Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2023 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған өндірістік нәтижелері

01.08.2023

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі — «ҚМГ», «Компания»), Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған өндірістік нәтижелерін жариялайды. 

2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы негізгі өндірістік нәтижелер:

  • Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 10,1%-ға өсті және 11 860 мың тоннаны құрады;
  • Мұнай тасымалдау көлемі 5,8%-ға артып, 39 309 мың тоннаға жетті;
  • Қазақстан және Румыниядағы мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 4,0%-ға өсіп, 10 109 мың тоннаға жетті. 
  2023 6А(ҚМГ үлесіне) 2022 6А(ҚМГ үлесіне) %
Мұнай өндіру, мың тонна 11 860 10 774 +10,1%
Газ өндіру, млн м³ 4 789 4 110 +16,5%
Мұнай тасымалдау, мың тонна 39 309 37 157 +5,8%
Мұнай өңдеу, мың тонна 10 109 9 721 +4,0%

Өндірістік көрсеткіштер егер өзгеше көрсетілмесе, бірлескен және қауымдасқан компаниялардағы ҚМГ-нің иелену үлесіне сәйкес шоғырландырылған еншілес ұйымдар үшін көрсеткіштердің 100%-ы көрсетілген.

Көмірсутек шикізатын өндіру

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚМГ мұнайы мен газ конденсатын өндіру көлемі 10,1%-ға ұлғайып, 11 860 мың тонна мұнайға (тәулігіне 494 мың баррель) жетті. Ілеспе және табиғи газ өндіру көлемі (кері айдау көлеміне дейін) 16,5%-ға 4 789 млн м³ дейін ұлғайды.

Мұнай мен конденсат өндіру, мың тонна 2023 6А (ҚМГ үлесіне) 2022 6А (ҚМГ үлесіне) %
Өзенмұнайгаз  2 474 2 501 -1,1%
Маңғыстаумұнайгаз 1 538 1 474 +4,3%
Ембімұнайгаз 1 325 1 267 +4,6%
Теңіз 2 981 2 867 +4,0%
Қашаған1 1 536 601 +155,4%
Қарашығанақ 549 549 +0,1%
Өзгелері 1 457 1 514 -3,8%
Барлығы 11 860 10 774 +10,1%
1 ҚМГ 2022 жылдың 15 қыркүйегінен бастап жобаның 16,88% үлесіне ие 

Теңізде мұнай өндіру былтырғы ұқсас кезеңіндегі өндіру көлемімен салыстырғанда 4,0%-ға өсіп, 2 981 мың тоннаны (тәулігіне 131 мың баррель) құрады. Өсім жоспарлы өндіру көрсеткіштеріндегі өзгерістермен, сондай-ақ КҚК-дағы жағдайға байланысты былтыр көктемде енгізілген өндірістік шектеулерге байланысты болды. Ілеспе газ өндіру 1 656 млн м3 көрсетіп, 3,6%-ға артты.

Қашағанда ҚМГ үлесі былтыр қыркүйекте «Самұрық-Қазына» АҚ-ның «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК-дегі 50% үлесін кері сатып алу бойынша аяқталған мәміле нәтижесінде 8,44%-дан 16,88%-ға дейін өсуіне, сондай-ақ 2022 жылы маусымда теңіз және жерүсті кешендерде жүргізілген жоспарлы күрделі жөндеу мен былтыр тамыз және қыркүйек айларында іске қосылған жаңарған 2 шикі газ айдау компрессорының пайдалануға берілуіне байланысты  өндіру көлемі айтарлықтай өсті. Қашағандағы мұнай мен газ өндіру көлемі ҚМГ үлесіне 1 536 мың тоннаны (тәулігіне 67 мың баррель) және тиісінше 976 млн м3 құрап, 155,4% және тиісінше 162,2% өсім көрсетті.

Қарашығанақта мұнай мен конденсат өндіру көлемі 549 мың тоннамен (тәулігіне 24 мың барр.) өзгеріссіз қалды. Газ өндірісі 5,6%-ға артып, 1 109 млн м3 құрады, мұнай мен конденсат өндірісі өзгеріссіз қалып, шикі газ өндірісінің ұлғаюы кен орнында газ факторының өсуі салдарынан болды.

Операциялық активтердегі мұнай мен конденсат өндіру көлемі 0,5%-ға, сәйкесінше 6 794 мың тоннаға (тәулігіне 272 мың барр.) өсті. Мұнай және конденсат өндіру көлемі Ембімұнайгаз бен Маңғыстаумұнайгаз кен орындарында бұрғылау, ұңғымаларды күрделі жөндеу және гидравликалық қабаттың жарылуы бойынша сәтті жүргізілген геологиялық-техникалық іс-шаралар есебінен артты. Бұл ретте Қазгермұнайда қолда бар кен орнының жетілуінен өндірудің табиғи төмендеуіне байланысты өндіру деңгейінің төмендеуі байқалады. Газ өндіру ұңғымалар мен газ қабылдау тораптары арасындағы желінің өткізу қабілеттілігінің төмендеуіне байланысты көбінесе Қазақтүрікмұнайдағы көлемнің төмендеуіне байланысты 3,8%-ға, 1 047 млн м3 дейін төмендеді.

Мұнай  тасымалдау

Мұнайды магистральды және теңіз арқылы тасымалдаудың жалпы көлемі 5,8%-ға, 39 309 мың тоннаға дейін артты. 

Мұнай тасымалдау1, мың тонна  2023 6А(100%) 2023 6А (ҚМГ үлесіне) 2022 6А (ҚМГ үлесіне) %
ҚазТрансОйл 21 353 21 353 19 959 +7,0%
Қазақстан-Қытай құбыры  9 287 4 644 4 864 -4,5%
МұнайТас2 2 731 1 393 1 337 +4,2%
Каспий құбыр консорциумы 32 210 6 684 6 325 +5,7%
Қазақтеңізкөлікфлоты 5 235 5 235 4 673 +12,0%
Жиыны - 39 309 37 157 +5,8%
1Мұнай көлемдерінің бөлігі екі немесе үш құбыр компаниялары арқылы тасымалдануы мүмкін және тиісінше бұл көлем мұнайды тасымалдаудың шоғырландырылған көлемінде бір реттен артық ескеріледі.
2МұнайТас — үлес әдісімен шоғырландырылатын бірлескен кәсіпорын, осыған байланысты тасымалдау көлемі иелік ететін 51% үлеске сәйкес көрсетілген.

Мұнайды магистральды құбырлар арқылы тасымалдау көлемі 4,9%-ға артып, 34 073 мың тоннаға жетті. Негізгі өсім ҚазТрансОйл жүйесі бойынша Самара бағытында және КҚК жүйесінде Қашаған және Теңіз мұнайын тасымалдау, сондай-ақ Ақтау порты бағытында мұнайды тасымалдау көлемінің ұлғаюымен түсіндірілді.

Мұнайды теңіз арқылы тасымалдаудың жалпы көлемі 12,0%-ға, 5 235 мың тоннаға дейін артты, есепті кезеңде өсім негізінен Қара теңіз акваториясы арқылы Мидия портының (Румыния) бағытында КҚК арқылы тасымалданатын мұнай көлемінің қалпына келуіне байланысты болды.

Көмірсутек шикізатын сату

ҚМГ өндірген мұнай мен газ конденсатын сату көлемі 12,5%-ға ұлғайып, 12 164 мың тоннаға жетті, оның 65,3%-ы экспортқа жіберілді.

Ішкі нарықтың қажеттіліктерін өтеу үшін Компания өндірген 4 215 мың тонна мұнай мен газ конденсаты ішкі нарыққа жеткізілді, оның ішінде операциялық активтердің (Өзенмұнайгаз, Ембімұнайгаз, Қазақтүрікмұнай және Өріктау Оперейтинг) 2 515 мың тонна шикі мұнайы өңдеу және өңделген мұнай өнімдерін әрі қарай сату үшін Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ),  Шымкент мұнай өңдеу зауытына (ПҚОП) және Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) жеткізілді.

Көмірсутек шикізатын өңдеу

Көмірсутек шикізатын өңдеу, мың тонна 2023 6А(ҚМГ үлесіне) 2022 6А(ҚМГ үлесіне) %
АМӨЗ  2 881 2 681 +7,5%
ПМХЗ 2 772 2 839 -2,4%
ПҚОП1 1 380 1 518 -9,1%
Caspi Bitum1 201 211 -4,5%
Петромидия 2 681 2 310 +16,1%
Вега 193 163 +18,5%
Барлығы 10 109 9 721 +4,0%
1 ПҚОП және Caspi Bitum зауыттарындағы өңдеу көлемі 50% үлесіне сай көрсетілген. 

2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда КСШ өңдеудің жалпы көлемі 4,0%-ға артып, 10 109 мың тоннаға жетті:

  • Қазақстандық МӨЗ-дерде КСШ өңдеу аз көлемде 0,2%-ға азайып, 7 234 мың тонна болды. ПҚОП және ПМХЗ зауыттарында биыл жүргізілген жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарына байланысты өңдеу көлемінің азайғаны байқалды. Бұл ретте бұл төмендеу АМӨЗ-де қайта өңдеу көлемінің 200 мың тоннаға ұлғаюымен өтелді.
  • Румыниядағы KMG International (Петромидия, Вега) зауыттарындағы өңдеу көлемі 16,2%-ға азайып, 2 875 мың тоннаны құрады. Есепті кезеңде өңдеу көлемінің ұлғаюына былтыр жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Петромидия зауытын ұзақ уақытқа тоқтату және есепті кезеңде мұнай өнімдеріне сұраныстың артуы себеп болды. Биыл 21 маусымда Констанцадағы Петромидия мұнай өңдеу зауытында техникалық қызмет көрсету бойынша жүргізілген арнайы жұмыстан кейін жеңіл гидрокрекинг қондырғысында өрт шықты. Өртті зауыттың өрт сөндірушілері тоқтатып, Төтенше жағдайлар инспекциясының арнайы машиналары келгенге дейін де жағдайды толық бақылауға алды. Қазіргі уақытта түзету шараларының жоспарына сәйкес іс-шаралар жүргізілуде. Қондырғыны іске қосудың жоспарланған мерзімі — 2023 жылдың күзі. 

Қазақстандық және румындық зауыттарда мұнай өнімдерін өндіру көлемі 3,9%-ға өсіп, 9 315 мың тоннаға жетті:

  • Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары 6 519 мың тонна мұнай өнімдерін өндірді, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткіштерінен 0,4%-ға аз, оған ПҚОП және ПМХЗ зауыттарының жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарына тоқтауы себеп;
  • KMG International (Петромидия, Вега) зауыттары 2 796 мың тонна мұнай өнімдерін өндірді, бұл былтырғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 15,5%-ға жоғары. Көрсеткіштердің артуы Петромидия зауытында өңдеу көлемінің өсуіне байланысты болды. 

Есепті кезеңнен кейін 2023 жылдың 3 шілдесінде Маңғыстау атом энергия комбинатының 1-энергия блогында болған апатқа байланысты Атырау МӨЗ-і жұмысын тоқтатты. Электр қуатының өшуіне байланысты АМӨЗ-дің барлық технологиялық қондырғылары қауіпсіз жолмен тоқтатылды. Апатты жағдайдың алдын алу және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін апатты жою алгоритміне сәйкес барлық қондырғыдағы көмірсутек газы факелге бағытталды. Сыртқы желілерден келетін электр энергиясының қалпына келуіне қарай зауыттың технологиялық қондырғыларын тұрақты жұмыс режиміне қосу жұмысы басталды және 6 шілдеде АМӨЗ қайта іске қосылды.

Толығырақ ақпарат келесі сілтеме бойынша: http://www.kmg.kz/   

Байланыс: ir@kmg.kz, тел: +7 7172 78 64 34

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ туралы:

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ) — Қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызметтер көрсетуге дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. 2002 жылы құрылған Компания еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүддесін қорғайды.

ҚМГ-нің негізгі активтері:

  • Барлау және өндіру: Өзенмұнайгаз (ӨМГ) — 100%, Ембімұнайгаз (ЕМГ) — 100%, Қазақтүрікмұнай (ҚТМ) — 100%, ҚазМұнайТеңіз — 100%, Өріктау (ӨО) — 100%, Маңғыстаумұнайгаз (ММГ) — 50%, Қазгермұнай (ҚГМ) — 50%, Қаражанбасмұнай (ҚБМ) — 50%, Қазақойл Ақтөбе (ҚОА) — 50%, ПетроҚазақстан Инк (ПҚИ) — 33%, Теңізшевройл (Теңіз) — 20%, Қарашығанақ — 10%, Қашаған — 16,88%.
  • Тасымалдау: ҚазТрансОйл — 90%, Қазақстан-Қытай құбыр жолы (ҚҚҚ) — 50%, МұнайТас — 51%, Batumi Oil Terminal — 100%, Каспий Құбыр желісі Консорциумы (КҚК) — 20,75%, Қазақтеңізкөлікфлоты — 100%.
  • Өңдеу және басқалары: ПМХЗ — 100%, АМӨЗ — 99,53%, ПҚОП — 49,72%, KMG International — 100%, Петромидия — 54,63%, Вега — 54,63%, ҚазРосГаз — 50%, Қазақстан Петрокемикал Индастриз Инк. — 49,5%. 
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>