2025 жылғы бірінші тоқсандағы өндірістік нәтижелер
16.05.2025
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі — «ҚМГ», «Компания»), Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы, 2025 жылдың бірінші тоқсанына арналған өндірістік нәтижелерді жариялайды.
2024 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 2025 жылғы бірінші тоқсанына арналған негізгі өндірістік көрсеткіштер:
- Мұнай және газ конденсатын өндіру 5,8%-ке артып, 6 416 мың тоннаны құрады;
- Мұнай тасымалдау 2,9%-ке, 20 920 мың тоннаға дейін төмендеді;
- Қазақстандық және румындық мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 11,1%-ке артты және 5 137 мың тоннаны құрады.
| 2025 ж. 1-тоқсан (ҚМГ үлесіне) | 2024 ж. 1-тоқсан (ҚМГ үлесіне) | % | |
|---|---|---|---|
| Мұнай өндіру, мың тонна | 6 416 | 6 064 | +5,8% |
| Газ өндіру, млн м³ | 2 841 | 2 522 | +12,7% |
| Мұнай тасымалдау, мың тонна | 20 920 | 21 541 | -2,9% |
| Мұнай өңдеу, мың тонна | 5 137 | 4 626 | +11,1% |
Өндірістік көрсеткіштер егер өзгеше көрсетілмесе, бірлескен және қауымдасқан компаниялардағы ҚМГ-нің иелену үлесіне сәйкес шоғырландырылған еншілес ұйымдар үшін көрсеткіштердің 100%-і көрсетілген. Есептердң көрсеткіштері және нәтижелері дөңгелектеумен көрсетілген. Сонымен бірге, кезеңдерді салыстыру кезінде дөңгелектенбейтін нақты мәндер қолданылды. Компанияның пікірінше, дөңгелектеуге қатысы бар кез келген ықтимал түзетулер қаржылық нәтижелерге материалдық әсер етпеуі керек.
Көмірсутек шикізатын өндіру
2025 жылғы бірінші тоқсанға арналған ҚМГ мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 6 416 мың тоннаны (тәулігіне 540 мың барр.) құрады, бұл 2024 жылғы бірінші тоқсандағы деңгейден 5,8%-ке жоғары. Ілеспе және табиғи газды өндіру көлемі (кері айдау көлеміне дейін) 12,7%-ке, 2 841 млн м³ дейін ұлғайды.
| Мұнай мен конденсатты өндіру, мың тонна | 2025 ж. 1-тоқсан (ҚМГ үлесіне) | 2024 ж. 1-тоқсан (ҚМГ үлесіне) | % |
|---|---|---|---|
| «Өзенмұнайгаз» АҚ | 1 240 | 1 233 | +0,6% |
| «Ембімұнайгаз» АҚ | 677 | 682 | -0,7% |
| «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ | 753 | 768 | -1,8% |
| Өзге операциялық міндеттер: | 816 | 812 | +0,5% |
| Операциялық активтер жиыны | 3 487 | 3 494 | -0,2% |
| Теңіз | 1 874 | 1 500 | +24,9% |
| Қашаған | 761 | 780 | -2,5% |
| Қарашығанақ | 296 | 291 | +1,8% |
| Мегажобалар жиыны | 2 930 | 2 571 | +14,0% |
| Жиыны | 6 416 | 6 064 | +5,8% |
Операциялық активтеріндегі өндіру
«Өзенмұнайгаз» АҚ мұнай өндіруді 0,6%-ке, 1 240 мың тоннаға дейін ұлғайтты, газ өндіру 150 млн. м³ құрап, 3,9%-ке артты. «Ембімұнайгаз» АҚ мұнай өндіруі 677 мың тоннаны құрап, 0,7% қысқарды, ал газ өндіру 56 млн м³ құрап, 9,5%-ке өсті. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мұнай өндіруі 1,8%-ке азайды және 753 мың тоннаны құрады, бұл ретте газ өндіру 118 млн м³ құрады, бұл өткен жылдың бірінші тоқсанына қарағанда, 3,5%-ке көп. Операциялық активтерде газ өндірудің өсуі жоғарылатылған газ факторы бар ұңғымаларды енгізумен түсіндірілді.
Мегажобалардағы өндіру
Теңізде мұнай өндіру 24,9% ұлғайды және 1 874 мың тоннаны (тәулігіне 166 мың барр.) құрады. Ілеспе газды өндіру 1 055 млн м³ құрап, 25,8%-ке ұлғайды. Өсу Болашақ кеңейту жобасы аясында үшінші ұрпақ зауытында өндірудің басталуымен түсіндірілді (2025 қаңтар).
Қашағанда мұнай өндіру 2,5%-ке азаюын көрсетіп, 761 мың тоннаны (тәулігіне 67 мың барр.) құрады. Газ өндіру 0,4% азайып, 499 млн м³ құрады. Өндіруді азайту мұнайдағы газ құрамының өсуіне байланысты.
Қарашығанақта мұнай мен конденсатты өндіру 1,8%-ке ұлғайып, 296 мың тоннаны (тәулігіне 26 мың баррель) құрады. Өсу Қарашығанақ өндірістік қондырғыларында шикі газды қабатқа кері айдау көлемінің ұлғаюына байланысты. Бұл ретте қойнауқатқа кері айдағанға дейінгі газ өндіру 7,2% өсіп, 684 млн м³ құрады.
Мұнай тасымалдау
Мұнайды магистральдық және теңіз арқылы тасымалдаудың жалпы көлемі 2,9%-ке, 20 920 мың тоннаға дейін азайды.
| Мұнай тасымалдау1, мың тонна | 2025 ж. 1-тоқсан (100%) | 2025 ж. 1-тоқсан (ҚМГ үлесіне) | 2024 ж. 1-тоқсан (ҚМГ үлесіне) | % |
|---|---|---|---|---|
| «ҚазТрансОйл» АҚ | 10 911 | 10 911 | 11 379 | -4,1% |
| «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС | 4 847 | 2 424 | 2 384 | +1,7% |
| «МұнайТас» СБҚК» ЖШС2 | 1 479 | 754 | 751 | +0,4% |
| Каспий құбыр консорциумы | 17 849 | 3 704 | 3 568 | +3,8% |
| Құбыр желілері арқылы тасымалдау жиыны | - | 17 792 | 18 081 | -1,6% |
| Каспий теңізі | 456 | 456 | 563 | -19,0% |
| Ашық теңіздер3 | 2 672 | 2 672 | 2 897 | -7,8 % |
| Теңіз арқылы тасымалдау жиыны | - | 3 128 | 3 460 | -9,6% |
| Жиыны | - | 20 920 | 21 541 | -2,9% |
| 1 Мұнай көлемдерінің бөлігі екі немесе үш құбыр компанияларымен тасымалдануы мүмкін және тиісінше осы көлемдер мұнайды тасымалдаудың шоғырландырылған көлемінде бір реттен артық ескеріледі. 2 «МұнайТас» СБҚК» ЖШС үлестік әдіспен шоғырландырылатын бірлескен кәсіпорын болып табылады, осыған байланысты тасымалдау көлемдері 51% иелену үлесіне сәйкес көрсетілген. 3 Ашық теңіздер Қара және Жерорта теңіздерін білдіреді. | ||||
Мұнайды магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау көлемі 1,6%-ке азайып, 17 792 мың тоннаны құрады. Мұнай тасымалдау көлемінің азаюы ҚТО жүйесіне Қашаған кен орнынан мұнай тапсыру көлемдерін азайтуға байланысты.
Мұнайды теңіз арқылы тасымалдау көлемі 3 128 мың тоннаға жетіп, 9,6%-ке төмендеді. Каспий теңізіндегі тасымалдау көлемін азайтудың негізгі факторы инертті газ жүйесін орнату үшін «Тараз» танкерін жоспарлы жаңғырту үшін пайдаланудан шығару, сондай-ақ ауа райының қолайсыздығына байланысты жүк жөнелтушілердің қыста шикі мұнайды жөнелтуінің шектелуі болды.
Ашық теңіздегі тасымалдау көлемінің қысқаруы 2025 жылдың наурыз айынан бастап Aframax танкерлерінің партияларының санын КҚК бойынша бөлу жоспарларының өзгеруіне байланысты.
Жүк айналымы
| Жүк айналымы, млн тонна*км | 2025 ж. 1-тоқсан (100%) | 2025 ж. 1-тоқсан (ҚМГ үлесіне) | 2024 ж. 1-тоқсан (ҚМГ үлесіне) | % |
|---|---|---|---|---|
| «ҚазТрансОйл» АҚ | 8 704 | 8 704 | 8 691 | +0,1% |
| «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС | 4 336 | 2 168 | 2 122 | +2,2% |
| «МұнайТас» СБҚК» ЖШС2 | 635 | 324 | 308 | +5,0% |
| Каспий құбыр консорциумы | 24 316 | 5 046 | 4 547 | +11,0% |
| Жиыны | - | 16 242 | 15 668 | +3,7% |
Мұнай жүк айналымы 3,7% өсіп, 16 242 мың тоннаны құрады, ұлғаю көбінесе КҚК жүйесіне Теңіз кен орнының мұнайын тапсырудың артуымен байланысты.
Көмірсутегі шикізатын сату
ҚМГ меншікті өндірілген мұнай мен газ конденсатын сату көлемі 3,4% ұлғайып, 6 333 мың тоннаны құрады, солардың ішінде 66,1%-і экспортқа жеткізілді.
Ішкі нарықтың қажеттіліктерін жабу үшін меншікті өндірілген мұнай мен газ конденсатын ішкі нарыққа жеткізу 2 147 мың тоннаны құрады, оның ішінде мұнайды одан әрі өңдеу және мұнай өнімдерін сату үшін Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ), Шымкент мұнай өңдеу зауытына (ПҚОП) және Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) операциялық активтердің (Өзенмұнайгаз, Ембімұнайгаз, Қазақтүрікмұнай және Өріктау Оперейтинг) шикі мұнайын 1 336 мың тонна көлемінде жеткізу.
Көмірсутек шикізатын өңдеу
| Көмірсутек шикізатын қайта өңдеу, мың тонна1 | 2025 ж. 1-тоқсан (ҚМГ үлесіне) | 2024 ж. 1-тоқсан (ҚМГ үлесіне) | % |
|---|---|---|---|
| АМӨЗ | 1 423 | 1 426 | -0,2% |
| ПМХЗ | 1 545 | 1 477 | +4,6% |
| ПҚОП | 756 | 676 | +11,9% |
| Caspi Bitum | 0 | 43 | -100,0% |
| Қазақстандық МӨЗ жиыны | 3 724 | 3 622 | +2,8% |
| Петромидия | 1 338 | 943 | +41,9% |
| Вега | 75 | 61 | +22,9% |
| KMG International МӨЗ жиыны | 1 413 | 1 004 | +40,7% |
| Жиыны | 5 137 | 4 626 | +11,1% |
| 1 ПҚОП және Caspi Bitum қайта өңдеу көлемі 50% үлесінде, қалған зауыттарда — 100% көрсетілген. | |||
2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда КСШ қайта өңдеудің жалпы көлемі 11,1%-ке өсіп, 5 137 мың тоннаны құрады:
- Қазақстандық МӨЗ-де КСШ өңдеу көлемі 2,8%-ке артып, 3 724 мың тоннаны құрады. Көрсеткіштің өсуі 2025 жылдың бірінші тоқсанында барлық қазақстандық МӨЗ-де үздіксіз қайта өңдеумен байланысты, ал 2024 жылдың ұқсас кезеңінде ПҚОП күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ есепті кезеңде қуатты жылына 1,5 млн тоннаға дейін ұлғайту бойынша жаңғыртуға байланысты Caspi Bitum зауытында қайта өңдеу тоқтатылды. Өндіріс ағымдағы жылғы сәуірдің аяғында жаңартылды.
- Румыниядағы KMG International (Петромидия, Вега) зауыттарындағы өңдеу көлемі 40,7%-ке өсті және 1 413 мың тоннаны құрады. Көрсеткіштің айтарлықтай өсуі есепті кезеңдегі неғұрлым тұрақты операциялық қызметпен түсіндіріледі, 2024 жылдың бірінші тоқсанында жұмсақ гидрокрекинг қондырғысының кеш іске қосылуына және МӨЗ-де күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты қайта өңдеу шектеулі болды.
Мұнай өнімдерін өндіру
| Мұнай өнімдерін өндіру, мың тонна | 2025 ж. 1-тоқсан (ҚМГ үлесіне) | 2024 ж. 1-тоқсан (ҚМГ үлесіне) | % | |
|---|---|---|---|---|
| Қазақстандық МӨЗ-дер | Бензин | 1 314 | 1 086 | +21,0% |
| Дизель | 1 131 | 1 053 | +7,4% | |
| Өзгелері | 948 | 1 166 | -18,7% | |
| Жиыны | 3 393 | 3 305 | +2,7% | |
| KMG International | Бензин | 400 | 273 | +46,4% |
| Дизель | 534 | 459 | +16,4% | |
| Өзгелері | 431 | 290 | +48,4% | |
| Жиыны | 1 364 | 1 022 | +33,5% | |
| Жиыны | Бензин | 1 714 | 1 359 | +26,1% |
| Дизель | 1 665 | 1 512 | +10,1% | |
| Өзгелері | 1 379 | 1 456 | -5,3% | |
| Жиыны | 4 758 | 4 327 | +10,0% | |
Қазақстандық және румындық зауыттарда мұнай өнімдерін өндіру көлемі 10,0% төмендеп, 4 758 мың тоннаны құрады:
- Қазақстандық МӨЗ-дер 3 393 мың тонна мұнай өнімдерін өндірді, бұл 2024 жылғы бірінші тоқсанның көрсеткіштерінен 2,7% көп. Басқа мұнай өнімдерінің көлемінің төмендеуі өндірістік қуаттарды көбінесе АМӨЗ-де жеңіл мұнай өнімдерін шығаруға ауыстыруға байланысты.
- KMG International (Петромидия, Вега) зауыттары 33,5%-ке артық мұнай өнімін шығарды, бұл зауыттарда қайта өңдеудің қалпына келтірілген көлемдеріне байланысты 1 364 мың тоннаны құрады.
Қазақстанда өндірілген ҚМГ өз мұнай өнімдерін сату, мың тонна
| 2025 ж. 1-тоқсан | 2024 ж. 1-тоқсан | % | |||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| ішкі нарық | экспорт | барлығы | ішкі нарық | экспорт | барлығы | ішкі нарық | экспорт | барлығы | |
| Бензин | 502 | - | 502 | 407 | - | 407 | +23,4% | - | +23,4% |
| Дизель | 440 | - | 440 | 427 | - | 427 | +2,9% | - | +2,9% |
| Өзгелері | 338 | 119 | 457 | 388 | 200 | 589 | -12,9% | -40,6% | -22,3% |
| Жиыны | 1 281 | 119 | 1 400 | 1 223 | 200 | 1 423 | +4,7% | -40,6% | -1,7% |
ҚМГ өз мұнай өнімдерін көтерме саудада сату көлемі 1,7%-ке төмендеп, 1 400 мың тоннаны құрады. Басқа мұнай өнімдерінің көлемінің төмендеуі өндірістік қуаттарды көбінесе АМӨЗ-де жеңіл мұнай өнімдерін шығаруға ауыстыруға байланысты.
Полипропилен: өндіру және сату
| Полипропилен өндіру және сату, мың тонна | 2025 ж. 1-тоқсан (ҚМГ үлесіне) | 2024 ж. 1-тоқсан (ҚМГ үлесіне) | % |
|---|---|---|---|
| Өндіру | 47,7 | 28,2 | 69,1% |
| Сату | |||
| Ішкі нарық | 4,0 | 1,8 | +122,3% |
| Экспорт | 40,7 | 27,9 | +45,9% |
| Сату жиыны | 44,7 | 29,7 | +50,5% |
КРІ зауытында полипропилен өндіру көлемі 69,1%-ке артты және 47,7 мың тоннаны құрады. Ұлғаю өндірілетін маркалар санының біртіндеп ұлғаюына, 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы 2 маркадан есепті тоқсандағы 10 маркаға дейін және зауыттың өндірістік қуатқа біртіндеп шығуына байланысты.
2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда полипропиленді сатудың жалпы көлемі 50,5% өсті және 44,7 мың тоннаны құрады:
- Полипропиленді ішкі нарыққа сату көлемі 122,3% ұлғайды және 4,0 мың тонннаны құрады.
- Полипропиленді экспортқа сату көлемі 45,9%-ке артты және 40,7 мың тоннаны құрады, жеткізілімнің өсуі көбінесе Түркия мен Ресей бағытында болды.
Неғұрлым толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.kmg.kz/investors/reporting/
Байланыстар: ir@kmg.kz, тел: +7 7172 78 64 34
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ туралы:
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ) Қазақстанның жетекші тігінен интеграцияланған мұнай-газ компаниясы болып табылады. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, қайта өңдеуге және мамандандырылған қызметтерді ұсынуға дейінгі барлық өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. 2002 жылы құрылған Компания еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүддесін білдіреді.
ҚМГ негізгі активтерін мыналар қамтиды:
- Барлау және Өндіру: Өзенмұнайгаз (ӨМГ) — 100%, Ембімұнайгаз (ЕМГ) — 100%, Қазақтүрікмұнай (ҚТМ) — 100%, ҚазМұнайТеңіз — 100%, Өріктау (ӨО) — 100%, Доңға — 60%, Урал Ойл энд Газ (УОГ) — 50%, Маңғыстаумұнайгаз (ММГ) — 50%, Қазгермұнай (ҚГМ) — 50%, Қаражанбасмұнай (ҚБМ) — 50%, Қазақойл Ақтөбе (ҚОА) — 50%, ПетроҚазақстан Инк (ПҚИ) — 33%, Теңізшевройл (Теңіз) — 20%, Қарашығанақ — 10%, Қашаған — 16,88%.
- Тасымалдау: ҚазТрансОйл — 90%, Қазақстан-Қытай құбыр жолы (ҚҚҚ) — 50%, МұнайТас — 51%, Batumi Oil Terminal — 100%, Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) — 20,75%, Қазақтеңізкөлікфлоты — 100%.
- Өңдеу және басқалары: ПМХЗ — 100%, АМӨЗ — 99,53%, ПҚОП — 49,72%, KMG International — 100%, Caspi Bitum — 50%, Петромидия — 54,63%, Вега — 54,63%, ҚазРосГаз — 50%, Қазақстан Петрокемикал Индастриз Инк. — 49,5%, Силлено — 40%.