Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ АҚ-ның 2024 жылғы өндірістік көрсеткіштері

28.02.2025

Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы — «ҚазМұнайГаз»  ҰК АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания»), 2024 жылдың өндірістік нәтижелерін жариялап отыр.

2023 жылмен салыстырғанда 2024 жылдың басты өндірістік көрсеткіштері:

  • ҚМГ көмірсутегінің дәлелденген және ықтимал қоры (2P) 2,4%-ға төмендеп, 716 млн тонна м. э. құрады;
  • Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 1,3%-ға өсіп, 23 837 мың тоннаға жетті;
  • Мұнай тасымалдау көлемі 3,9%-ға ұлғайып, 83 478 мың тоннаны құрады;
  • Қазақстандық және румын мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі өткен кезеңдегі 19 593 мың тоннамен салыстырғанда 19 158 мың тоннаны құрады.
  2024 ж (ҚМГ үлесіне) 2023 ж (ҚМГ үлесіне) %
Мұнай өндіру, мың тонна 23 837 23 532 +1,3%
Газ өндіру, млн м³ 9 553 9 459 +1,0%
Мұнай тасымалдау, мың тонна 83 478 80 359 +3,9%
Мұнай өңдеу, мың тонна 19 158 19 593 -2,2%
  
Өндірістік көрсеткіштер, егер өзгеше көрсетілмесе, бірлескен және қауымдастырылған компаниялардағы ҚМГ-ның меншік үлесіне және толық шоғырландырылған еншілес ұйымдардың көрсеткіштері 100%-ға сәйкес көрсетілген. Есептеулердің көрсеткіштері мен нәтижелері дөңгелектеу арқылы көрсетілген. Сонымен қатар, кезеңдерді салыстыру кезінде мәндер жуықталмай нақты қолданылды. Компанияның пікірінше, дөңгелектеуге қатысты кез-келген ықтимал түзетулер операциялық нәтижелерге материалдық тұрғыдан әсер етпеуі керек.

Көмірсутек шикізатын өндіру

DeGolyer&MacNaughton халықаралық тәуелсіз компаниясы жүргізген, PRMS халықаралық стандарттары бойынша сәйкес дайындаған аудитіне сай 2024 жылдың 31 желтоқсанында ҚМГ көмірсутегінің дәлелденген және ықтимал қоры (2P) 716 млн тонна м. э. құрады (5 551 млн баррель м. э.). 2023 жылмен салыстырғанда қордың 2P деңгейі негізінен жер қойнауын пайдаланушыларға экономикалық макрофакторлардың әсері есебінен, сондай-ақ Қарашығанақта газ өндірудің рентабельді мерзімдерін азайту есебінен 2,4%-ға төмендеді.

PRMS бойынша таза қорлар (2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша)

Қор санаты, млн тонна м.э. 2024 ж (ҚМГ үлесіне) 2023 ж (ҚМГ үлесіне) %
Дәлелденген (1P) 452 507 -10,9%
Дәлелденген және ықтимал (2P) 716 733 -2,4%
Дәлелденген, ықтимал және болжамды (3P) 794 842 -5,8%
  
Қор санаты, млн барр м.э. 2024 ж (ҚМГ үлесіне) 2023 ж (ҚМГ үлесіне) %
Дәлелденген (1P) 3 497 3 943 -11,3%
Дәлелденген және ықтимал (2P) 5 551 5 681 -2,3%
Дәлелденген, ықтимал және болжамды (3P) 6 111 6 502 -6,0%
  
Көмірсутек шикізатын өндіру

ҚМГ мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 2024 жылы 23 837 мың тоннаны (тәулігіне 490 мың баррель), құрап, 1,3%-ға ұлғайды. Ілеспе және табиғи газды өндіру көлемі (кері айдау көлеміне дейін) 1,0%-ға ұлғайып, 9 554 млн м³ жетті.

Мұнай және конденсат өндіру, мың тонна 2024 ж (ҚМГ үлесіне) 2023 ж (ҚМГ үлесіне) %
«Өзенмұнайгаз» АҚ 5 098 4 877 +4,5%
«Ембімұнайгаз» АҚ 2 790 2 722 +2,5%
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 3 085 3 075 +0,3%
Басқа операциялық активтер 3 321 2 885 +15,1%
Жалпы операциялық активтер 14 294 13 559 +5,4%
«Теңізшевройл» ЖШС (Теңіз) 5 562 5 779 -3,7%
Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н. В. (Қашаған) 2 885 3 108 -7,2%
Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В. (Қарашығанақ) 1 097 1 086 +1,0%
Жалпы мегажобалар 9 544 9 973 -4,3%
Барлығы 23 837 23 532 +1,3%
  
Операциялық активтердегі өндіру

«Өзенмұнайгаз» АҚ-ның мұнай өндіру көлемі 4,5%-ға өсіп, 5 098 мың тоннаны, газ өндіру 2,7%-ға артып, 612 млн м³ құрады. «Ембімұнайгаз» АҚ-ның мұнай өндіру көлемі 2,5%-ға өсіп, 2 790 мың тоннаны, газ өндіру 5,5%-ға азайып, 205 млн м³ құрады. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның мұнай өндіру көлемі 3 085 мың тоннаны, газ өндіру 3,7%-ға артып, 443 млн м³ құрады. Жоғарыда аталған операциялық активтерде өндіру көлемінің өсуі 2023 жылмен салыстырғанда есепті жылы Маңғыстау атом энергия комбинаты тарапынан электр энергиясының авариялық ажырату жағдайларының  төмендеуімен, сондай-ақ өндіру көлемін ұлғайту үшін операциялық активтер қолданатын қосымша геологиялық-техникалық іс-шаралармен байланысты болды.

Басқа операциялық активтерде өндіру деңгейі 15,1%-ға ұлғайып, 3 321 мың тоннаны құрады, газ өндіру 25,6%-ға 1 024 млн м³ жетті. . Өсім негізінен 2023 жылдың соңында сатып алынған Доңға кен орнындағы өндіру көлемімен, сондай-ақ 2023 жылдың желтоқсанында Рожков кен орнында («Урал Ойл энд Газ» ЖШС) игеру жұмыстарының басталуымен  және Өріктау кен орнында жаңа ұңғымаларды пайдалануға берумен байланысты. Бұл ретте өндіру көлемі Құмкөл тобының ескі кен орындарында («Қазгермұнай» БК» ЖШС, PetroKazakhstan Inc.) қорлардың табиғи сарқылуына байланысты төмендеуін жалғастырды.

Мегажобалардағы өндіру

Теңіз кен орнында мұнай өндіру 3,7%-ға азайып, 5 562 мың тоннаны (тәулігіне 121 мың баррель) құрады. Ілеспе газ өндіру 5,9%-ға төмендеп, 3 012 млн м³ құрады. Көрсеткіштердің төмендеуіне негізінен өндірістік қондырғыларда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу ықпал етті.

2024 жылдың сәуір айында «Ұңғыма сағасының қысымын басқару» жобасының нысандарын іске қосу жұмыстары басталды. Болашақ кеңейту жобасы (БКЖ) аясында 2025 жылдың қаңтарында жаңа үшінші буын зауытында шикі мұнай өндіріле бастады. Қазіргі уақытта БКЖ-ны толық жобалық қуатына шығару үшін өндіру деңгейін кезең-кезеңімен ұлғайту жүріп жатыр.

Қашағанда мұнай өндіру көлемі 2 885 мың тоннаны құрап (тәулігіне 62 мың баррель ), 7,2%-ға төмендеді. Газ өндіру 5,1%-ға азайып, 1 863 млн м³ құрады. Көрсеткіштердің төмендеуіне есепті жылдың қазан айында слаг-кэтчер қондырғысын жоспарлы күрделі жөндеуі ықпал етті.

Қарашығанақта мұнай және конденсат өндіру 1,0% - ға артып, 1 097 мың тоннаға жетті (тәулігіне 24 мың баррель). Сұйық көмірсутектерді өндіру көлемінің өсуіне Қарашығанақ өндірістік қондырғыларында шикі газды қабатқа кері айдаудың ұлғаюы ықпал етті. Бұл ретте қабатқа кері айдауға дейін газ өндіру 6,9%-ға өсіп, 2 394 млн м³ құрады.

Мұнай тасымалдау

Магистральды құбырлар мен теңіз арқылы мұнай тасымалдаудың жалпы көлемі 3,9%-ға өсіп, 83 478 мың тоннаға жетті.

Мұнай тасымалдау1, мың тонна 2024 ж (100%) 2024 ж (ҚМГ үлесіне) 2023 ж (ҚМГ үлесіне) %
«ҚазТрансОйл» АҚ 44 887 44 887 44 188 +1,6%
«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС 18 789   9 394 9 403 -0,1%
«МұнайТас» СБҚК» ЖШС2" 5 791   2 953 2 819 +4,8%
Каспий Құбыр Консорциумы 63 007 13 074 13 171 -0,7%
Құбырлар бойынша жалпы тасымалдау - 70 309 69 581 +1,0%
Каспий теңізі 2 083 2 083 733 +184,2%
Қара теңіз 3 370 3 370 3 605 -6,5%
Жерорта теңізі 7 716 7 716 6 440 +19,8%
Жалпы теңіз тасымалы - 13 169 10 778 +22,2%
Барлығы - 83 478 80 359 +3,9%
¹ Мұнай көлемінің бір бөлігін екі немесе үш құбыр компаниясы  тасымалдауы мүмкін және тиісінше бұл көлем мұнайды тасымалдаудың шоғырландырылған көлемінде бір реттен артық есепке алынады.
² МұнайТас – үлестік әдісімен шоғырландырылатын бірлескен кәсіпорын, осыған байланысты тасымалдау көлемі иелік ететін 51% үлеске сәйкес көрсетілген.

Мұнайды магистральды құбырлар арқылы тасымалдау көлемі 1,0%-ға ұлғайып, 70 309 мың тоннаны құрады. Бұл өсім Атырау - Самара мұнай құбыры бағытында Қашаған және Қарашығанақ кен орнынан және «ҚазТрансОйл» АҚ жүйесі арқылы Каспий Құбыр Консорциумы бағытында мұнайды ауыстырып тиеумен, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттары бағытында ішкі тасымалдау көлемінің өсуімен байланысты.

Мұнайды теңіз арқылы тасымалдау көлемі 22,2%-ға өсіп, 13 169 мың тоннаға жетті. Бұл көрсеткіштің өсуі Жерорта теңізі арқылы мұнай тасымалдау көлемінің ұлғаюы есебінен Джейхан портынан тиеу көлемінің артуы, сондай-ақ Каспий теңізінде Ақтау-Махачкала және Ақтау-Баку бағыттары бойынша көлемнің ұлғаюымен байланысты.

Жүк айналымы

Жүк айналымы, млн тонна*км 2024 ж (100%) 2024 ж (ҚМГ үлесіне) 2023 ж (ҚМГ үлесіне) %
«ҚазТрансОйл» АҚ 35 526 35 526 34 208 +3,9%
«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС 16 858   8 429 8 436 -0,1%
«МұнайТас» СБҚК» ЖШС 2 395   1 221 1 141 +7,1%
Каспий Құбыр Консорциумы 81 615   16 935 17 422 -2,8%
Барлығы - 62 111 61 206 +1,5%
  
Мұнайдың жүк айналымы 1,5%-ға өсіп, 62 111 мың тоннаны құрады. Өсім мұнай өңдеу зауыттары үшін мұнайдың ішкі тасымалы көлемінің, сондай-ақ Ресей мұнайының Өзбекстанға транзитінің өсуімен байланысты.

Көмірсутек шикізатын сату

ҚМГ өзі өндірген мұнай мен газ конденсатын өткізу көлемі 1,4%-ға ұлғайып, 24 019 мың тоннаны құрады, оның 64,5%-ы экспортқа жөнелтілді.

Ішкі нарықты қамтамасыз ету  үшін ҚМГ өндірген мұнай мен газ конденсатын ішкі нарыққа жеткізу 8 519 мың тоннаны құрады, соның ішінде операциялық активтердің («Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС) 5 224 мың тонна шикі мұнайы өңдеу және мұнай өнімдерін әрі қарай сату үшін Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ), Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) және Шымкент мұнай өңдеу зауытына (ПҚОП) жеткізілді.

Көмірсутек шикізатын өңдеу

Көмірсутек шикізатын өңдеу, мың тонна³ 2024 ж (ҚМГ үлесіне) 2023 ж (ҚМГ үлесіне) %
АМӨЗ 5 547 5 475 +1,3%
ПМХЗ 5 500 5 434 +1,2%
ПҚОП 2 872 2 870 +0,1%
Caspi Bitum 327 427 -23,3%
Қазақстан МӨЗ-і бойынша барлығы 14 246 14 206 +0,3%
Петромидия 4 619 5 012 -7,9%
Вега 293 374 -21,7%
KMG International МӨЗ-і бойынша барлығы 4 912 5 387 -8,8%
Барлығы 19 158 19 593 -2,2%
  
³ ПҚОП және Caspi Bitum зауыттарындағы өңдеу көлемі 50% үлесіне сай көрсетілген, басқа зауыттарда – 100%

Көмірсутек шикізатын (КСШ) жалпы өңдеу көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 2,2%-ға қысқарып, 19 158 мың тоннаны құрады:

  • Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында өңдеу көлемі 14 246 мың тоннаны құрап, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырмалы түрде бірдей.
  • Румыниядағы KMG International (Петромидия, Вега) зауыттарында өңдеу көлемі 8,8%-ға азайып, 4 912 мың тоннаны құрады. Өңдеу көлемінің төмендеуі 2023 жылғы 21 маусымда Петромидия зауытында болған өрттен кейін жеңіл гидрокрекинг қондырғысының кештетіп іске қосылуына, сондай-ақ есепті жылдың наурыз айында зауыттың жоспарлы күрделі жөндеуге тоқтауына байланысты болды. Қазіргі уақытта KMG International зауыттары толық қуатында штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Мұнай өнімдерін өндіру

Мұнай өнімдерін өндіру, мың тонна 2024 ж (ҚМГ үлесіне) 2023 ж (ҚМГ үлесіне) %
Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары Бензин  4 300 4 257 +1,0%
Дизель  4 401 4 312 +2,1%
Басқалар  4 384 4 382 +0,04%
Барлығы  13 085 12 951 +1,0%
KMG International мұнай өңдеу зауыттары Бензин  1 266 1 371 -7,7%
Дизель  2 044 2 148 -4,8%
Басқалар  1 499 1 702 -11,9%
Барлығы 4 809 5 221 -7,9%
Барлығы Бензин 5 566 5 628 -1,1%
Дизель 6 446 6 460 -0,2%
Басқалар 5 883 6 084 -3,3%
Барлығы 17 894  18 172 -1,5%
 
Қазақстандық және румын зауыттарында мұнай өнімдерін өндіру көлемі 1,5%-ға азайып, 17 894 мың тоннаны құрады:

  • Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары 13 085 мың тонна мұнай өнімдерін өндірді, бұл өндірістік қондырғылардың тиімділігін арттыру есебінен 2023 жылғы көрсеткіштерден 1,0%-ға жоғары;
  • KMG International (Петромидия, Вега) зауыттары мұнай өнімдерін 7,9%-ға аз өндірді, бұл негізінен зауыттардағы өңдеу көлемінің төмендеуі салдарынан  4 809 мың тоннаны құрады.

Қазақстанда өндірілген ҚМГ-ның өз мұнай өнімдерін сату, мың тонна

  2024 ж 2023 ж %
  ішкі нарық эксп. барлығы ішкі нарық эксп. барлығы ішкі нарық эксп. барлығы
Бензин 1 582 - 1 582 1 529 - 1 529 +3,5% - +3,5%
Дизель 1 673 - 1 673 1 512 - 1 512 +10,7% - +10,7%
Басқалар 1 328 688 2 016 1 184 716 1 899 +12,2% -3,8% +6,2%
Барлығы  4 583  688 5 272 4 224 716 4 940 +8,5% -3,8% +6,7%
 
ҚМГ өз мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізу көлемі 6,7%-ға өсіп, 5 272 мың тоннаны құрады. Ішкі нарыққа көтерме сауда арқылы сату көлемінің ұлғаюы «Өзенмұнайгаз» АҚ және «Ембімұнайгаз» АҚ-мен өз мұнай өнімдерін одан әрі өңдеу және өткізу үшін жіберілетін мұнай көлемінің ұлғаюы, сондай-ақ 2023 жылдың өтпелі қалдықтарынан дизель отынының көлемін өткізудің ұлғаюы себебінен болды.

Толық ақпаратты https://www.kmg.kz/ сілтемесі арқылы оқи аласыз

Байланыс деректері: ir@kmg.kz, тел: +7 7172 78 64 34

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ туралы:

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ) — Қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызметтер көрсетуге дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. 2002 жылы құрылған Компания еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүддесін қорғайды. 

ҚМГ негізгі активтері:

  • Барлау және Өндіру: Өзенмұнайгаз (ӨМГ) – 100%, Ембімұнайгаз (ЕМГ) – 100%, Қазақтүрікмұнай (ҚТМ) – 100%, ҚазМұнайТеңіз – 100%, Өріктау (ӨО) – 100%, Доңға – 60%, Урал Ойл энд Газ (УОГ) – 50%, Маңғыстаумұнайгаз (ММГ) – 50%, Қазгермұнай (КГМ) – 50%, Қаражанбасмұнай (ҚБМ) – 50%, Қазақойл Ақтөбе (ҚОА) – 50%, ПетроҚазақстан Инк (ПКИ) – 33%, Теңізшевройл (Теңіз) – 20%, Қарашығанақ – 10%, Қашаған – 16,88%.
  • Тасымалдау: ҚазТрансОйл – 90%, Қазақстан-Қытай Құбыры (ҚҚҚ) – 50%, МұнайТас – 51%, Батуми мұнай терминалы – 100%, Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) – 20,75%, Қазақтеңізкөлікфлоты – 100%.
  • Өңдеу және басқалары: ПМХЗ – 100%, АМӨЗ – 99,53%, ПҚОП – 49,72%, KMG International – 100%, Caspi Bitum – 50%, Петромидия – 54,63%, Вега – 54,63%, ҚазРосГаз – 50%, Қазақстан Петрокемикал Индастриз Инк. – 49,5%, Силлено – 40%.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>