега) зауыттары мұнай өнімдерін 5,3%-ға аз өндірді, бір жыл бұрынғы 5 512 мың тоннамен салыстырғанда 5 221 мың тоннаны құрады.

Толық ақпаратты kmg.kz сілтемесі арқылы оқи аласыз

Байланыс деректері: ir@kmg.kz, тел: +7 7172 78 64 34

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ туралы:

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ) — Қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызметтер көрсетуге дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. 2002 жылы құрылған Компания еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүддесін қорғайды.

ҚМГ негізгі активтері:

  • Барлау және өндіру: Өзенмұнайгаз (ӨМГ) — 100%, Ембімұнайгаз (ЕМГ) — 100%, Қазақтүрікмұнай (ҚТМ) — 100%, ҚазМұнайТеңіз — 100%, Өріктау (ӨО) — 100%, Доңға — 60%, Урал Ойл энд Газ (УОГ) — 50%, Маңғыстаумұнайгаз (ММГ) — 50%, Қазгермұнай (КГМ) — 50%, Қаражанбасмұнай (ҚБМ) — 50%, Қазақойл Ақтөбе (ҚОА) — 50%, ПетроҚазақстан Инк (ПКИ) — 33%, Теңізшевройл (Теңіз) — 20%, Қарашығанақ — 10%, Қашаған — 16,88%.
  • Тасымалдау: ҚазТрансОйл — 90%, Қазақстан-Қытай Құбыры (ҚҚҚ) — 50%, МұнайТас — 51%, Батуми мұнай терминалы — 100%, Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) — 20,75%, Қазақтеңізкөлікфлоты — 100%.
  • Өңдеу және басқалары: ПМХЗ — 100%, АМӨЗ — 99,53%, ПҚОП — 49,72%, KMG International — 100%, Caspi Bitum — 50%, Петромидия — 54,63%, Вега — 54,63%, ҚазРосГаз — 50%, Қазақстан Петрокемикал Индастриз Инк. — 49,5%.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>