2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік нәтижелер
05.08.2024
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі — «ҚМГ», «Компания»), Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік нәтижелерін жариялайды.
2023 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы негізгі өндірістік көрсеткіштер:
- Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 1,1%-ға артып, 11 989 мың тоннаны құрады;
- Мұнай тасымалдау көлемі 6,2%-ға ұлғайып, 41 733 мың тоннаға жетті;
- Қазақстандық және румындық мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын (КСШ) өңдеу көлемі 10 109 мың тоннамен салыстырғанда 8 902 мың тоннаны құрады.
| 6А 2024 (ҚМГ үлесіне) | 6А 2023 (ҚМГ үлесіне) | % | |
|---|---|---|---|
| Мұнай өндіру, мың тонна | 11 989 | 11 860 | +1,1% |
| Газ өндіру, млн м³ | 4 840 | 4 789 | +1,1% |
| Мұнай тасымалдау, мың тонна | 41 733 | 39 309 | +6,2% |
| Мұнай өңдеу, мың тонна | 8 902 | 10 109 | -11,9% |
Өндірістік көрсеткіштер егер басқаша көрсетілмесе, бірлескен және қауымдасқан компаниялардағы ҚМГ-ның иелену үлесіне және 100% шоғырландырылатын еншілес ұйымдардың көрсеткіштеріне сәйкес берілген. Есеп көрсеткіштері мен нәтижелері дөңгелектеу арқылы көрсетілген. Сонымен қатар, кезеңдерді салыстыру кезінде мәндер жуықталмай нақты қолданылды. Компания пікірінше, дөңгелектеуге қатысты кез келген ықтимал түзетулер операциялық нәтижелерге материалдық тұрғыдан әсер етпеуі керек.
Көмірсутек шикізатын өндіру
ҚМГ мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 1,1%-ға ұлғайып, 11 989 мың тоннаны (тәулігіне 497 мың баррель) құрады. Ілеспе және табиғи газды өндіру көлемі (кері айдау көлеміне дейін) 1,1%-ға артып, 4 840 млн м³ жетті.
| Мұнай мен конденсат өндіру, мың тонна | 6А 2024 (ҚМГ үлесіне) | 6А 2023 (ҚМГ үлесіне) | % |
|---|---|---|---|
| Өзенмұнайгаз | 2 510 | 2 474 | +1,4% |
| Маңғыстаумұнайгаз | 1 530 | 1 538 | -0,6% |
| Ембімұнайгаз | 1 371 | 1 325 | +3,5% |
| Теңіз | 2 872 | 2 981 | -3,7% |
| Қашаған | 1 539 | 1 536 | +0,2% |
| Қарашығанақ | 547 | 549 | -0,3% |
| Басқалары | 1 620 | 1 457 | +11,2% |
| Жиыны | 11 989 | 11 860 | +1,1% |
Теңіз кен орнында мұнай өндіру 3,7%-ға азайып, 2 872 мың тоннаны (тәулігіне 126 мың баррель) құрады. Бұл ретте ілеспе газ өндіру көлемі 4,2%-ға төмендеп, 1 587 млн м³ құрады. Көрсеткіштердің төмендеуі есепті жылдың мамыр айында шикі газ айдау объектілерінде күрделі жөндеуге байланысты болды.
2024 жылы сәуірде Сағалық қысымды басқару жобасы объектілерін пайдалануға беру бойынша жұмыстар басталды. Жаңартылған кестеге сәйкес болашақ кеңейту жобасын іске қосу 2025 жылдың 2-тоқсанына жоспарланып отыр.
Қашағанда мұнай өндіру ҚМГ үлесіне 1 539 мың тоннаны (тәулігіне 67 мың баррель) құрап, 0,2%-ға ұлғайғанын көрсетті. Газ өндіру 2%-ға артып, 996 млн м³ жетті. Тұрақты көрсеткіштерге кен орнының өндірістік объектілеріндегі технологиялық жабдықтың сенімді жұмысы әсер етті.
Қарашығанақта мұнай өндіру көлемі 0,2%-ға артып, 547 мың тоннаны (тәулігіне 24 мың баррель) құрады. Сұйық көмірсутек өндірісінің шамалы азаюының себептері — тұрақсыз конденсатты «Конденсат» АҚ-ға жеткізу көлемінің азаюы және Орынбор газ өңдеу зауыты тарапынан газды шектеулі мөлшерде қабылдауы. Бұл ретте кен орны сарқылып, өндірілетін газ-сұйықтық қоспасында газ көлемінің ұлғаюына байланысты газ өндіру 5,8%-ға өсіп, 1 173 млн м³ құрады.
Операциялық активтерде мұнай мен конденсат өндіру көлемі 3,5%-ға 7 031 мың тоннаға (тәулігіне 280 мың баррель) дейін ұлғайды. Бұл көрсеткіш жаңадан сатып алынған Доңға кен орны есебінен, Ембімұнайгаз кен орындарында ұңғымаларды бұрғылау, күрделі жөндеу және қабатты гидравликалық жару бойынша жүргізілген геологиялық-техникалық іс-шаралар есебінен, сондай-ақ былтырғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда есепті жартыжылдықта Маңғыстау атом энергия комбинаты тарапынан электр энергиясын апатты ажырату жағдайларының азаюына байланысты өсім көрсетті. Бұл ретте Құмкөл тобының ескі кен орындарында қордың табиғи сарқылуына байланысты мұнай өндіру төмендеп келеді. Жаңадан пайдалануға берілген Рожков газ конденсаты кен орнында (Орал Ойл энд Газ) және сатып алынған Доңға кен орнында игеру жұмыстарына байланысты операциялық активтерде газ өндіру 3,5%-ға 1 084 млн м³ дейін ұлғайды. Сонымен қатар, Қазақтүрікмұнайға қарасты Шығыс Сазтөбе кен орнында газ конденсатты екі ұңғымада геологиялық-техникалық іс-шаралар өткізу салдарынан газ өндіру көлемі төмендеді.
Мұнай тасымалдау
Мұнайды магистраль және теңіз арқылы тасымалдаудың жалпы көлемі 6,2%-ға артып, 41 733 мың тоннаға жетті.
| Мұнай тасымалдау1, мың тонна | 6А 2024 (100%) | 6А 2024 (ҚМГ үлесіне) | 6А 2023 (ҚМГ үлесіне) | % |
|---|---|---|---|---|
| ҚазТрансОйл | 22 265 | 22 265 | 21 353 | +4,3% |
| Қазақстан-Қытай құбыры | 9 127 | 4 563 | 4 644 | -1,7% |
| МұнайТас2 | 2 735 | 1 395 | 1 393 | +0,1% |
| Каспий Құбыр Консорциумы | 33 210 | 6 891 | 6 684 | +3,1% |
| Қазақтеңізкөлікфлоты | 6 618 | 6 618 | 5 235 | +26,4% |
| Жиыны | - | 41 733 | 39 309 | +6,2% |
| 1Мұнай көлемдерінің бөлігі екі немесе үш құбыр компанияларымен тасымалдануы мүмкін және тиісінше осы көлемдер мұнайды тасымалдаудың шоғырландырылған көлемінде бір реттен артық ескеріледі. 2МұнайТас — үлестік әдіспен шоғырландырылатын бірлескен кәсіпорын, осыған байланысты тасымалдау көлемі 51% иелену үлесіне сәйкес көрсетілген. |
||||
Магистралды құбырлар арқылы мұнай тасымалдау көлемі 3,1%-ға ұлғайып, 35 115 мың тоннаға жетті. Өсім ҚазТрансОйл және Каспий Құбыр Консорциумы құбыр жүйесі арқылы Қашаған мұнайын ауыстырып тиеу есебінен болды.
Есепті кезеңде мұнайды теңізбен тасымалдау көлемі 26,4%-ға өсіп, 6 618 мың тоннаға жетті. Өсім мұнайды Жерорта теңізі акваториясына жөнелтетін Баку — Тбилиси — Джейхан құбыры арқылы мұнай тасымалдау көлемінің ұлғаюына, сондай-ақ Каспий теңізі акваториясына Ақтау — Махачкала және Ақтау — Баку бағыттары қарай көлемдердің ұлғаюына байланысты. Бұл ретте Қара теңіз акваториясы бойынша тасымалдау көлемінің төмендегені байқалады, бұл Петромидия зауытында жөндеу жұмыстарының жүргізілуімен және НАТО әскери жаттығуларымен түсіндіріледі.
Көмірсутек шикізатын өткізу
ҚМГ өзі өндірген мұнай мен газ конденсатын өткізу көлемі 0,4%-ға төмендеп, 12 114 мың тоннаны құрады, оның 65,4%-ы экспортқа жөнелтілді.
Ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін ҚМГ өндірген мұнай мен газ конденсатын ішкі нарыққа жеткізу 4 194 мың тонна құрады, соның ішінде мұнайды өңдеу және мұнай өнімдерін өткізу үшін Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ), Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) және Шымкент мұнай өңдеу зауытына (ПҚОП) 2 648 мың тонна көлемінде операциялық активтердің (Өзенмұнайгаз, Ембімұнайгаз және Қазақтүрікмұнай) шикі мұнайы жеткізілген.
Көмірсутек шикізатын өңдеу
| Көмірсутек шикізатын өңдеу, мың тонна1 | 6А 2024 (ҚМГ үлесіне) | 6А 2023 (ҚМГ үлесіне) | % |
|---|---|---|---|
| АМӨЗ | 2 911 | 2 881 | +1,0% |
| ПМХЗ | 2 722 | 2 772 | -1,8% |
| ПҚОП | 1 256 | 1 380 | -9,0% |
| Caspi Bitum | 165 | 201 | -17,9% |
| Петромидия | 1 731 | 2 681 | -35,5% |
| Вега | 117 | 193 | -39,3% |
| Жиыны | 8 902 | 10 109 | -11,9% |
| 1 ПҚОП және Caspi Bitum өңдеу көлемі 50% үлесіне, қалған зауыттарда — 100% үлесіне көрсетілген. 2023 жылғы 6М-мен салыстырғанда қайта өңдеу көлемінің төмендеуі негізінен Румыниядағы МӨЗ жөндеуге тоқтауымен (Петромидия, Вега), сондай-ақ ҚР-дағы МӨЗ-де қайта өңдеудің шамалы төмендеуімен байланысты (ПҚОП - да-2024 жылғы сәуірде күрделі жөндеуге байланысты, Caspi Bitum-да битумның жол-құрылыс компаниялары тарапынан әлсіз іріктелуіне байланысты өңдеу көлемі төмендеді. |
|||
КСШ өңдеудің жалпы көлемі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,9%-ға төмендеп, 8 902 мың тоннаны құрады.
- Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында КСШ қайта өңдеу көлемі ПҚОП-та 2023 жылдағы жоспарлы жөндеудің ұзағырақ болғандықтан 2,5% — ға қысқарып 7 054 мың тоннаны құрады (2024 ж. күрделі жөндеу жүргізілді, ал 2023 ж. ағымдағы жөндеу болды). Есепті кезеңде жол-құрылыс компаниялары тарапынан битумның әлсіз іріктелуіне байланысты Caspi Bitum зауытында өңдеу көлемі азайды.
- Румыниядағы KMG International (Петромидия, Вега) зауыттарында өңдеу көлемі 35,7%-ға төмендеп, 1 848 мың тоннаны құрады. Өңдеу көлемінің төмендеуі жеңіл гидрокрекинг қондырғысының кеш іске қосылуына және зауыттың биыл наурыз айында жоспарлы күрделі жөндеуге тоқтауына байланысты болды. Зауыт маусым айының басында іске қосылды, қазіргі уақытта ол толық қуатында штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Қазақстандық және румын зауыттарында мұнай өнімдерін өндіру көлемі 11,1%-ға азайып, 8 283 мың тоннаны құрады.
- Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары 6 465 мың тонна мұнай өнімін өндірді, бұл зауыттарда 2,5%- ға кем өңдеу көлемі сәйкесінше төмендеуіне байланысты 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының көрсеткішінен 0,8%-ға аз.
- KMG International (Петромидия, Вега) зауыттары бір жыл бұрынғы 2 796 мың тоннамен салыстырғанда 35,0%-ға аз 1 818 мың тонна мұнай өнімдерін шығарды. Бұған зауыттарда өңдеу көлемінің сәйкесінше төмендеуі себеп болды.
Толық ақпаратты мына сілтеме бойынша оқи аласыз: https://www.kmg.kz/
Байланыс телефондары: ir@kmg.kz, тел: +7 7172 78 64 34
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ туралы
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ — Қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызметтер көрсетуге дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. 2002 жылы негізі қаланған Компания еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүддесін қорғайды.
ҚМГ-ның негізгі активтері:
- Барлау және өндіру: Өзенмұнайгаз (ӨМГ) — 100%, Ембімұнайгаз (ЕМГ) — 100%, Қазақтүрікмұнай (ҚТМ) — 100%, ҚазМұнайТеңіз — 100%, Өріктау Оперейтинг (ӨО) — 100%, Доңға — 60%, Орал Ойл энд Газ (ООГ) — 50%, Маңғыстаумұнайгаз (ММГ) — 50%, Қазгермұнай (ҚГМ) — 50%, Қаражанбасмұнай (КБМ) — 50%, Қазақойл Ақтөбе (ҚОА) — 50%, ПетроҚазақстан Инк (ПКИ) — 33%, Теңізшевройл (Теңіз) — 20%, Қарашығанақ — 10%, Қашаған — 16,88%.
- Тасымалдау: ҚазТрансОйл — 90%, Қазақстан-Қытай Құбыры (ҚҚҚ) — 50%, МұнайТас — 51%, Батуми мұнай терминалы — 100%, Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) — 20,75%, Қазақтеңізкөлікфлоты — 100%.
- Өңдеу және басқалары: ПМХЗ — 100%, АМӨЗ — 99,53%, ПҚОП — 49,72%, KMG International — 100%, Caspi Bitum — 50%, Петромидия — 54,63%, Вега — 54,63%, ҚазРосГаз — 50%, Қазақстан Петрокемикал Индастриз Инк. — 49,5%.